Мемлекеттік тілде о?ытылатынБалб?бек тобыны? Наурыз-Думанатты Наурыз мерекесіне арнал?ан сценариі


Мемлекеттік тілде оқытылатын«Балбөбек» тобының
«Наурыз-Думан» атты Наурыз мерекесіне арналған сценариіЖүргізуші:Наурыз-қазақ халқының ежелгі мерекесі.Бұл мерекені Батыс халқыларының көбісі тойлайды.Мейрам алдында адамдар үйлерінің ішін жинап,жан-жағын тазартып қояды.Дастархан жайып,бауырсақ пісіріп,наурыз -көже пісіреді.
Наурыз-мұсылман халқында Жаңа жыл болып есептеледі.Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып,жақсы тілектер айтады,ренжістерін ұмытады.
-Балалар,Наурыз мерекесін қай жыл мезгілінде тойлайды?
Балалар:-Көктем мезгілінде!
Жүргізуші:-Дұрыс,көктемде адамдар ағаштар отырғызып,арықтарды тазартады.Көктемде табиғат оянып әсемдене түседі.
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар
Залға жігіт жүгіріп кіреді:Сүйінші,сүйінші!Дүниеге нәресте келді!
Жүргізуші:Балалар,жігіт бізге жақсы жаңалық әкелді.Жақсы жаңалық үшін сыйлық беру керек.Бұл жігітке қандай сыйлық берсек болады екен?
Біздің жігіттер әдемі би билеп берсін!
«Джентелмены»биі.
Жігіт:-Рақмет сендерге,өте жақсы билейсіңдер екен!
Жүргізуші:Сонда не болмақшы,бізде бір емес екі мереке болғаны ғой:біріншісі-Наурыз мерекесі,ал екіншісі-нәрестенің дүниеге келуі.Бірақ балаға ат қою керек емес пе?
Жігіт:-Ендеше Ұлыстын ұлы күні туылған нәрестеге Наурызбек деген ат қойғым келеді!
Көктемнің нұрындай нұр шашып,адамдарға текқана қуаныш,құт-береке әкелсін!
(Музыка ырғағымен залға қолында нәрестесі бар әже кіреді,дастархан басына отырады).
Жүргізуші:Қазақтың салт-дәстүрі бойынша нәрестенің құлағына үш рет атын айқайлап айту керек.
«Ат қою» рәсімін өткізу.
Жүргізуші:-Ал енді балаға сыйлықтарымызды берейік,тілектерімізді білдірейік.
-Үлкен ер-азамат болсын!
Қазақ халқынын арасында қызықты ойындар көп.Менде сендерге бір қызықты ойынды ойнауды ұсынамын.
«Арқан тарту» ойыны.
Алдар-Көсе кіреді:-О-о-о!Бұл жақта өте қызықты боп жатыр ғой!Нені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші:Алдар-Көсе біз Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз және Нәресте дүниеге келді!Оған Наурызбек деген ат қойдық,оған сыйлықтар сыйладық.
Алдар-Көсе:-Жәрәйсіңдар!Ендеше менде сыйлығымды тапсырайын!Мен Наурызбекке ойын сыйлаймын.
«Қазақ үй жасаймыз»ойыны.
Жүргізуші:-Қандай қызық ойын!Рақмет саған Алдар-Көсе!
Біздің қыздарымыз да сыйлық дайындапты,ол «Қуыршақтар» биі.
«Қуыршақтар» биі.
Жүргізуші:-Осымен балалар,мерекеміз аяқталып келеді.Біздің әжемізді бата беруге шақырамыз.
Әженің ақ батасы:-Ақ мол болсын!Мал көп болсын!Еліміз аман,заманымыз тыныш болсын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!