Урок на тему Сызы?ты? алгоритм т?сінігі. ?ызмет с?здері. Графикалы? к?рінісі. Сызы?ты? процеске алгоритм ж?не блок-схема ??ру. ( 6 класс)


Күні: 07.12.2015.
Сынып: 6 «А»
Пән аты: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм түсінігі. Қызмет сөздері. Графикалық көрінісі. Сызықтық процеске алгоритм және блок-схема құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр оқушы сызықтық алгоритмді, қызмет сөздерін және сызықтық алгоритмнің графикалық көрінісін, оның құрылымын түсіндіре отырып сызықтық процесске алгоритм және блок-схема құруды біледі.
Дамытушылық: Оқушыларды сызықтық алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды өздерін білімін бағалау арқылы жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, үлестірме карточкалар, слайд, жұмыс дәптері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
2.Үй тапсырмасын тексеру – 5 мин.
3.Жаңа сабақты түсіндіру – 8 мин.
4.Тәжірибелік жұмыс орындау – 15 мин.
5.Сергіту сәті – 2 мин.
6.Сабақты пысықтау (тест тапсырмалары) – 6 мин.
7.Үйге тапсырма беру – 2 мин.
8.Оқушыларды бағалау – 3 мин.
9.Рефлексия - 2
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту мақсатында сұрақтарға жауап беру:
1.Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм – бұл есептер шешімін табуға мүмкіндік беретін әрекеттер тізбегін түсінікті әрі айқын түрде сипаттау.
2.Алгоритмнің қасиеттері?
1)Дискреттілік қасиеті - алгоритмнің қарапайым қадамдар тізбегі.
2)Анықтылық қасиеті - алгоритмнің орындалуына байланысты берілген ереже дәл әрі нақты болуы қажет.
3)Нәтижелілік қасиеті - есептерді шешу алгоритмін орындаудың соңғы қадамына жету.
4)Жан-жақтылық қасиеті - берілген есептерді шешу қасиеттерін алгоритмнің кез-келген қадамында шешуге мүмкіндік беруі қажет.
3.Алгоритмді жазудың қандай тәсілдерін білесің?
1)Сөздік.
2)Графиктік.
3)Кестелік.
4)программалық.
4.Блок-сызба дегеніміз не? Тармақтармен жалғанған блоктар тізбегі. Блоктардың әрқайсысы геометриялық фигуралармен бейнеленген.
5.Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жаз:
А) y=x2
y:=sqr(x)
Б) y=x3
y:=sqr(x)*x
В) y=x
y:=sqrt(x)
IІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Есепті шешу үшін алгоритмнің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:
Сызықтық алгоритм (бірнеше алгоритмдердің тізбектеліп құрылуы);
Тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);
Циклдық алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейін командалардың қайталануы.
Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез-келген алгоритмдерді орындауға мүмкіндік береді.
2. – Сызықтық алгоритмнің базалық құрылымы?
б) әрекет 1
әрекет 2
....
әрекет N
Өмірде бірінен соң бірі орындалатын алгоритмдер өте жиі кездеседі. Мысалы: күнделікті орындалатын таңғы асты дайындау алгоритмі:
Бутерброд дайындаудың Бутерброд дайындаудың
алгоритмдік түрде орындалуы алгоритмдік түрде орындалуы
Басы

алг.таңғы ас
нан, май, ірімшік
арг. Нан, сары май, ірімшік
нәт. Бутерброд
басы
Нанды тураймыз
енгізу Нан, сары май, ірімшік
Бутерброд = нанды кесеміз+май жағамыз+ірімшік қоямыз
Май жағамыз
шығару  Бутерброд
соңы
Ірімшік қоямыз


бутерброд


Соңы

Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, мұнда командалар белгілі бір ретпен орындалады.
Басы
2-мысал: Екі санның қосындысын табу алгоритмін және блок-схемасын құру керек.
алг. Өрнек;
арг. А,в;
a,bнәт. Х;
басы
енгізу а, в;
x:=a+b
х:=а+в;
шығару  х;
xсоңы.
Соңы

Компьютермен тәжірибелік жұмыс.
1.
А) y=23(x+6) Өрнектің алгоритімін құрып блок-сызбасын сыз.
алг. Өрнек
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=23*(x+6)шығару  y
соңы
Б)Екі санның квадраттарының қосындысын табу алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
y=a2+b2
алг. Өрнек
арг. a,b
нәт. y
басы
енгізу а, в
y:=sqr(a)+sqr(b)
шығару  y
соңы
2.
А) y=1.8(x-5) Өрнектің алгоритімін құрып блок-сызбасын сыз.
алг. Өрнек
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=1.8*(x-5)
шығару  y
соңы.
Б) Екі санның квадраттарының көбейтіндісін және бөліндісін табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу.
y=a2*b2
алг. z1
арг.a,b
нәт. y
басы
енгізу а, в
y:=sqr(a)*aqr(b)
шығару  y
соңы.
3.
A) y=0.5(x+6)+3x өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
алг. Өрнек
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=0.5*(x+6)
шығару  y
соңы.
Б) Екі санның кубтарының көбейтіндісін табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу.
y=a3*b3
алг. куб
арг.a,bнәт. y
басы
енгізу а, в
y:=sqr(a)*aqr(b)
шығару  y
соңы.
4.
A) y=16x+12xөрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
алг. Өрнек;
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=16x+12*x
шығару  y
соңы.
Б) Екі санның кубтарының қосындысын табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу.
y=a3+b3
алг. куб
арг.a,bнәт. y
басы
енгізу а, в
y:=sqr(a)+aqr(b)
шығару  y
соңы
5.
A) y=x3+1 өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
алг. Өрнек
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=sqrx*x
шығару  y
соңы
Б) Екі санның қосындысы мен айырмасын түбірдің астынан шығару алгоритмін құр және блок-схемасын сызу.
x1=a+b
x2=a-bалг. түбір
арг. a,bнәт. xбасы
енгізу a,bx1:=sqrt(a+b)
x2:=sqrt(a-b)
шығару  x
соңы
6.
A) y=x23өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
алг. Өрнек
арг. x
нәт. y
басы
енгізу x
y:=sqr(x)/3
шығару  y
соңы
Б) Екі санның кубтарының бөліндісін табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу.
y=a3b3алг. есепарг.a,bнәт. y
басы
енгізу а, в
y:=sqr(a)*a/aqr(b)*b
шығару  y
соңы
Сергіту сәті: Ойлан, тап.

Француз ғалымы Блез Паскаль Швейцариялық ғалым Алгоритм атауы атақты араб
(1623-1663) математика, физика, Никлаус Вирт Паскаль програм- математигі Әбу Жафар
информатика саласында көптеген малау тілін 1968-1971жж оқып- Мұхаммед ибн Мұса
жаңалықтар ашқан. Үйренуге қолайлы программалау Әл-Хорезми есімінің
тілі ретінде ұсынған. Латынша Algorithmi (Алгоритми) болып
жазылуынан шыққан
ІV.Сабақты бекіту сұрақтары:
«Білгенімді дамыту» (тест тапсырмаларын орындау):
1. – y=x2+5 –өрнегінің алгоритм тілінде жазылуы.
а) y=sqr(x)+5
б) y:=sqrt(x)+5
в) y:=sqr(x)+5
г) y=sqrt(x)+5
2. – Сызықтық алгоритмнің базалық құрылымы?
а) әрекет 1
әрекет 2
б) әрекет 1
әрекет 2
....
әрекет N
3. y=a2+b22 өрнегінің алгоритм тілінде жазылуы
а) y:=sqr(a)+sqr(b)/2
б) y:=sqrt(a)+sqr(b)/2
в) y=sqr(a)+sqr(b)/2
г) y:=sqr(a)+sqrt(b)/2
4.блок-схема нені білдіреді?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу
г) алгоритмнің соңын
5. Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы қалай аталады?
а) программа
б) блок-схема
в) сөздік
г) кестелік
6. «Басы» сөзі жазылған эллипс нені белгілеуде қолданылады?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын
7. Тіктөртбұрыш нені білдіреді?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын
8. Командалары бірінен соң бірі орындалатын алгоритм?
а) тармақталған
ә) циклдік
б) сызықтық
в) дұрыс нұсқасы жоқ
Дұрыс жауаптары:
1 В
2 Б
3 А
4 В
5 Б
6 А
7 Б
8 Б
V.Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру және бағалау парағы арқылы оқушылардың білімін бағалау.
VI.Үйге тапсырма:
Сызықтық алгоритм түсінігі. Қызмет сөздері. Графикалық көрінісі. Сызықтық процеске алгоритм және блок-схема құру негізгі түсінік.
1. a,b,c сандары берілген. Осы сандардың көбейтіндісін есептейтін алгоритм құру.
Бағалау парағы
№ Аты-жөні Үй жұмысы Тәжірибелік
жұмыс Тест
Жалпы ұпай
саны Жалпы бағасы
1            
Үй тапсырмасы: 1 сұрақ 2 ұпай.
Тәжірибелік жұмыс: 1 есеп 2 ұпай.
Тест тапсырмалары: 1 – 4 1 ұпай, 4-8 2 ұпай.
Бағалау:
10-12 ұпай – «5»
6-9 ұпай – «4»3-5 ұпай – «3»
1. y=1.8(x-5) Өрнектің алгоритімін құрып блок-сызбасын сыз.
2. Екі санның кубтарының айырмасын және бөліндісін табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу. y=a3-b3, y=a3b31. y=23(x+6) Өрнектің алгоритімін құрып блок-сызбасын сыз.
2. Талды отырғызу алгоритмін және блок-схемасын құр.
1. y=0.5(x+6)+3x өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
2. Екі санның кубтарының қосындысын және көбейтіндісін табу алгоритмін құр және блок-схемасын сызу. y=a3+b3, y=a3*b3
1. y=16x+12x өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
2. Екі санның квадраттарының көбейтіндісін және бөліндісін табу алгоритмін құр және блок-сызбасын сыз. y=a2*b2, y=a2b21. y=x23өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
2. Екі санның қосындысы мен айырмасын түбірдің астынан шығару алгоритмін құр және блок-схемасын сызу. x=a+b , x=a-b1. y=x3+1 өрнегінің алгоритмін құр және блок-схемасын сыз.
2.Екі санның квадраттарының қосындысын және айырмасын табу алгоритмін құр және блок-схемасын сыз. y=a2+b2, y=a2-b2
Сызықтық алгоритмнің базалық құрылымы:
әрекет 1

әрекет 2

....

әрекет N
Бутерброд дайындаудың
алгоритмдік түрде орындалуы
алг.таңғы ас; } алгоритмніңт аты
арг. Нан, сары май, ірімшік; } айнымалыларды енгізу
нәт. Бутерброд; }
басы } алгоритмнің басы
енгізу Нан, сары май, ірімшік; }
нан кесу май жағу ірімшік қою әрекеттердің орындалуы
шығару  Бутерброд; } нәтижені шығару
соңы. } алгоритмнің соңы
Бутерброд дайындаудың
Б
лок-сызба түрінде орындалуы
басы

нан, май, ірімшікмай, ірімшік

Нанды тураймыз

Май жағамыз

Соңы
бутерброд май, ірімшік
Ірімшік қоямыз