?АЗА?СТАННЫ? КЛИМАТЫ. КЛИМАТ ?АЛЫПТАСТЫРУШЫ ФАКТОРЛАР


Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Тақырыбы Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар
Сыныбы 8
Күні 24.11.16ж
Мақсаты Қазақстан климаты жайлы түсініктерін қалыптастырады. Теориялық білімдерін өмір мен байланыстырып, қолдана алады
Міндеттері Күтілетін нәтижесі Қазақстан  аумағындағы жиынтық күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) және таралу заңдылықтар туралы түсінік қалыптасады.
Ресурстар Қазақстанның физикалық географиясы 8сынып
Кіріспе «Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» Оқушылар шаттық шеңберін құрып, орындықтарға отырады
(әр оқушы  қағазға өз атын жазып, сағат тілімен көршісіне ұсынады.Көршісі оның жақсы бір қасиетін жазады. Солай айналып өзіне келгенше жүргізіледі. Өзі туралы жазылған жақсы пікірлерді оқып, көңіл-күйі жақсарады) 2 мин
Оқушыларды кен орындары бейнеленген пазлдар арқылы 4 топқа бөлемін Ріетм Темір Марганец Ганмацер Алтын Налыт Фосфорит Иторфсоф
Үй тапырмасы
7мин «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын.1. Қазақстанда қанша марганец кен орны бар?
2. Марганец ірі кен орындары қандай?
3.Республикадағы марганец рудасының қоры қанша?
4.Республика марганец рудасының қоры жөнінен дүне жүзінде нешінші орында?
5.Қазақстандағы хромит кен орнының 99% қайда орналасқан?
6.Кемпірсай және Дөң кен орындарыдарындағы хромиттің сапасы қандай?
7.Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері бойынша дүние жүзінде нешінші орында?
8.Қазақстан әлемнің неше еліне хром шығарады?
9. ТМД елдері ішінде хромиттің қанша мөлшері Қазақстанда өндіріледі?
10.Қазақстанда есепке алынған хром кен орны қанша?
11. Хромның жалпы қоры қанша?
12.Қазақстандағы никельдің мол қоры қайда орналасқан?
13.Никельдің 40 – тан аса ірі кен орындары қай жерде шоғырланған?
14. Қазақстандағы мыс рудасының ірі кен орны:
15..Жезқазған мыс кен орны қоры бойынша ТМД елдерінде нешінші орында?
16.Қазақстан мыс өнімінің неше % шетелге шығарады?
17 Мысты кен орындарының ең ірілері қайсысы?
18.Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары қандай?
19.Сирек кездесетін металдар вольфрам, ванадий, молибден, висмут, сүрме қай жерде көп тараған?
20.Қазақстан фосфорит қоры жөнінен дүние жүзінде қай елден соң екінші орынға ие?
Тұсаукесер
«Миға шабуыл». 3мин Проблемалық сұрақтар
Климат жайлы не білесіндер?
Климат қалыптастырушы факторлар қандай?
Негізгі бөлім
қолдану
талдау
Топпен жұмыс
Әр топқа тапсырма беріледі: Мұғалім бағыт, бағдар береді.
3 топқа үлестірмелі материал және флипчарт, түрлі-түсті маркерлер беремін. «Ақыл-ой» әдісі арқылы жаңа тақырыпты флипчартқа түсіру.
1 топ-Қазақстанның климаты 83бет
2-топ-Климат қалыптастырушы факторлар 83-84бет
3 топ-Күн радиациясы 84-85 бет
4топ- Күн радиациясының жер бетіне жетуі неге байланысты 86бет
Берілген материалды талқылап, флипчартқа түсіріп, постерді топ болып қорғайды.
1-3топ - тақырыпты оқып, Картадан Петропавл,Астана, Қарағанды,Жезқазған.Тараз және Шымкент,қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар
2-4 топ тақырып бойынша Қазақстан аумағындағы 660
Меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

«Серпілген сауал». 5мин / жұптық жұмыс/
Мәтін бойынша материалдың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды үлестіремін.
54051202583180Мәтін бойынша сұрақтар тізбегі:
-.​  Қазақстандағы климат қалыптастырушы факторлар :
-Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері неге байланысты?
-Жер бетіне түсетін күн сәулесінің неше пайызын атмосфера кері шағылыстырады?
-Жер бетіне жеткен күн радиациясы қалай аталады?
- Күн сәулесінің атмосферадағы су булары, шаң-тозақ, бұлттар өздеріне сіңіріп, шашыратып таратуы қалай аталады?
-Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы қалай аталады?
-Қыста күн сәулесінің түсу бұрышының аздығына, күннің қысқалығына, қардың күн сәулесін шағылыстыруына байланысты күн радиациясының мөлшері қалай өзгереді-Қазақстандағы жылдық жиынтық радиациясының мөлшері оңтүстікте қанша ккал?
-Қазақстанның солтүстігінде жылдық жиынтық радиация қанша ккал?
Сергіту сәті Гүл сыйлайықшы бәріміз!!!!
Қорытынды бөлім
Жинақтау
/топтық жұмыс/
Сабақты бекітуге «Фишбоун»әдісін қолданамын. Флипчартқа балық суретін салып, оның басына сабақтың тақырыбы жазылады, қабырғаларына әр топ өз сұрақтарын жазып, келесі топқа ұсынады.Балықтың құйрығына әр топ қорытынды ой жазып, дауыстап оқулары керек.
«Өзін-өзі бағалау» парағын толтыруКритериалды бағалау шкаласы:
«5» - 12-15 балл    
«4» - 8-11 балл       
«3» - 4-7 балл          
«2» - 0-3 балл

Өзін –өзі бағалау, көшбасшының бағалауы, мұғалімнің бағалауы. 3мин
Оқушының аты-жөні«Сұрақтар шеңбері» «Ақыл-ой картасы» «Фишбоун» «Тест тапсырмасы» Қорытынды ұпайБағалауРефлексия «Екі жұлдыз бір тілек» 1 мин
Үйге тапсырма
2 мин § 20 оқу,
83-86бет.
7 тапсырма
Қарама – қарсы сұрақтар:
1​ Тропиктік ауа масасы Қазақстанның қай облыстарын қамтиды? (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы)
2​ Солтүстік мұзды мұхит ауа массасы Қазақстанға қалай өтеді? (Кедергісіз)
3​ Тропиктік ауа массасы Қазақстанға қай жерден келеді?
(Орта Азия, Ирак)
4​ Тыңық мұхиты мен Үнді мұхитыңың ауа массалары Қазақстанға не себепті жетпейді?
(Биік таулар кедергі болып тұр)
5​ Қазақстан жерінде қыста ауа қысымының жоғарылау себебі не? (Арктикалық ауа массасы енуіне байланысты )Мына терминдерге түсінік бер:
Климат
Циклон
Атмосфералық қысымАнтициклон
Изотерма Изогиета
МетеоралогияПсихометрТропосфера
Атмосфералық фронт
9 тапсырмаСәйкестендір:
Гигрометр
Жауын – шашын өлшегішБарометр
Анемометр
ТермометрЖауын - шашын мөлшерінЖелдің жылдамдығынАтмосфералық қысымдыАуа температурасынАуа ылғалдылығын10 тапсырмаҚазақстанда қанша марганец кен орны бар?
(11)
166.​ Марганец ірі кен орындары қандай?
(Атасу мен Жезді)
167.​ Республикадағы марганец рудасының қоры қанша?
(408 млн т)
168.​ Республика марганец рудасының қоры жөнінен дүне жүзінде нешінші орында?
(екінші)
169.​ Қазақстандағы хромит кен орнының 99% қайда орналасқан?
(Мұғалжар тауында)
170.​ Кемпірсай және Дөң кен орындарыдарындағы хромиттің сапасы қандай?
(жоғары сапалы)
171.​ Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері бойынша дүние жүзінде нешінші орында?
(екінші)
172.​ Қазақстан әлемнің неше еліне хром шығарады?
(40 еліне)
173.​ ТМД елдері ішінде хромиттің қанша мөлшері Қазақстанда өндіріледі?
(97%)
174.​ Қазақстанда есепке алынған хром кен орны қанша?
(21)
175.​ Хромның жалпы қоры қанша?
(430 млн т)
176.​ Қазақстандағы никельдің мол қоры қайда орналасқан?
(Мұғалжар тауында)
177.​ Никельдің 40 – тан аса ірі кен орындары қай жерде шоғырланған(Кемпірсай кен орнында)
178.​ Қостанай облысындағы сапасы жоғары никель кен орындары қандай?
(Аққара, Ақтау)
179.​ Қазақстандағы алюминийдің негізгі шикізаты не?
(боксит)
180.​ Алюминийдің қанша кен орны ашылған?
(200)
181.​ Алюминий кен орындары қайда шоғырланған?
(Сарыарқаның солтүстік-шығысында)
182.​ Қазақстандағы мыс рудасының ірі кен орны:
(Жезқазған)
183.​ Жезқазған мыс кен орны қоры бойынша ТМД елдерінде нешінші орында?
(бірінші)
184.​ Қазақстан мыс өндіру жөнінен дүние жүзінде нешінші орында?
(жетінші)
185.​ Қазақстан мыс өнімінің неше % шетелге шығарады?
(92%)
186.​ Мысты кен орындарының ең ірілері қайсысы?
(Қонырат, Бозшакөл)
187.​ Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары қандай(Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян)
188.​ Полиметалдың ірі кен орындары қайда ?
(Текелі, Ащысай, Мырғалымсай)
189.​ Қазақстанда алтының қанша кел орны бар?
(196)
190.​ Алтын кені кездесетін жерлер:
(Алтай, Қалба жотасы)
191.​ Сирек кездесетін металдар вольфрам, ванадий, молибден, висмут, сүрме қай жерде көп тараған?
(Орталық Қазақстан)
192.​ Қазақстан фосфорит қоры жөнінен дүние жүзінде қай елден соң екінші орынға ие?
(АҚШ)
193.​ Қазақстандағы ірі фосфорит кен орны:
(Қаратау)