Коучинг на тему: Топты? ж?мыс — м?селені бірлесіп шешуді? басты ??ралы


Коучинг тақырыбы: «Топтық жұмыс – мәселені бірлесіп шешудің басты құралы»
Тыңдаушылар: 14 адам мектеп мұғалімдері
Өту мерзімі: 27.01.2015 ж
Өту орны: мектептің қазақ тілі кабинеті
Мақсаты: Мұғалімдерге топтық жұмыстың мәселені бірлесіп шешудегі тиімді әдіс екенін жеткізу.
Түйінді идеялар Мұғалімдер сабақтарында топтық жұмысты пайдаланып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра алатын болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытады.
Оқыту нәтижесі Топқа бөлудің әдістерін үйренеді, топ ережесін сақтауды, бағалау түрлерімен таныс болады.
Уақыт Коуч-сессияның мазмұны Коучтың іс-әрекеті тыңдаушылардың іс-әрекеті бақылаулар
3 минут Жағымды психологиялық ахуал тудыру «Әндететін фонтандар» видеосын көрсету Тыңдап, эстетикалық ләззат алады Барлық тыңдаушылар мұқият тыңдап отырды, ұнамды болды.
3 минут «Миға шабуыл» Әр мұғалімге жеке-жеке тапсырма беріледі, әртүрлі саладан сұрақтар Сұрақтарға әр мұғалім жауап іздеуге тырысады Мұғалімдер жеке жеке отырып, сұрақтарға жауап іздегенде қатты қиналды.
2 минут Топқа бөлу Өздеріңіздің қолдарыңыздағы сұрақтардың типіне байланысты «Техниктер» және «Гуманитарлар» топтарына бөлу Қатысушылар 7 адамнан екі топқа бөлініп отырады Мұғалімдер тез арада бөлініп орналасты
10 минут Топтық жұмыс Әр топқа МАН-нан алынған топтық жұмысты ұйымдастыру ережесін таратып беру Топ мүшелері мәтінмен танысады, постер құрайды, өз тобынан елші сайлап, келесі топқа түсіндіруге жібереді Постер қорғаған кезде «Гуманитар» тобы уақытты тиімді пайдалана алмады, «Техниктер» тобы жақсы жұмыс жасады, себебі олардың тобында ІІІ деңгей бітірген мұғалім болды.
2 минут Сергіту сәті «Финская трицаца» сергіту сәтін қосады Қатысушылар барлығы қайталап орындайды, көңіл-күйлерін көтереді Барлық қатысушылар белсенді болды
2 минут Топқа бөлу «Молекула» стратегиясын пайдаланып топқа бөледі Қатысушылар қайтадан екі топқа бөлінеді 5 рет шапалақтаса екі адамнан, 7 рет шапалақтаса 7 адамнан тұратын топ құрылады
5 минут «Пікірлер алаңы» «Карусель» стратегиясын пайдаланып, әр топқа екі түрлі плакатқа «Топтық жұмыс тиімді» деген пікірлер, ал келесісіне «Топтық жұмыс тиімсіз» деген пікірлерді стикерлерге жазу ұсынылады Әр топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін стикерлерге жазып постерге жапсырады, сосын келесі топқа береді, олар ол пікірмен келіссе «+» таңбасын, келіспесе «-« таңбасын қояды, сосын плакаттар топтарға қайтып оралады және қайтадан талданады Барлық пікірлер топ мүшелерінің пікірлесуімен жазылды, талқылау да топ мүшелерінің толық қатысуымен жүрді
3 минут Қорытындылау Стикерлер таратып «Топтық жұмыс мәселені бірлесіп шешудің басты құралы» деген пікірмен келісесіздер ма? Сұрағына жауап алу Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып, коучқа береді Барлық қатысушы келісеміз деп жазды
2 минут Рефлексия Коучинг барысын бағалау:
- ашық алақан – мақсатқа жеттік, түсінікті;
- 3 саусақ жоғары - жартылай түсіндік, әлі де білсек дейміз;
- жұдырық- ештеңе түсінген жоқпыз;
Қатысушылар алақан, саусақ немесе жұдырықтарын көрсете отырып коуч-сессия барысын бағалайды Бірнеше мұғалім мақсатқа жеттік десе, қалғандары әлі де біле түссек деген бағалау ұсынды