Ашы? саба? Жеті ?азынаны? бірі Нуртаева Роза Н?рмади?ызы бастауыш сынып м??алімі


Х.Жұмабаев атындағы Қарсақ бастауыш мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жеті қазынының бірі
2-сынып
Өткізген: Нұртаева Р.Н.
2014-2015жж.
Сабақтың тақырыбы: Ауа.Ауаның қасиеті.
Сабақтың мақсаты: Ауа турал ы түсінік бере отырып,оның түссіз және мөлдірболатынын ұғындыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Әңгімелесу,оқулықпен,дәптермен жұмыс.
Сабақтың құралдары: оқулық,доп,шар,әртүрлі суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберіне шақыру.
-Балалар, көңіл күйлерің қалай? Мен сендерге әлемдегі барлық жақсылықты тілеймін. Бір-бірлеріңе күлімдеп қарап , жақсы тілектеріңді айтыңдар.
Орындарына отырғызып ,жұмбақ шештіру:
-Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді(Ауа)
-Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз ауа және оның қасиеттері.
-Ауа туралы білетіндерін сұрап, айтқан барлық жауаптарын тақтаға жазамын.

Ауа



-Ауа қай жерлерде болады?Дәлелде.
-Оны көзбен көруге бола ма?
-Ауаның пішіні бола ма?
Сергіту сәті:Шарларды үрлету.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді кезектесіп оқу.Оқушылар керек деген жерлерін қарындашпен түртіп алады,белгілейді.
Әңгімелесу.
-Өздеріңе керекті қандай мәлімет алдыңдар?Өзара пікірлерін айтады.
-Тәжірибе жұмысын жүргіземіз.Оқушыларды бес топқа бөліп,әр топқа арнайы нұсқа жазылған парақшалар тарату.
Әр топ өз тәжірибесін орындап ,қорғайды.
Дәптермен жұмыс
Ауаның қасиеттері туралы өз ойларын жазады.
Сабақты қорытындылау:
Білемін,білгенім,білгім келеді әдісін қолдана отырып сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:Мәтінді оқу,сұрақтарға жауап беру.