Жалпы білім беретін ж?не арнайы п?ндерге арнал?ан ?азіргі жобалауды? ?лгілік ??рылымы та?ырыбы: Таби?и материалдармен ж?мыс


Қазақстан, Қарағанды
Аманбекова Нургул Азибековна
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі
Жоғары санатты оқытушыЖалпы білім беретін және арнайы пәндерге арналған қазіргі жобалаудың үлгілік құрылымы
Пәні: Технология және оқыту әдістемесі
Тобы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру
Оқытушының Т.А.Ә. Аманбекова Нургул Азибековна.
І.Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс.
Сабақтың типі: білімді, дағды мен ептілікті жетілдіру сабағы.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Мақсаты:Табиғи материалдар түрлерімен таныстыру, табиғи материалдар түрлерін қолдана бұйымдар дайындау.
Міндеттері:
а) білімділік Табиғи материалдар түрлері, топтастыру, нұсқау картамен жұмысты ұйымдастыру, қосымша әртүрлі материалдарды қолдана білуге үйрету.
ә) тәрбиелігі қауіпсіздік ережесін сақтау, жұмыс орнын ұйымдастыру, тақырыптары, шеберліктерін арттыру, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық деңгейлік тапсырмалар бойынша аппликациялық жұмыс, көлемді құрастыру, композициялық жұмыстар орындау, сабақтың жоспарын құру, көрме.
ІІ. Күтілетін нәтиже:
а) оқушылар білуі тиіс: жұмыс орнын ұйымдастыруды, қауіпсіздік ережесін,табиғи материалдар аттарын.
ә) оқушылар игеруі тиіс: табиғи материалдар түрлерін, нұсқау картамен жұмысты орындауды, қосымша материалдар түрлерін қолдануды.
б) оқушылар меңгеруі тиіс: аппликациялық жұмысты орындауды, көлемді бұйым дайындауды, композициялық жұмысты орындауды, сабақтың жоспарын құруды.
ІІІ.Сабақ барысының әдістері мен тәсілдері:
ауызша түсіндіру, нұсқау, ойындық, тәжірибелік, ТСО, сұрақ – жауап, табиғи материалдардан көрме
Қолданылатын технология: деңгейлік тапсырмалар, ақпараттық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1.Мотивациялық қызығушылығын арттыру:
Табиғи матералдармен жұмысқа керекті құралдар мен жабдықтарды алу. Әр тапсырмаға табиғи материалдарды жеке-жеке дайындау. Барлығымыз бүгінгі сабаққа жұмыс орнымызды даярлайық. Сабаққа керекті құралдар мен жабдықтарымызды аламыз.
2.Ұйымдастырылған ізденіс.
Экранмен жұмыс. Табиғи материалдар түрлері айтылады. Қосымша материалдар, құралдармен жабдықтар, қауіпсіздік ережесі. Жұмыс дәптеріне табиғи материалдар аттарын жазу. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы табиғи материалдармен жұмыс. Сабақтың мақсатын айту. Экран арқылы түсіндіру. Дәптерге жазып отыру. Бірінші өсетін табиғи материал, олар: бүршіктер ( шырша, қарағай, кипарис, самырсын, бал қарағай), жаңғақтар ( орман жаңғағы, бал қарағай жаңғағы, грек жаңғағы, жер жаңғағы, каштан жаңғағы, емен жаңғағы), қабықтар ( емен, қарағай, қайың), бұтақтар, ағаш бүрлері, өсімдік тамырлары, түрлі өсімдік жапырақтары, гүлдер ( итмұрын), түрлі дәндер ( жүгері ), ши, мамық материалдар ( мақта, қамыс) жатады. Мал өнімінен алынатын табиғи материалдар, олар: мүйіз, тұяқ, сүйек, тері, жүн сонымен қатар жұмыртқа қабыршығы, қауырсын, ұлутас жатады. Өлі табиғи материалдарға немесе географиялық материалдарға құм, тас, сазбалшық және ермексазды жатқызамыз.
Табиғи материалдардың мұндай түрлерінен таңғажайып туындылар дайындауға болады. Көрмеге тоқталу. Олардан қиял – ғажайып ұқсастықтарды таба білу, заттар үлгілерін таңдай да жасай да білу керек. Табиғи материалдардың бұндай түрлерімен жұмыс жасау балаларды талғампаздылыққа, көрегенділікке, ізденімпаздыққа, ісмерлікке, шеберлікке тәрбиелейді.
Енді осы табиғи материалдарды топтастырайық (қосымша). Сонымен табиғи материалдар үш топқа бөлінеді. Экранмен жұмыс.
3.Практикалық жұмыс.
Қәзір осы табиғи материалдармен деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Бірінші деңгей бағалануы үшбұрыш, яғни, қанағаттанарлық. Барлық оқушы міндетті түрде орындайды. Егер оқушы осы деңгейден аса алмаса, журналға қанағаттанарлық бағасы қойылады.
Видео- сұрақ: табиғи материалмен аппликациялық жұмыста қандай табиғи материал түрін желімсіз жабыстыруға болады және бұл кезде қандай қағаз түрін қолданылады. Жауабы: мақта, бархат қағазы.
Нұсқау картасы №1
Тақырыбы: Мақтадан аппликация
Балықтың бейнесін дайындау
№ Бұйымның орындалу реті Жасалу әдісі
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Керекті материалдарды дайындау
Дайын суретті қатырма қағазға көшіру
Балық денесін мақтадан дайындау
Балықтың көзін
басқа да бөлшектерін түрлі - түсті қағаздан дайындау
Жабыстыру жұмыстары
Жұмысты аяқтау Іріктеу
Шаблонды бастыру
Тегістеу
Өлшеу,белгілеу, қию
Жабыстыру
1 деңгейдегі жұмысқа қосымша
1.Атауы
2.Жұмысты қорғау(араларынан өздері таңдайды)
3.Мәлімет беру(ақпарат )
Экранда түстер таблосы берілген, осы түстерді ашу арқылы қандай бейне жасырынғанын айту. Жауабы: балық. Бірінші деңгей тапсырмасы нұсқау карта бойынша орындалады. Оқушылар тапсырманы өз бетімен орындайды. Бағаланады. Жұмыстарын көрмеге қояды.
Екінші деңгей.
а) Экранда мозайканы құрастыру ( қосымша )
ә) Құмыраны нұсқау картамен дайындайды.
б) Өлшем бірліктері экранда түсіндіріледі ( қосымша)
Дұрыс орындай алған оқушы шаршы, яғни, жақсы осы деңгейдің тапсырмасынан аса алмаса, журналға төрт бағасы қойылады.
№ 2 нұсқау карта
№ Жасалатын бұйым атауы Пайдаланылатын табиғи материалдар Қосымша материалдар Жасау әдісі
1
Ваза(құмыра) Жұмыртқа қабығы, гүлдер,
жапырақтар. Түрлі –
түсті қағаз Өлшеу, белгілеу, қию, желімдеу, әшекейлеу.
2 деңгейдегі жұмысқа қосымша
Бұйымды сипатта:
(араларынан өздері таңдайды)
Атауы
Қолданылуы
Негізгі материалы: (жасалуы)
Үшінші деңгей. Бұл эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушы жаңа тақырып бойынша негізгіні қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма. Дұрыс жауап бере алған оқушы 1-2 деңгейден жинаған бағаларына баға қосып, журналға өте жақсы деген баға қойылады.
Үшінші деңгейдегі жұмысқа нұсқау (ұжымдық жұмыс)
Шығармаға ат қой.
Жұмысты талда.
Барлық топқа мақал- мәтел жасырылады. Мақал- мәтел жауаптарын шешкен топтар тапсырмаларды кезекпен- кезек алады.
1/ ...........– мінсең ат,
...........– қанат.
........... – жанат,
Ішсең – ........... .
2/ ........ерлікке жеткізер,
........елдікке жеткізер.
3/ Еңбек етсең –.......,
Еңбегіңе .......... .
Есің жиып, ...... ......,
Елге жетіп ......... .
1-топқа жапырақтардан композициялық жұмыс.
2-топқа табиғи материалдар түрлерінен композициялық жұмыс.
3-топқа тақырыптық композициялық жұмыс.
Оқушылар қолда бар табиғи материалдар түрін қолданады. Мұнда тапсырмаларды бөліп алады.
Сабақ жоспарларымен таныстыру. Экранда сабақ құрылымы түсіндірледі. Сонымен табиғи материалдармен жұмыста:
1.Жұмыс орнын дайындау.
2.Құралдар мен жабдықтар.
3.Бұйым бойынша табиғи материалдарды іріктеу.
4.Қауіпсіздік ережесі.
5.Жұмысты ұйымдастыру.
6.Жұмыс жоспарын құру.
7.Бұйымды талдау және орындау.
8.Көрме ( ынталандыру жұмысы).
9. Жұмыс орнын жинау.
4. Рефлексия
Ағаштың бейнесінде бірнеше жапырақтар ілінген, бұл жапырақтың артында әріп жазылған (ойын, сұрақ- жауап).
1.Теріден жасалған ыдыстарды ата ( торсық, қауға, дорба )
2.Арқар және таутеке мүйізінен жасалған ожау ( қымыз ожау )
3.Қойдың асықты жілігінен жасалған бесік бұйымы ( шүмек )
4.сұрақ, «Ж» әріпінен басталатын табиғи материалдарды ата ( жаңғақ, жапырақ, жүгері, жұмыртқа, жүн )
5.сұрақ, «Қ»әріпінен басталатын табиғи материалдарды ата ( қайың, қабық, қамыс, құм )
6.сұрақ, «Б»әріпінен басталатын өсетін табиғи материалдарды ата ( бүршік, бұтақ, бүрлер )
7.сұрақ, «Т» әріпінен басталатын мал өнімінен алынатын және өлі табиғи материалдарды ата ( тұяқ, тері, тас )
8.сұрақ, табиғи материалдарға байланысты балалармен жүргізілетін жұмыстың «С» әріпінен басталатын түрлерін ата ( саяхат, серуен, сабақ )
9.сұрақ, «Қ» әріпінен басталатын табиғи материалдармен жұмыста қолданылатын құрал- жабдықтарды ата ( қайшы, қатырма қағаз, қырғыш )
Оқушылар сөздері:сабаққа байланысты өз ойларын айтады.
1.Мен бақыттымын...
2.Қандай жақсы...
3.Бүгінгі күн.....
4. Рахмет......
5.Жұмыс орнын жинау.