Та?ырыбы: «Наша?орлы? — ?асыр ?асіреті» 9 сынып


Бекітемін:
Күні: 14.10 .2016 ж.
Тақырыбы: «Нашақорлық - ғасыр қасіреті»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Нашақорлық ғасыр қасіреті» презентация, ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр суреттер.
І. Кіріспе сөзІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндамаІІІ. Нарколог кеңесіІV. РефлексияМұғалім сөзі:І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгін сіздерге сыныбымыздың «Нашақорлық ғасыр қасіреті» атты тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы қатысып отыр.
Елбасының «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,Жастық шағың өміріңнің кемелі.Күте білсең саулығыңды өрелі,Табиғаттың бергеннен көп берері.
ІІ. Жанзақов Досбол: Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» - болғанын білеміз.
Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық.
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.
Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады. 
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз,  қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып,  арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі   бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі,  қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа,  есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.
Маратқызы Аружан: Осы орайда  «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің  мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын,  от басында  ата-ана мен бала бір-біріне суық,  рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде,  «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.
Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет  туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.
Күнен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:
 - біріншіден,  12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған,  адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар.Сонымен  қатар,  есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жас өспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.
- Екіншіден нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді  немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.
- Үшіншіден мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді, білім және маман әлеуетінің (потенциалын) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық  бұзылады. Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады: 1 нашақор 10 адамның өмірін  бұзады. Соңғы  жылдары  елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда. Есірткі заттарының аса қымбат еместігі, оларға іс жүзінде еш  кедергісіз қол жеткізудің мүмкіндігі  нашақорлар қатарының кемімей,  қайта керісінше үнемі артып отыруына алып келді.
Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді.    
ІІІ. Нарколог кеңесі.Жанзақов Досбол:Сөз кезегін мектептің дәрігер маманына береміз.Маманға сұрақтар қоямыз:1. Нашақорға заң несімен қауіпті?2. Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?3. Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?ІV. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)Бимбет Нұрдәулет:Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақөміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақөмірімізге неге балта шабамыз?Хормен:Өз өміріміз үшін күресе білейік!Салауатты өмір салтын қолдаймыз!Кері байланыс.1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады [1]. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді. Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңбе-рінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын [2]. Бірақта менің ойымша осындай ізгілендірудің салдарынан нашақорлар көбейіп кетпей ме, деген ой туындайды. Олар қылмыстық жаза қолданылмайтынын біле тұра одан сайын құлшына нашақорлықпен айналысуы мүмкін. Сосын әкімшілік материалдар, қылмыстық материалдарға қарағанда сапасыз жиналып, қылмыскер әкімшілік жазадан да құтылып кетуі мүмкін. Бұны әрине келешектегі статистикалық мәліметтерден білуге болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 — 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қаулысында «Есірткінің заңсыз айна- лымын ескертуде және жолын кесуде, осы құбылыстың таралуына ықпал ететін себептер 205 мен щарттарды жоюда әкімшілік-құқықтық құралдардың маңызды ролі бар екені атап өтілген болатын. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту қажеттілігі осы күресте пайдаланылатын әкімшілік-құқықтық құралдарды жетілдіруді қажет етеді» деп көрсеткен [3]. Аталмыш қаулыда нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту профилактикасында да ерекше тоқталып өткен. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырылып жатқан жүйесін жетілдіру. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалтудың негізгі үш деңгейін бағдарламада атап көрсеткен. Олар: бастапқы, екінші және үшінші. Есірткіге тәуелділіктің бастапқы профилактикасының мақсаты бұрын есірткі тұтынбаған адамдардың оны тұтынуды бастауының алдын алу болып табылады. Яғни күш — жігер аурудың дамуын ескертуге ғана емес, денсаулықты сақтау не нығайту қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Психикалық белсенді заттарды теріс пайдаланудың және нашақорлық профилактикасының мемлекеттік жүйесі қалыптасуының осы кезеңінде алдын алу қызметінің мақсаттары балалар мен жастардың есірткіге құндылық ретінде көзқарасын өзгерту, салауатты өмір салтын насихаттау есебінен есірткі құралдарын қабылдауға балалар мен жастарды еліктіруді тежеу, білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын есірткіге қарсы ұстанымдар мен алдын алу жұмысын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай құқыққорғау органдарының нашақорлықтың алдын алудағы ролдері басқа органдарға қарағанда маңыздырақ деп ойлаймын. Оны төмендегі статистикалық мәліметтерден де көруге болады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүргізген статистикалық деректердің талдауы өткен 2012 жыл ішінде елде тіркелген есірткі қылмыстары санының біршама төмендегенің көрсетеді. Осылайша, елдің құқық қорғау органдары талданып отырған кезеңде аталған санатта 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегі 4360 қылмыспен салыстырғанда 3886 қылмысты тіркеді, бұл яғни 10,9%-ға төмен. Сондай-ақ, тіркелген жалпы қылмыстардың ішінде есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты тіркелген қылмыстардың үлес салмағының төмендеуі байқалады (2009 жылы есірткі қылмыстарының үлес салмағы 5,1%-ды, 2010 жылы – 4,9%-ды, 2011 жылы – 2,1%-ды, ал 2012 жылы — 1,35%-ды құрады). Елдің өңірлері шегінде есірткі қылмыстарының көбі Қостанай (385), Жамбыл (377), Қарағанды (372) облыстарында және Алматы қаласында (329) тіркелді. Есірткі қылмыстарының құрылымында ҚР ҚК 259-бабында көзделген «Есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» қылмыстары басым. Талданып отырған кезеңде аталған бап бойынша барлығы 3526 қылмыс тіркелді. Аталған санатта тіркелген қылмыстардың жалпы санынан олардың үлес салмағы 91 %-ды (2009 жылы -95,3%; 2010 жылы – 95,3 %; 2011жылы – 92,5%) құрады. Есірткі заттарын, психотроптық заттарды өткізуге немесе өткізу мақсатына байланысты қылмыстардың саны 6,1%-ға кеміді (2414-тен 2266-ға дейін). 2012 жылы ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған, есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау не өткiзу жөніндегі тіркелген қылмыстардың саны 89,5%-ға өсті (38-ден 72-ге дейін). Талданып отырған кезеңде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткінің жалпы салмағы 15,2%-ға кеміді (33,9-дан 28,8 тоннаға дейін). Ал, 2009 жылы айналымнан алып қойылған есірткінің жалпы салмағының өсуі байқалған болатын, сонымен ол 2009 жылы – 27,9 тоннаны, 2010 жылы – 28,4 тоннаны, 2011 жылы — 33,9 тоннаны құрады. Бұл ретте алып қойылған героинның жалпы салмағы 2012 жылы 306,7 кг құрады. Жалпы алғанда, Ресейдің өткізу нарықтарына келіп түсетін есірткі шекарасынан өтетін соңғы мемлекет Қазақстан екенін ескерсе, героинды алып қою көлемі жоғары емес. Орталық Азияда есіркі 206 заттарды алып қоюдың шамамен 90%-ы героин Қазақстанға жетпей тұрып жүзеге асырылады. 2010-2012 жылдары алып қойылған есірткі заттары түрлерінің ішінде марихуана, героин, гашиш, апиын жиі кездеседі [4]. Жоғарыдағы статистикалық мәліметтер Қазақстандағы нашақорлық пен наркобизнестің жасалынып жатқан іс – шараларға, Стратегиялық бағдарламаларға және бюджеттен бөлініп жатқан миллиондаған қаражатқа қарамастан әліде болса күшін жоймағаны байқалады. Мүмкін бұл келесі жағдайларға байланысты шығар. Есеп комитеті Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009 -2011 жылдарға және 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бақылаудың қорытындысын шығарған. Есеп комитетінің бағалауынша, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама жеткілікті дәрежеде тиімді іске асырылмаған. Нашақорлықтың жай-күйіне қатысты талдау жұмыстарының жасалмауы, тиімді мониторингінің жүргізілмеуі, тәуекелдер мен күтілген нәтижелердің жеткілікті дәрежеде пысықталмауы, орындаушылардың мәселеге үстірт қарауы жаңа қатерлердің туындауына әкеп соқтырған, сөйтіп халықтың денсаулығына, экономикаға және жалпы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаһандық тұрғыдан қауіп-қатер төндірілген. Ішкі істер министрлігі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бөлінген қаражаттың пайдаланылуына мониторинг жүргізбеген. Жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған. Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитеті Бағдарламаның іс-шараларын орындау жөніндегі үйлестіру жұмыстарын, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етпеген. Бағдарламаны нақты іске асырудың тетігі жоқ. Жоспарлау кезеңінде мәселелерді сапалы пысықтау жөнінде тиісті шаралар қабылданбағандықтан, Бағдарламаның жекелеген іс-шаралары орындалмай қалған. Іс- шаралар жоспарында қарастырылған 66 тармақтың 21-сі ішінара орындалған, 6-уы орындалмаған. Бағдарламаның күтілген 9 нәтижесінің 2-уіне ішінара қол жеткізілген, 4- уіне қол жеткізілмеген. Жергілікті атқарушы органдар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, тиісті өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту қызметтерін нығайту бойынша жүйелі шаралар қабылдамаған. Ел аумағы арқылы есірткіні әкелу және оның транзит каналдарының жолын кесуді қамтамасыз ететін жабдықтармен кедендік бекеттердің жарақталуы бар болғаны 77%-ды құрайтын көрінеді. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 2,7 млрд.теңгеге жабдықтар және техника сатып алынғанымен, олар есірткі заттарын іздеп табуға немесе анықтауға арналмаған. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламаның орындалу барысының тиімділігін бағалау оны іске асыру кезінде бұрынғы Бағдарламаны бағалау барысында анықталған кемшіліктердің сақталып отырғаны байқалған. Есеп комитеті Үкіметке бақылаудың қорытындысын, сондай-ақ жаңа қауіп- қатерлерді (тәуекелдерді) ескере отырып, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынған. Ішкі істер, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеген жауапты лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау, сондай-ақ қаржыны толық игеру мақсатында және 207 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламаның барлық жоспарланған іс-шараларын уақтылы орындау үшін қаражаттың негізделген көлемін белгілеу жолымен бюджеттік жоспарлау мен тәуекелдерді бағалаудың сапасын арттыру тапсырылған [5]. Менің ойымша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып нашақорлықпен күресті лауазымды тұлғалар өздерінен бастау керек сияқты. Бөлінген қолда бар қаражатты дұрыс мақсатына сай жоғарғы тұрғыдан игере алмау, түбінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай көп қаражатты Бағдарламалардың орындалуын қадағалауды қосымша халықтық бақылаумен қамтамасыз ету керек деп ойлаймын. Көптеген ата-аналар осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырып келе жатқан жас ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып — тоздырып отыр. Қоғам сондай жандарды уақытында анықтап,оның ұрпағының азбауына жол бермей бір шаралар қолдану керек, бірақ осындай міндетті біздің қоғам әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын. Бірақ әрине бар кінәні қоғамға да жаба салуға болмайды, себебі әр азамат пен азаматшаның дені сау болуы ең бірінші өздерінеде байланысты болады. Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді. Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып,халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі екі талай, себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған,іште жатқан сәбидің ағазаларың улайды, сондықтан жастар ойланайық, болшақ ұрпағымыздың өміріне балта шаппайық. Достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік достар!