Саба? жоспары .Сауат ашу ж?не жазу.Д дыбысы мен ?рпі


Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы.
Күні, айы:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ддыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: - Балаларды Д дыбысымен және әрпімен таныстыруД дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып сойлемдер құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту.
Дамытушылық: - Д дыбысы кездесетін сөздерді ойлап табу қабілеттерін дамыту.Оқу іс-әрекеті барысында еңбек қорлыққа ұқыптылыққа ,тәрбиелеу жазуға қолдарын Жаттықтыру
Тәрбиелік: - Сауаттылыққа, зейінділікке және әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Құрал жабдықтар: кеспе әріптер, текшелер, көрнекіліктер
Жұмыс кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеттері Балалардың іс - әрекеттері
Мотивациялық
қозғаушылық.
- Шаттық шеңбер
«Таңғы шеңбер»
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, жылулық шеңберін өткізеді.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
Педагог өткен сабақты қайталатады.
- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- Баспа түрін кім көрсетеді?
- Қала деген сөзді кім жазып көрсетеді?
Педагог сабақты жұмбақ жасырып бастайды.
- Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. - Балалар:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз!
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
- Балалардың жауабы
Қыс мезгілі
Президент күні Жаңа жыл
Қ дыбысы әріпі
Доп
- Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс табуға тырысады..
Ұйымдастыру -
іздестіру.
Педагог әрі қарай сұрақтар қояды:
- Өзі ойыншық, өзі дөңгелек
- Күй шертеді
- Серуенге қайда шығамыз?
Педагог балалардан қан дай дыбыстың жиі естілгенін сұрайды, Д дыбысының таңбасымен таныстырады.
Д -дауыссыз дыбыс, созыл -май айтылатынын және көк текшемен белгіленетінін тү – сіндіреді. Әріпті көзбен көретінін, оқитынын, жазатынын айтады.
Кәне альфавит ішінен Д дыбысын табайық
Сергіту сәті:
Даңғыраны ұр қатты, Дәл қайтала ырғақты.Дүрсілдетіпдаланы, Поезд кетіпбарады:Ду, ду, ду, ду, ду, ду.
Оқулықпен жұмыс: Д дыбысына мысал келтіріндер осы сөздерді буынға бөлейк.
Педагог саусақ жаттығула рын жасауды ұсынады.
Дәптермен жұмыс: кәне даптердегі Д әріпін үлгіге қарап жазайқ.
Жаңылтпаш
Доп, деп.
Д Жаңылтпаш
Доп, деп.
Дөп, теп. (2 рет).
- доп
- домбыра
- далада
Балалар Д дыбысының жиі естілгенін айтады да, Д дыбысының таңбасымен танысады.
- Балалар тыңдайды
Әріптердін ішінен бір оқушы көрсетеді
Балалар бойларын бір сергітіп алады
Дала дәптер Бидай Балалар оқулықтан оқиды..
Бала, бала балақан
Қане қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат
Былай, былай ойнап.
Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
Хор мен қайталайды
Рефлексивті –
түзетушілік.
- Ойын: «Кім жылдам?».
- Тәрбиеші Д дыбысы кездесетін сөздерді ойлап табуды ұсынады.
- Тәрбиеші ойлаған сөздерге дыбыстық талдау жасауды тапсырады.
- Тәрбиеші сабақты қорытындылап, сабақта бел - сенділік танытқан балалар –дың білімдерін әділ бағалап, жылы сөзбен мадақтайды.
- Балалар ойынға бел – сене араласып, Д дыбысы кездесетін сөздер ойлап табады.
- Балалар дыбыстық талдау жасайды.
- Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Д дыбысын және таңбасын біледі
Қандай түсініктерді игерді: Д дыбысын қалай аталатындығын, неше элементтен тұратынын игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:. Сауаттылыққа, әдемі жазуға дағдыланды.
КММ
№ 32 ЖББОМ
Ашық сабақ:
Д дыбысы мен әрпі
Орындаған: Мектепалды даярлық
тобының мұғалімі:
Магрупова Н.Ж
Қарағанды 2014 - 2015 оқу жылы