Сауат ашу ж?не жазу негіздері


Күні: 15.03.2016 ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты:Білімділік: Я я дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.Дамытушылық: Я дыбысы қатысты сөздерді білдіру арқылы оқушының ой - өрісін сөздік қорын, тілін дамыту.Тәрбиелік: Я дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау,сұрақ – жауап,тыңдау,дидактикалық ойындар,жұмбақтар
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер,суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Қуан,шаттан!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
II.Өткен материалдарды пысықтау.- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қалай аталды?
-Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
-Г дыбысы қанадй дыбыс?
-Гүл сөзінде неше әріп бар?
-Гүлзар сөзі неше буынға бөлінеді?
Берілген сөзге дыбыстық талдау жасау.
Ш – көк текше;
Е – қызыл текше;
Г –көк текше;
Е – қызыл текше;
А) )«Адасқан сандар» ойыны.
Е Г І С
1 2 3 4
ШЕГЕ
4 1 2 3
К Е Р Е Г Е
1 2 3 4 5 6
III. Жаңа тақырып.
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешейік.
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
Жауабы: пияз.
-Балалар пияз сөзін буынға бөлейік,қай буындағы дыбыс таныс емес?.Ол қандай дыбыс?
-Я дыбысы.
-Сонымен,бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталады екен?
-Я дыбысы мен әрпі.
А)Я дыбысының баспа түрімен таныстыру.
Ә)Я дыбысы кездесетін сөздер айтқызу.
Б)Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.
-Я дауысты дыбыс,екі дыбыстан й+а дыбыстарының қосындысынан тұратынды, оның осы екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбалады.
IV. Әліппе – дәпетермен жұмыс.
Баған түрінде берілген сөздерді оқушыларға оқыта отырып, әр сөзге түсінектеме беру.
А) Берілген сөздерді топпен оқыту.
Ә)Жеке оқыту.
Аяқ-дене мүшесі.
Таяқ-сүйеніш құралы.
Қоян-аң.
Шаян-жәндік.
Қияр-көкөніс.
Пияз-көкөніс.
Тақия-бас киім.
V.Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс
А)Я әрпінің элементін үлгіде көрсетілгендей тақтада,ауада,дәптерде жазу.
Ә)Неше дыбыс,неше әріп бар?
Қияр сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
Пияз сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
Қоян сөзінде неше дыбыс бар,неше әріп бар?
«Буындық лото» ойыны.Буындардан сөз құра:
Ба лық Қо ян
жа рыс
қа ла
Ша ян
VI.Қорытындылау.
А)Жұмбақтар шешу.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады . (Аяз)
Тал басында
Тамаша үй. (Ұя)