Сурет салу та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)


28.11.2016 ж.
Павлодар қаласының № 6 жалпы білім беру мектебі
6 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу
Мұғалім: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрауға, әңгімелеуге жетелеу.
Тәрбиелік: Білімге деген құштарлықтарын ояту, дамыту
Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, тарихи тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамытуСабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, үлестірме материалдарІ. Ұйымдастыру кезеңі1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыруЖақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін 3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау.
1. Жалаң сөйлем дегеніміз не ?  Мысал  келтір2. Жайылма сөйлем дегеніміз не?  Мысал  келтір3. Бастауыш, баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді
Қазір қай жыл мезгілі? Ауа райы қандай? Үйге қандай тапсырма берілді?
Сурет салу дегеніміз не?
Сурет салғанды жақсы көресіңдер ме? Қандай сүйікті істерің бар?
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
· Тақтаға мысалдар жазып, оқушыларға сөйлем мүшелеріне (бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүше) сұрақтар қою арқылы тақтадағы сөйлемдерге талдау жасату:
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ жоғары көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн суытты. Күн қатты суытты.
· Ережені қорытып шығару:
1) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
2) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралған сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Жайылма сөйлем↓Бастауыш заттың атын білдіреді
Баяндауыш бастауыштың қимылын іс-әрекетін
Анықтауыш сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан
Толықтауыш сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын
Пысықтауыш сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын
кім? не?кімдер? нелер?
не істеді? қайтті? неғылды?
қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші?
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?
қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1-тапсырма. «Сенің сүйікті ісің» деген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, диалог құрастырыңдар.
1.Сенің сүйікті ісің бар ма?
2. Ол қандай іс?
3.Сен бұл істі қай кезден ұнатасың?
4.Не себеппен осы іс саған ұнайды?
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
Сөздікпен жұмыс.
сурет салу- рисовать
жақын- близкий
шыдамдылық – терпение
арнайы - специальный
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
Оқулықпен жұмыс.
1 тапсырма Мәтінді оқып, сурет салатын адамға қандай қасиетттер қажет екені туралы өз ойларыңды бөлісіңдер.
2 тапсырма Берілген жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар.
Үлестірме материалдармен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарыңды қойыңдар. Етістіктерден көсемше түрлерін жасаңдар.
Менің сүйікті ермегім
Сурет салу – менің сүйікті ермегім. Мен суреттерімді үлкен шабытпен саламын. Өзім қиял-ғажайып әлемге барғандай боламын.
Бірінші суретімді салу үшін мен әдемі бояуларды алып, күзгі орманға бардым. Барлық ағаштар мен бұталарды күздік бояуға – біреуін сары, біреуін қып-қызыл түске келтірдім.
Қайың мен жөкенің жапырақтарын лимон сияқты сарымен боядым. Ырғай мен үйеңкінің жапырақтарын піскен алмадай қызарттым. Тек қарағай мен шыршаларды қалай бояйтынын білмедім. Осы ағаштардың бұтақтарында жапырақтар емес, инелер ғой. Инелерді қалай бояйсың? Жазда қалай болды, солай қалды.
Міне, осылай мен бірінші суретімді салдым.
2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Суреттерімді, саламын, бояуларды, бұтақтарында, күзгі, жапырақтарын, үйеңкінің, қызарттым,шыршаларды, бояйсың, салдым.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құра.
Адам, разы, қуанышты, мәз, бірінші, орманда, сурет сал.
Сергіту сәті.
1,2,3 қарлығаш боп ұш
4,5,6 қарлығаш боп қалқы
7,8,9,10 өз орныңа қон.
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Сабақты бекіту сұрақтары:
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
3 тапсырма Досыңа жазылған хатты әрі қарай жалғастырыңдар
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.