?неге отбасынан басталады


Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан басталады»
Құндылық: сүйіспеншілікҚасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыруМақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратын туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.
Міндеттері:
–отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.
–отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
–отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тыныштық сәті-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Дәйексөз: Әкеден-ақыл,анадан-мейір.
Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айтайық.
Ана туралы жырСөзі: Ғ.ҚайырбековтікіӘні: Ш.ҚалдаяқовтікіӘлемнің жарығынСыйладың сен маған.
Даланың әр гүлінЖинадың сен маған.
 
Сен бердің құстардыңҚанатын самғаған.
Балалық құштарым Өзіңе арнаған.
 
Әлдилеп, аялапӨсірген жемісің.
Самал жел, сая бақҚұшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдейКөзіңнен танимын.
 
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшінӘлемнің асылын.
Әлемнің байлығынСыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнінҚолыма түспеді.
Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын.
Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?
-Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
-Отау дегеніміз не?
-Отағасы деген кім?
-Отанасы деген кім?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.
ІІ. Ой қозғау. «Ассоциация» жазу. «Өнеге отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз?»
 
(Адамгершілік, әдепті, тату, жауапкершілік, сыйластық, еңбексүйгіштік, ынтымақтастық, қамқор, мейірімді, қолдау, бауырмал,)
Сонымен, Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Отбасында әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.
Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.
Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешнәрсе жоқ, сондықтан да бала отбасының байлығы. Әр ата- ана баласының әдепті, білімді, мейірімді, қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды.
«Мақалды аяқта » жаттығуыОқушыға әр топқа мақалдар ұсынады.
1-топқа
1.Атаға қарап(ұл өсер)
Анаға қарап(қыз өсер)
2.Ата-ананың қадірін (балалы болғанда білесің)
3.Атаңның баласы (болма адамның баласы бол)
2-топқа
1.Ұяда не көрсе (ұшқанда соны ілесің)
2.Балалы үй базар( баласыз үй қу мазар)
3.Ата көрген оқ жонар (Ана көрген тон пішер)
3-топқа
1Ананың сүті бал (баланың тілі бал)
2.Туған үйдің түтіні жылы (Туған ананың күтімі жылы)
3.Анаңа ауыр сөз айтпа (Әкеңе ауыр жүк артпа )4.Әке асқар тау (Ана шалқар көл)
Бейнесюжет көру «Әке деген кім »
Топтық жұмыс. «Өнеге отбасынан» тақырыбы бойынша әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша орындайды.
1.«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбына сурет салу.
2. «Отбасы татулығы» тақырыбына өлең шығару3. Отбасы жарастығы тақырыбына көрініс көрсету.
4.Біз бақытты жанұямыз тақырыбына эссе жазу. Жауаптарын сурет түрінде береді.
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – дей келе, барлығымыз ортаға шығып, «жылы жүрек жақсы тілек» құрайық. Біз бір – бірімізге күлімсіреп, гүлді беріп,тілек тілейміз,
Тыныштық сәті-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Осы сабақтан алған нәтиже:
- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді- Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан ұғымдарының мәнін меңгерді.
- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсіндірді.
Дәптермен жұмыс.