Озы? ойлы о?ушы.Сайыс саба?.


Сайыс сабақДайындаған: Кондудаева З.Е.Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектепОзық ойлы оқушы Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу. Сайыстың жүру барысыI бөлім. “Сен білесің бе?”II бөлім. “Мақалдың жалғасын тап”III бөлім. «Күлдіргі жұмбақтар»IV бөлім. “ Кім жылдам”V бөлім. “Кім тапқыр”VI бөлім. “Қорытындылау” I бөлім. Сен білесің бе (сұрақтар беріледі.Әр сұраққа 5 ұпайдан)3 “а” сынып.1.Біздің облысымызды ата?2.Жылдың неше мезгілі бар?3.Жаз айларын ата?4.Білім күні қай күні?5.Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?6.ҚР-ның президенті кім?7.Суда жұбын жазбай жүретін құс?8.Жұмадан кейінгі күн қалай аталады?9.Биыл тәуелсіздікке неше жыл?10.Әліппенің атасы кім? Жауаптары1. Батыс Қазақстан облысы2. Төрт3. Маусым, шілде, тамыз4. 1 қыркүйек5. Заттың атын білдіретін сөздер.Кім?Не?6. Н.Назарбаев7. Аққу8. Сенбі9. 24 жыл10. А.Байтұрсынов 3 “ б” сынып1. Ел басымыз?2. Қазақтың ұлы ақыны?3. Алғашқы оқулық?4.Елтаңбаның авторы?5. Үш биді ата?6. 1 маусым қандай мереке?7. ҚР-ның астанасы қай қаласы?8. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?9. Әнұранның авторы кім?10. Т.Әубәкіров кім? Жауаптары1. Н.Ә.Назарбаев2. А.Құнанбаев3. Әліппе4. Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков5. Тәле, Қазыбек, Әйтеке6. Балаларды қорғау күні7. Астана8. 1991 16 желтоқсан9. Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов10. Ғарышкер 4 “а” сынып1. 30 тамыз қандай мереке?2. Тудың авторы кім?3. ҚР-ның мемлекеттік тілі?4. ҚР-ның тәуелсіздік күні?5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?6. Мемлекеттік туда не бейнеленген?7. Көкжиектің тұстарын ата?8. Астана қаласының бұрынғы атауы?9. Ата Заң қашан қабылданды?10. Рәміздерді ата? Жауаптары1.Конституция күні2. Ш. Ниязбеков3. Қазақ тілі4. 16 желтоқсан 1991 жылы5. Бәйге, көкпар, алтыбақан, қыз қуу6. Күн, қыран, ою7. Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс8. Ақмола9. 1995 жылы 30 тамыз10. Ту, елтаңба, әнұран II бөлім.Мақалдың жалғасын тап 3 “а” сынып1.Ұяда не көрсең ... ... ... ...2.Ата бәйтерек ... ... ... ...3.Тамшы тас жарады ... ... ... ...4.Өнер алды ... ... ...5.Денсаулық ... ... ...6.Әдепті бала-арлы бала, ... ... ... ... ... ... ...7.Білекті бірді жығады, ... ... ... ...8.Әдептілік белгісі, ... ... ... ... ... ...9.Ата көрген оқ жонар, ... ... .... ...10.Анаға құрмет, ... ... ... ...
Жауаптары1.Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің.2.Ата –бәйтерек, бала-балжапырақ.3.Тамшы тас жарады, тас жармаса бас жарады.4.Өнер алды қызыл тіл.5.Денсаулық зор байлық.6.Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.7.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.8.Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені.9.Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.10.Анаға құрмет, балаға міндет. 3 “б” сынып1.Ер бір өледі, ... ... ...2.Мысыққа ойын керек, ... ... ...3.Мектеп-кеме, ... ... ... ...4.Жүздің көркі-көз, ... ... ...5.Көп сөз күміс, ... ... ...6.Әдептілік белгісі- ... ... ... ...7.Жақсыдан үйрен, ... ... ... ...8.Күннің шуағы жылы- ... ... ... ... ...9.Еңбекттің наны тәтті, ... ... ... ... ...10.Өнерлінің қолы алтын, ... ... ... ... Жауаптары1.Ер бір өледі, қорқақ мың өледі.2.Мысыққа ойын керек, тышқанға өмір керек.3.Мектеп –кеме, білім-теңіз.4.Жүздің көркі-көз, ауыз көркі сөз.5.Көп сөз күміс, аз сөз алтын.6.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.7.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.8.Күннің шуағы жылы-ананің құшағы жылы.9.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.10.Өнерлінің қолы алтын, өлеңшенің сөзі алтын 4 “а” сынып1.Өле жегенше, ... ... ... ...2.Таяқ еттен өтеді, ... ... ... ...3.Жақсы сөз сүйендіреді, ... ... ...4.Жақсы байқап сөйлер, ... ... ...5.Ана сүті бой өсіреді, ... ... ... ...6.Жақсы алданда жазыласың, ... .... ... ....7.Емен ағаштың иілгені, ... ... ... ...8.Жаяудың шаңы шықпас ... ... ... ...9.Аттың бәрі тұлпар болмас, ... ... ... ...10.Баланың ұяты әкеге, ... ... ...
Жауаптары1.Өле жегенше, бөле же.2.Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.3.Жақсы сөз сүйендіреді, жаман сөз күйіндіреді.4.Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.5.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.6.Жақсы алдында жазыласың, жаман алдында тарыласың.7.Емен ағаштың иілгені-сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені8.Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас.9. Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас.10.Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге. III бөлімКүлдіргі жұмбақтар
Жұмбақтар1.Кім барлық тілді сөйлейді?2.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады?3.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не?4.Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?5.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?6.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?7.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардығ қаншасы қалды?8.Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді?9.Не нәрсе сенің меншігін,бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар айтады?10.Тауық түс көре ме?11.Аппақ қарға бола ма?12.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? Жауаптары1.Жаңғырық2.Мысық3.Ой, қиял4.Жоқ-бұл түн мезгілі5.Аспан суреті суға қараған кезде6.Іші толы бөшкеге7.Түйеқұстар ұшпайды8.12 км жол жүреді9.Сенің есімің10.Тауықтың түсіне тары кіреді11.Қарға баласын аппағым дейді12.Көз қорқақ, қол-батыр.
IV бөлімКім тапқыр
А-қазақтың ұлы ақыныӘ-алғашқы оқулықБ-қазақтың батырыВ-ежелгі мемлекеттердің біріГ-әнұранның орысшы атауыҒ- Т.Әубәкіров кім?Д- “Витамин” сөзінің аудармасыЕ-қызыл кітапқа енгізілген жануарЕ- “Шыршы” сөзінің аудармасыЖ- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тасЗ- үлкен, дәу сөздерінің синониміИ-тігінші құралыЙ-қоңыр түсті дәріК-қазақ халқының ұлттық ойындарының біріҚ-атақты күйшіЛ-ешкі төліМ-күнге ең жақын орналасқан планета
Н- ас атасыО-Батыс Қазақстандағы қалаӨ- тілсіз жауП- ірі жануарС- тілдің негізі не?Т- үш бидің біріУ- жыланның тілінің ұшындағы не?Ұ- құстардың үйін не дейміз?Ү- кіші сөзінің антониміФ- Әл-Фараби кім?Ч- Крокодил Генаның досыШ- тудың авторының есіміЫ- “посуда” сөзінің аудармасыІ- қарға “қарқ” дегенде аузынан не түсіп кеттіЭ- құрылыста жұмыс істейтін машинаЮ- “киіз үй” сөзінің аудармасы ЖауаптарыА-Абай ҚұнанбаевӘ- ӘліппеБ- Бөгенбай батырВ- ВавилонГ- ГимнҒ- ғарышкерД- дәруменЕ- елікЕ-елкаЖ- жұмбақтасЗ- зорИ- инеЙ- йодК- көкпарҚ- ҚұрманғазыЛ-лақ М- Меркурий Н- нанО- ОралӨ- өртП- піл С- сөзТ- Төле биУ- УҰ- ұя Ү- үлкенФ- философЧ- ЧебурашкаШ- Шернияз НиязбековЫ- ыдысІ – ірімшікЭ- эксковаторЮ- юрта V бөлімКім жылдам 1.Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? 2.Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?3. 5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?4.Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? 5.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? 6.Ауылға бір кемпір келе жатты, оған қарсы екі кемпір шықты. Ауылға барлығы қанша адам келе жатты? 7. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар? 8.Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?9. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? 10. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? 11. Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма?12. Су астында қандай тас жоқ? Жауаптары1. 5 бала2. 4 сағат3.4минутта4. 85. Түйеқұс ұшпайды 6. 1 кемпір7. 3 бұтақ, 4 торғай8. 5 бұрыш9. 50 саусақ10. 10 және 10011. 0 12. Құрғақ тас