Саба? жоспары.?осу мен к?бейтуді? аустырымдылы? ?асиетін пайдаланып ?рнектерді ы?шамдау.


Сабақ тақырыбы :Қосу мен көбейтудың ауыстырымдылық ,терімділік қасиеттерін пайдаланып , өрнектерді ықшамдау .
Сабақ мақсаты : 1. Оқушыларды қосудың (көбейтудің )ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып,өрнектегі қосылғыштардың
(көбейткіштердің )орындарын ауыстыру арқылы топтап жазып,ықшамдауға
және есептің өрнегін құрастырып өрнекті ықшамдап , мәнін табуға үйрету .
Сабақ типі: Аралас сабақ .
Сабақ әдісі ; Түсіндіру ,сұрақ-жауап .
Сабақ көрнекілігі :Карточкалар ,үлестірмелі фишкалар
Сабақ барысы :
І .Үйымдастыру кезеңі .
Сабақ барысында дұрыс жауап берген белсенді оқушыларға фишкалар таратылып беріледі .Соңында фишкалар санын санап оқушылырды бағалаймыз.
5фишка -5деп бағаланады.
4фишка -4 деп бағаланады.
3фишка -3деп бағаланады
2фишка алған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
ІV.Мақсат қою кезеңі
V.Жаңа сабақты меңгерту
Оқушыларға Тақырыптың алдын ала даярлық тапсырмасында оқушылардың өздеріне 6+18+25+5+2+4 қосындысы және 20·15·4·5 көбейтіндісі беріліп , олрдың мәндерін табу тапсырылады . Мұнда оқушыларқосынды, көбейтінді толық ондық болатындай топтап қосу,көбейту тәсілдерін қолданаотырып, ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланады.
Санды өрнектерді және әріпті өрнектердің мәндерін табу үшін алдымен оларды ықшамдап алған тиімді .
І .Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
а+b=b+а Мысалы, 136+14=150, 14+136=150
ІІ Қосудың терімділік қасиеті.
Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.
Кез келген а,bжәне с сандары үшін (а+b)+с=а+(b+с)
Мысалдар :1) (38+17)+43=38+(17+43) 2)(m+9)+16=m+(9+16)=m+25
ІІІ Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті : Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді .a·b=b·a Мұндағы aжәне brtp- келген сандар. Мысалы 34·5=170 ж2не 5·34=170, онда 34·5=5·34 теңдігі тура
ІV. Көбейтудің терімділік қасиеті :
Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады.
Әріппен жазсақ: (а·b)·c=а·(b·c).
Мұндағы а,b және с- кез келген сан.
Оқушылар демек, көбейтудің қасиеті бойынша қатар тұрған көбейткіштерді топтап(жақшаға алып) көбейтіп,оларды көбейтіндісімен алмастырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді .
Мысалы 1)(25·4)·5=25·(4·5)=500
2) 7b·4=(7·4)·b Қысқаша 7b·4=28b
Көбейтудің ауыстырымдылық,терімділік қасиеттерін пайдаланып,көбейткіштердің орындарын ауыстырып,топтап (жақшаға алып) өрнекті ықшамдауға болады.
Мысалы: 1) 35+273+65+27=(35+65)+273+27)=100+300=400
2) 56+а+15=(56+15)+а=71+а
3) 8а·125=(8·125)а=1000а.
VІ кезең .Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі .
Оқушылардың алдына тақтаға қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеті, көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетінің әріпті өрнегі жазылған карточкалар ілініп
1.Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар,мысалдар келтіріңдер және әріпті өрнегін көрсетіңдер.
2. Қосудың терімділік қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар ,мына карточкалардың ішінен қосудың терімділік қасиетінің әріпті өрнегін көрсетіңдер.
3. Көбету ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар және әріпті өрнекті көрсетіңдер.
4.Көбейтудің терімділік қасиетінің әріпті өрнегін көрсетіп тұжырымдамасын айтыңдар.
Шапшандылық гимнастикасы №28 ауызща есептету.
VІ кезеңі .Жаңа материал бойынша түсінгендерін зернттеу кезеңі.
№29-30 әр оқушыны жеке –жеке тақтаға шығарып дұрыс орындаун бақылау.
№32
1) Бассейінге минутына екінші құбырдан неше литр су ағады ? 40+хлитр.
2) Бассейінге минутына екі құбырдан неше литр су ағады ? 40+(40+х)=(40+40)+х=80+х су ағады.
Жауабы :80+хлитр су ағады.
№33
1)Бір күнде шебер шене бөлшек дайындайды? 5а болшек
2)26 күнде неше бөлшек дайындайды ? 5а·26 =(5·26)·а=130а бөлшек .
Жауабы : 130а бөлшек дайындайды.
№ 34
Бірінші қорапта 48 жаңғақ
Екінші қорапта одан 22 жаңғақ артық? 48+22=70
Үшінші қорапта 22 жаңғақ.
Төртінші қорапта үшіншіден 48 жаңғақ артық .22+48=70
Жауабы: Екінші және төртінші қорапта жаңғақтар саны бірдей
№37
1(716+х)+87,мұндағы х=34,13
(716+87)+х=803+х;
803+х=803+34=837;
803+х=803+13=816;
2)239+(у+14), мұндағы у=36,61;
239+(у+14)=(239+14)+у=253+у;
253+у=253+36=289;
253+у=253+61=294;
VІІІ кезең Үй тапсырмасын беру ,оқушылар білімін бағалау.
№31,35 ,36
Соңында фишкалар санын санап оқушыларды бағалаймыз.