Бастауышпен ?оштасу Аттанды? бала ша?тан болаша??а


Аттандық бала шақтан болашаққа!
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Ертеңгілігімізді бастамас бұрын, назарларыңызды көгілдір экранға аударып, өткен күндерге шолу жасасақ. (слайдшоу)
БАУРЖАН: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты әжелер!
АҚЗЕР: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
БАУРЖАН: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
АҚЗЕР:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 сынып түлектерін ортамызға. (Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )
АМИР:
Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
ӘМІР:
Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
СҮНДЕТ: 
Армысыздар жас достарБолашаққа жол бастар.
Білім деген ғажаптыңКелешегі қазақтыңБасталады сендерден.
НУРСУЛТАН: 
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
ГҮЛНАЗ: 
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
АЙБАР:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойыЕсейген шәкіртіңнің серті деп біл.
ГҮЛДАНА: 
Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
АЛТЫНБЕК: 
Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерімҚарызбыз саған бәрімізӨзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
БАУРЖАН: Армысың сен , алтын ұя мектебім Саған айтар жыр- алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағын ,Мектебіме арналады бұл әнім!
АҚЗЕР: Олай болса, Бауржан, бәріміз алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!Ән: Мектебім. Слайд: «Мектептегі мерекелер».
БАУРЖАН: Келесі кезекте көрініс: (ортаға қария: Айбар мен 5 оқушы шығады)
Сүндет:
- Ата, ата, арман деген не?
Айбар (қария):
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Айбар (қария):
Ал, балалар, айтыңдаршы, дос табу оңай ма?
Амир:
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Айбар (қария):
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
Айбар (қария):
- Үйдегі алтын қазығың кім, деп ойлайсыңдар?
Нурсултан:
- Ата, үйдегі алтын қазық – бала.
Айбар (қария):
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Айбар (қария):
Өмір сүру үшін не қажет?
Әмір:
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.
Айбар (қария):
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Айбар (қария):
- Адамға ақыл беретін кімдер?
Алтынбек:
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.
Айбар (қария):
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады.
БАУРЖАН: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән «Анашым» (Гүлдана, Ақзер, Гүлназ)
АҚЗЕР: Келесі кезекті биге береміз. Ортада «Ұлдар биі».
БАУРЖАН:
Мың бұрала билейтін, Биді жақсы көретін. Қыздарымыз бар біздің Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді шақырайық.
Би: Қыздар қазақша
АҚЗЕР: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Келесі кезекте сүйікті әншіміздің әні «Жаяу» ( Алтынбек, Айбар, Амир)
БАУРЖАН: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
АҚЗЕР: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
БАУРЖАН:
Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
АҚЗЕР: Бастауышым – бал бұлағым, Алдым сенен балдың дәмін. Әріп танып , білім алып, Рахметімді жаудырамын. БАУРЖАН: Өтті сенде қызық шағымБастауышым балбұлағымҚоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын – деп ортаға «Мектебім» әнімен Айбарды ортаға шақырамыз.
Қоштасу вальсі
Мұғалім: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз. (мадақтама қағаздары табысталады)
Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Шолақсай орта мектебі
«Аттандық бала шақтан болашаққа»
Бастауыш сыныбымен қоштасу кеші
Мұғалім: Қасқырбаева М.О
Сынып: 4 «А»
Өткізілген күні: 23.05.2016 ж.
2015-2016 оқу жылы