Баяндама Т?рбиеден бастау ал?ан сан арман


Тәрбиеден бастау алған сан араман.
Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс педогогикалық әрекеттерін ұйымдастыруды қадағалайды.Сондықтан біз мұғалімдердің кәсіби қызыметін жүзеге асыруда ықпалы туралы айтсақ, оны тәрбие жұмысы деп атаймыз.
Болашағынан үміт күтіп отырған біздің оқушыларымыздың тәрбиесі олардың ойлаған сан қилы арман ,мақсаттары арқылы жүзеге асады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы біріңғай ұйымдастырушылық және педогогикалық міндеттерді шешеуді қарастырады.
«Жас бала -жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді »деп халқымыз бекер айтпаса керек. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайылып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие –қоғамдық үрдіс , қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Біздің тәуелсіз елдің болашақ ұрпағы тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие нәтежесінде адам болып қалыптасады .Болашақты дамытып, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындау қажет .Ал рухани байлық дегеніміз - әр халықтың ұлттық әдет –салты, әдебиеті, мәдениеті, шыққан түп тамыры .Осы ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін ,талантын ашу,.өз –өзіне сенімін нығйтып, өзі-өзі өзінің жолын ашуына түрткі жасау –бүгінгі тәрбие ісінің міндеті
Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті бала тәрбиелеу , оған білім беру
Әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз берілген білім нәтежесіз.
Ұлы ұстаз Ы, Алтынсарин күтім көрген ағаштың биікке самғап түзу болып өскенін , ал күтімсіз ағаштың қисық-қыңыр , бей-берекет өскенін өз шығармасында атап көрсетеді .Сол сияқты тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға жат қылмыскер, жалқау ,бұзақы , ниеті жаман тұлға болып шығады ,ал дұрыс тәрбие алған бала тәрбиелі, адамгершілігі мол, білімді де ,білікті қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлға болып қалыптасатыны баршамызға белгілі.
Олай болса , жас ұрпақты білімді де тәрбиелі етіп шығаратын бірден бір тұлға -мұғалім. Ол –жас ұрпаққа білім және тәрбие беретін бала жанының бағбаны болып табылады.
Сондықтан мұғалім біріншіден ары таза , инабатты , адал, сыпайы , парсатты ,байсалды ,ұстамды ,төзімді , кешірімді болуы шарт .
Екіншіден , мұғалімнің ой –өрісі кең , жан-жақты ,білімді , өз мамандығына сай , оны сүйетін ,өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды дәл айтып, түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден ,мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт.Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым –қатынас жасағаны жөн.
Оқушы мен мұғалім арасында достық қарым-қатынас болмайынша , оқушы сеніміне қол жеткізу мүмкін емес.
Оқу мен тәрбие егіз. Қоғамымызды өркендетуге қабілеті жететін азамат тәрбиелеу үшін оларды өз бетімен білім алуға , терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету керек.
Ел ертеңі бүгінгі және келешек ұрпақ үшін нақты да нәтижелі ,сапалы да саналы жұмыстар атқару – әрбір ұстаз міндеті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында » «оқушыларды қазақстандық патриотизмге ,шығармашылық жағынан дамыған тұлға ретінде , тәкәппарлық тектілік, білімділік, биік талғам қасиеттерін сіңіріп, қалыптастыру керек. » делінген.
Олай болса, білім мен тәрбиені бір арнаға құю үшін мектеп мұғалімдері , мектептен тыс мекемелер педогогтары , ата-аналары баланың бос уақытын тиімді өткізуге қолдау көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Адам бойына жақсы адмгершілік қасиеттердің сіңісу ,өнер білімді игеруі тәрбиеге , салауатты өмірге өскен ортаға үлгі –өнеге берер ұстазға байланысты .Осыны жақсы түсінген халқымыз- «ұстазы жақсының ұстамы жақсы », «Тәрбиесін тапса адам болар , оқуын тапса білім қуар » деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт.Яғни ол өзінің өсу , есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де , мұғалімдерімен де ,қоршаған ортасы - табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі керек деп ойлаймын.
.