Саба? жоспары 6-сынып,WordPad м?тіндік ба?дарламасымен практикалы? ж?мыс жасау


Мерзімі:
Сыныбы:Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасауСабақтың мақсаты:а) Білімділік: Оқушыларға WordPad мәтіндік бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін практика жүзінде орындауды үйрету, білімдерін тиянақтау.б) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін дамыту;в) Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, өз бетінше жұмыс жасай білуге, өзін - өзі бағалауға, шығармашылыққа баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, оқушының жеке бағалау парағы.Сабақтың түрі: Практикалық, пысықтауСабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны жетілдіруСабақтың әдісі: Саралап – деңгейлеп оқыту, сұрақ – жауап.Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа) сәлемдесу;б) түгендеу;в) оқу құралдарын тексеру;г) оқушылар назарын сабаққа аудартуІІ. Саралап – деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар таратуДеңгейлік тапсырмалар.І деңгей. «Білімімізді тексерейік»1. Windows операциялық жүйесі орнатылған кезде, автоматты түрде жарлықтары Стандартты тобына орналасатын программаларды атаңыз:А) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Ойын (игры);В) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Мультимедиа;С) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот;Д) WordPad, Рaint, Калькулятор, Блокнот, Microsoft Word.2. WordPad мәтіндік редакторы қалай іске қосылады?А) Бас менюдегі Бағдарламалар – Қалыпталған - WordPad;В) Сілтеуіш (Проводник) терезесінде Windows бумасындағы Write шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы;С) Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде Windows – Бас меню - Бағдарламалар - Қалыпталған – WordPad біртіндеп ашу арқылы;Д) Бас менюдегі орындау командасын орындағанда ашылған терезеде WordPad деп теріп жазу арқылы.3. WordPad бағдарламасының атқаратын қызметі қандай?(дұрыс емес жауапты көрсетіңіз)А) өлшеміне шек қойылмайтын құжаттық файлдар құру және оларды оқу, өңдеу;В). txt және. doc файлдармен жұмыс және оларға стиль құру;С) Мәтіндік құжаттарды және Блокнот программасында жазылған мәтіндерді форматтау;Д) Көп терезелі режимде жұмыс істеу.4. WordPad редакторында меню қатарының дұрыс жазылған командалар тізімін көрсетіңіз:А) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Формат (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат);В) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Анықтамалық (Файл, Правка, Вид, Вставка, Справка);С) Файл, Түзету, Түр, Анықтамалық (Файл, Правка, Вид, Справка);Д) Файл, Түзету, Енгізу, Формат Файл, Правка, Вставка, Формат);5. WordPad редакторында жазылған құжатты файлға қалай сақтауға болады?А) Файл - Сақтау (Файл - Сохранить) командасын орындау арқылы;В) Басқа атпен сақтау үшін Файл -..... деп сақтау (Файл - Сохранить как)С) Саймандар тақтасындағы Сақтау батырмасын шерту арқылы;Д) Программа терезесін жабу кезінде ашылған терезедегі Иә (Да) батырмасын шерту арқылы.ІІ деңгей. «Біз мәтін жаза аламыз»1. WordPad бағдарламасын іске қосу.2. Қазақша қаріп түрін және өлшемін 16 - ға тең деп алыңыз.3. Мақалдарды дұрыс мағынасымен жазу.1) Білім басы - зейнет, соңы - бейнет.2) Білімдіге күні жарық,Білімсіздің дүние қаріп.3) Өнер - жанып тұрған бұлақ,Ілім - ағып жатқан шырақ.4. Мақалдарды ерекшелеп алып, ортаға туралауІІІ деңгей. «Біз сурет саламыз»1. Paint графиктік бағдарламасын іске қосу.2. Жұмбақ шешуін тауып, суретін салу, түрлі түске бояу.3. Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу.1) Ұшымен қазық,Тор көзді жазық.Үстіне өттім,Асыл сөз жазып.Бұл не? (Дәптер)2) Күміс алмұрт тілі бар,Сыңғырлаған үні бар.Шақыратын білімге,Сағаты бар, күні барБұл не? (Қоңырау)4. Салынған суретті көшіру командасымен WordPad бағдарламасына көшіру.5. Суретті «Білім» деген атпен сақтау.ІV деңгей. Шығармашылық деңгейWordPad мәтіндік бағдарламасын іске қосып, «8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесі» деген тақырыпта сурет енгізу, эссе немесе өлең шығару.Сабақты қорытындылау, бағалау: Әрбір оқушының деңгейлік тапсырмалардан алған ұпай сандарын бағалау парағының көмегімен есептей отырып, білім деңгейлеріне сәйкес бағалаймын.Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау