1-Мамыр ?аза?стан халы?тарыны? бірлік к?ніне арнал?ан ?аза?стан -бірлік пен татулы?ты? мекеніатты мерекелік кешіні? ба?дарламасы



Оңтүстік Қазақстан обл.Арыс қаласы ББ қарасты
«Аққала» жалпы орта мектебінің І деңгейлі география
пәнінің мұғалімі:Казыбаева Гульмира Бекбосынқызы
Тақырыбы: «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені!»
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» атты кеш өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегін бейне көрсетілімнен тыңдаймыз. (Бейне көрсетілім)
Жүргізуші: 5-сынып «Томерис» би тобының орындауында «Ару Қамажай» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын бере, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Бүгінгі біздің мектеп ұжымымен бірге ұйымдастырып отырған кешімізде, бірлестіктер алты топқа бөлініп, алты түрлі ұлттың мәдениетін, ұлттық тағамымен өнерін көрсете отырып, сайысқа түспекші.
1 - топ: «Түріктер»
2 - топ: «Өзбектер»
3 - топ: «Қазақтар»
4-топ:«Орыстар»
5-топ: «Қырғыздар»
6-топ: «Азербайжандар»
Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан.
Бағаларын береді,
Көрсеткен жақсы өнерге, - дей келе әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
1.Жүргізуші:
Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Түрік, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 
Ортаға «Түріктер» тобын шақырамыз.
2. Жүргізуші:
Көшіп - қонып жүретін,
Ала дорба асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын өмірден
Ортаға «Өзбектер» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Келесі 3 топ:
Мінезі бар салмақты,
Үшінші топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортаға «Қазақтар» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып - ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортаға 4- «Орыстар» тобын шақырамыз.
Жүргізуші:
Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты қырғызым-ай.
5-топ «Қырғыздар» ортада.
Жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Азербайжандай інісін тіреп тұр.
6-топ «Азербайжандар» ортада.
1-кезең. Сәлемдесу.
Жүргізуші:
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп алтаумыз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
 
Бүгінгі сайыстың 1 - ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін. Ұлттардың өз тілінде сәлемдесуі. (Топтар кезегімен сәлемдеседі )
Топтарымызға рахметімізді айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
2-кезең ұлтардың мәдениеті
 Жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт - дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Ұлттардың мәдениетін тамашалайық.(Ұлттар өз кезектерімен мәдениеттерін дәріптейді)
Әділ-қазылардың бағасына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
3-кезең «Өнерлі өрге жүзер»
Жүргізуші:
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!
Топтардың өз өнерін тамашалайық.
Әділ-қазылардың бағасына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%,орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[8]Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9] Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 86 қала, 200 кент, 186 аудан,174 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 58%- ы қалада, 42%- ы ауылдық жерлерде тұрады.
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек. Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.
Топтар өздері әзірлеген «Ақ дастархан» көрмелерін сөйлетеді.
Әділ-қазылардың бағасына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: 
Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
5-кезең «Мені түсін» тренингі
Әділ-қазылардың бағасына сөз кезегін береміз.
Адамзаттың арманын ұғып бірден,
Сенім құйып, үнінен үміт күлген,
Сан халықты бі тудың аясына
Бір әнмен біріктірген.
Алдарыңызда 5-сынып оқушысы: Әбілхан Нұрсезім Әкімбайқызы «Қазақ елі осындай» әнімен.
Топтарымызға рахметімізді айта отырып, әділ - қазыларына сөз кезегін береміз.
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!