Жа?а жылды? ерте?гілік балаба?ша б?лдіршіндеріне


Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Әсем безендірілген, түрлі – түсті ойыншықтармен жарқыраған жасыл шырша зал ортасында орын алған. Балалар залға көңілді әуенмен кіріп, шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңіз есен сау бармысыздар
Келіп қалды жаңа жыл мерекесі,
Құттықтаймыз жаңа жылмен баршаңызды!
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем,ойыншықтарымыз қандай әдемі!
-Бірақ шыршамыз көңілсіз .Неге көңілсіз қалай ойлайсыңдар? Балалар: Шыршамыздың шамы жанбай тұр.
-Ендеше шырша шамын жағайық, қане үрлейік ,шапалақ ұрайық.
Жүргізуші: балалар жана жылды қарсы алуға дайынсыңдарма? Олай болса, бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған әндерімізді, тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Ән «Шырша»(Бәрі бірге)
Ғажайып сәт: Ән аяқтала бере сырттап әндетіп , көтеріңкі көңілмен, жан-жағына алаңдай қарап, бір қолына түрлі-түсті шар,бір қолында хат ұстаған күлдіргі кіріп келеді.
Күлдіргі: Мен Күлдірген, Күлдірген,
Көрерменді күлдіргем.
Жиналған қауым алдында,
Өнерімді білдіргем!
Ой,ой жаңа жыл мерекесі басталып кеткен бе? Мен кешігіп қалдым ба?
Жүргізуші І: Ия,ия күлдіргі сен кешігіп қалдың,Сен қайда журсің?Мерекеміз басталып кетті, барлық бала Сені күтіп қалды. Аяз ата мен ақшақар көрінбей ме?
Күлдірген; Қымбатты балалар мен аяз-атаның жедел хатын алып келдім. (жедел хатты оқиды)
Балалар мен сендердің бақшаларыңды таба алмай баска бақшаға кіріп кетіппін.Көп кешікпей сендерге де жетемін,дайындаған тақпақтарыңды айта беріңдер.
Жүргізуші: Қанеки балалар тақпақтарымызды айтып берейік:
Арнұр: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Алдияр:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ермек : Аппақ тонға оранып,
Базарлықта мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Томирис: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны
Мерекеміз басталды,
Аяз ата оралды.
Бахтияр: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Жаңа жылмен жайдары
Құттықтаймыз баршаны
Ғажайып сәт:Қорбаңдап аю шығады.
Жүргізуші: Салеметсіңбе аю, сен неге қорқып дірілдеп тұрсың?
Аю: Сендер аңшы емессіңдер ме? Мен аңшылардан қорқамын.
ЖүргізушіІІ: Аюжан жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой, біз ормандағы достарымызды жаңа жыл мерекесіне шақырамыз, мүмкін би билеп берерсіздер.
Аю: Менің қонжықтарым да осында екен ғой мен енді ешкімнен қорықпаймын,келіңдер қонжықтарым билейікші.
Ұл балалармен бірге «Қонжықтар биі»
Шыршаның жанынан түлкі шығады.
Түлкі: Сендер жаңа жыл мерекесіне мені неге шақырмадыңдар?Мен сендерге ренжідім.
Жүргізуші: Түлкі,сені аю таба алмады
Түлкі: Жарайды онда мен сендерге ренжімеймін, шыршаларын қандай сұлу! ---Алақай,алақай деп түлкі мен қоян секіріп айналады.
Жүргізуші : О,алақай тамаша
Шыршамыз түр жараса
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз жаңаша!
Ән «Құт болсын мол болсын»- орындайтындар Димаш, Гүлім,Ерулан
ЖүргізушіІ: Аяз ата мен ақшақар кешікті ғой...
Бәрі бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырады
Залға әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым
Аппақ ару қыздарым
Мен сендерге акелген
Құтты болсын жылдарың.
Ақшақар: Өздерің де аман есенсіңдерме, менің балғын достарым.Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер тақылдап тақпақ айтып беріңдер.Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.
Ән «Снег идет»орындайтындар Далида,Жибек,
Жүргізуші: Ортаға”Шырша” биіменқыздарды шақырамыз
Жүргізуші: Ал аяз ата сізде де балаларға дайындаған өнеріңіз бар шығар?
Ойын:Қатырамын
Тақпақтар:
Амина: Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп аяз атаның.
Санжар : Шыршамызда қаншама Түрлі - түсті шырақтар Күлгін түсті тоқаштар Жарқыраған алтын бар.
Гүлім : Көптен бері жаңа жылды
Сағына мен күткенмін
Шырша тойға анашымның
Маған киім тіккенін.
Ән «Қарлы шың»орындайтындар Амина,Санжар
Ән «Біз адыман баламыз» хор
Аяз ата : Жарайсыңдар балаларым !Барлықтарың өнерлі екенсіңдер киген киімдерің қандай әдемі аталарыңды бір қуанттыңдар ақшақар қызым маған көмектес.(балаларға сыйлық таратады)
Енді өздеріңмен қоштасып басқа балабақшаға баруым керек(қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Бұл күн біздің бәріміздің
Қуанатын шағымыз
Шырша тойда келер жыл
Кездесейік тағы біз!
Құттықтау сөзі балабақша директорыныңміндетін атқарушы Абзалова Айнұр Берікболовнаға -беріледі.
Ата-аналардың құттықтауы.
Осымен ертенгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, “Жас терек”бөбекжай-бақшасы,тәрбиеші Абзал Мерейлім Ержанқызы