Балаба?шада?ы ерте?гілік, Мені? ?аза?станым!


«Менің Қазақстаным» атты ертеңгілік .
1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар, қадірлі қонақтар! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.
«Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіңдері дайындаған «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!
Болашағы елімнің,
Жігер сезем үніннең.
Өнер үйрен еңбек ет,
Балғын сәби күніннең деп бақытты бүлдіршіңдерді қол шапалақтап қарсы алайық.
1.Жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.Енді ағайын, көгінде қалықтасын,Қазағымның қастерлі - Әнұраны!ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
1.Жүргізуші:  «Менің Қазақстаным» атты ертеңгілік мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Шаталова Людмила Анатолевнаға беріледі.Мектеп директорының құттықтау сөзі
1.Жургізуші: Мерейім - нұрлана бер азат Күнім! Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын, Таңымды тамылжытқан әсем әнменТыңдаңыз елін сүйген жастар үнін!
Тақпақтар:
1Жургізуші; Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш куанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Ән «Қазақстан» орындайтындар ортаңғы топ .1.Жүргізуші: Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан! Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр .Достығымыз жарасқан елдің бүлдіршіңдерінің тамаша биін қабыл алыныздар.
Би «Полька» орындайтыңдар кіші топ.
1.Жүргізуші: 
Отан деген – атамекен,Отан деген – туған жер
Отан – ана, отан – өлкен,Қазақстан – түған ел!
Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ, Ортақ бізге барлығыӘн «Отан» орындайтындар кіші топ.
1.Жүргізуші: 
Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. Байрағым желбіреп тұр биіктерде, Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! 
Би «Шаңырақ» орындайтыңдар ортаңғы топ.
1.Жүргізуші: 
Тәуелсіздік - шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік - көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.
Ән «Ағатайым» орындайтындар кіші топ.
1.Жүргізуші: Алтай – Жайық арасы – Жарты әлемдей даласы.Ол – біздің Қазақстан!Кенге толы қойнауы,Төлге толы жайлаулы.Ол – біздің Қазақстан!Жастан сүйіп аңсаған,Тәтті күй мен кәусар ән,Ол – біздің Қазақстан!Ән «Әр қашан күн сөнбесін» оындайтын хор.
1.Жүргізуші: 
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен «Менің Қазақстаным» атты ертеңгілігіміз аяқталды
Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.