Ашы? саба? математика 10 саны мен цифры


12.01.2017
Білім беру саласы: Таным 12.01.2017оқу жылы.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы:10 саны мен цифры.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 сан
нан кем санды 10-ға дейін толықтыру, Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пай
далана отырып, оқушылардың ойлау,
 есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, ақыл-ой белсенділігін күшейту.
Тәрбиелік:Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  (саяхат сабақ)
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,ойын,әңгімелесу.
Көрнекілігі:ертегінің кейіпкерлері,сурет,карточка дәптер, сиқырлы математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар:
Арайлап атқан таңға сәлем.
Шуағын шақан күнге сәлем.
Жайқалып өскен бізге сәлем.
Ақыл беріп тәрбиелеген,
Апайларым сендерге сәлем. 
ІІ.Жаңа сабақ.
Тәрбиеші:
Бір, екі, үш,Сынып іші тып-тыныш.Жалқаулықты тастаймызСабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз Математика әлеміндегі, ертегілер еліне  саяхатқа шығамыз. 
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен көркем әдебиет сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім  қысқаша кім айтып береді?
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — депсұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем—дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын—дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші—дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол 
үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!
Сиырдың «Тез ойла,көп ойла» деген ойын тапсырмасын орындайық.
1.9 санының құрамын ата.
2.Бір жігіт қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
3.Бір қауын ауыр ма, әлде бір алма ауыр ма?
Жаңа сабақ: 10 саны мен цифр құрамымен таныстыру.10 саны екі таңбалы сан екенін түсіндіру. 10 санында 10 бірлік барын айту. 10 саның жазылуымен таныстыру. 1 мен нол санынан құралғанын түсіндіру.10 сан құрамы 5+5,6+4,7+3,8+2,9+1 қосындысы арқылы шығатыны туралы түсінік беру.
Ал енді ағаштың тапсырмасын орындайық.
Ойын: « Кім жылдам?»
1.Не көп? Не аз?
2.Әр топтағы заттарды салыстыр?
3.Қосу және азайту амалдарын орындау.(карточкамен жұмыс)
 Қыздардың тапсырмасы.
1.7-ге тең болатын өрнектерді ата?
2.Бір аптада неше күн бар?
3.Тап және көрсет: таңбаларды атап беру.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып,бір тұрып
Бір тынығып алайық.
Дүкеншінің тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
1.Сөредегі заттардың санын тауып санау және жазу.
2.1-10дейін тура кері сану.
3.Есепті шығар. 1+2= 2+2= 4+3= 6+1=
Тауықтың тапсырмасы «Геометриялық фигураларды атау».
Соқыр теке ойыны. (қол қимылы арқылы жасалатын ойын)
Оқушылар фигуралардың атын атап беру.
Тышқанның тапсырмасы артық затты тап.
1.Мысалы: алма, ананас,доп,банан.
2.1-10 дейін үш тілде санау.
ІІІ.Қорытынды
1.Балалар бүгінгі сабақта біз қай ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын орындадық?2.Қай сан құрамымен таныстық?Үйге тапсырма :
Санамақ жаттап келу.
1V.Бағалау
Тәрбиеші : Ергебек Ж.Ә.

№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
10 саны мен цифры
(Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру)
Тәрбиеші: Ергебек Ж.Ә.
2016-2017 оқу жылы