?аза?станны? ежелгі ?аласы. Жал?аулар т?рлері. та?ырыбы бойынша ?аза? тілі ж?не ?дебиеті п?нінен саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қаласы. Жалғаулар түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптарын, алған блімдерін қайталау, жалпы шолу, қорытындылау.
Дамытушылық: Тіл байлығын дамыту, алған білімдерін жүйелі түрде қолдануға баулу.
Тәрбиелік: Отанымыздың құдіретін бағалап, сүю, мақтан ету, достыққа, бір-бірімен жұмыс орындауға баулу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, карточкамен жұмыс
Сабақтың барысы
I. Амандасу!
II. Кезекшілікті сұрау.
III.Үй жұмысын сұрау.
IV. Жаңа сабақты бастау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1. Мәтінге күрделі жоспар дайындандар. Мәтіннің мазмұнын айтып беру.
Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VI–VIII ғасырларда Сырдарья өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. XVI-XVII ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.
VII ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы қатын кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.
X-XII ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.
XVII ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналады.
2. Мәтінді аудару. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғап оқып, көшіріп жазыңдар.
Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар......... бірі – Түркістан қала........ . Түркістан қала............
.- қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданы.......... орталығы, Шымкент қаласы........ 225 шақырым жерде. Бұл қала.......... орнында IV – X ғасырлар............ Шабғар деген үлкен қала болған. IX – X ғасырлар........... бұл қала ерекше гүлденіп, Йаса (Йасы) деп аталады. XV ғасыр............. бастап Түркістан деп аталды. Бұл қала.............. осы уақыт........... дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесене.......... бар.
3. Мына берілген сөз тіркестерін аударыңдар.
Я живу, родился и вырос; мой город; молодой (старый, древний) город; растущий город; зеленый город; широкие проспекты; широкие улицы; государственный дом; частный дом.
4. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттаңдар.
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой....
V. Рефлексия.
VI. Үй жұмысын беру. Карточкамен жұмыс. Қайталау.