Ж. Аймауытов. ?арт?ожаны? ту?ан жері 2 сынып


Пән:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері
Сабақтың мақсаты: Ж.Аймауытовтың Қартқожаның туған жері әңгімесін таныту,туған жер,атамекен туралы түсінік беру.2.Ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.3.Туған өлкеге сүйіспеншілгін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас
Көлнекілігі:Ж.Аймаутов портреті,суреттер, мақалдар
Әдісі:тұсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз- білім алу Міндетіміз –еңбектену Еңбек етіп топтаса 5-ке қолды жеткізу 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1.Өткен марериалды қайталау жұмысын жүргізі.2.Бөлімді қайталауға арналған тестің қорытындысын талдау
Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ:Балалар өткен сабақта Қартқожа туралы әңгіме оқығанбыз.Ол қай жазушының кейіпкері еді?Ж.Аймауытов туралы білетініңді сызбаға түсір
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Ү.Оқулықпен жұмыс.Сөзжұмбақты шешіп Отан деген сөзге өз ойын айтады
б) Сөздік жұмысы.
Қотан –қой кіретін үй маңы.
Үй басы – әр үй
Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.
Шерсіз – қайғы – мұңсыз.
Балапан жүректі – сәби, жас жүректі.
Қас қарайды – кеш болды.
Жетесіз – ақылсыз.
в) Мәтінді оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей).
Мазмұнын қысқаша баяндау.
ҮІ.Дәптермен жұмыс
4 – 5 сөйлемнен тұратын «Туған жер» мәтінін құрастыру.
ҮІ.Сабақты қорыту:Алған білімдерін қайталай отырып ,сұрақ жауап әдісімен бекіту.
Сен өзіңнің ауылыңнан алыста жүрсін дейік,көз алдыңа не елестер еді:
ҮІІ. Бекіту.
ҮІІІ Үйге тапсырма:70 бет оқу,мазмұндау.
IX.Бағалау