?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Фонетикадан ?ткенді ?айталау 5-сынып


Фонетикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: дыбыс және әріп тақырыбынан өткен материалды қорытындылау, мәтінмен жұмыс істеу арқылы мәтіннің негізгі түйінін табуға дағдылану. Қуан! Шаттан! Алақай!Қуанатын күн келді.Күліп шықты күн бүгінҚайырлы таң,Қайырлы күн! ЖұмбақФонетикалық екі ұғым,Бірі мен бірі туыстас;Бірі-айтылады да естіледі,Екіншісі – жазылады да көрінеді.Бұл не? Шешуі: Бұл дыбыс пен әріп. Тіл білімінде әріп пен дыбысты зерттейтін сала қалай аталады? ФОНЕТИКА «Ми гимнастикасы» ойыны Дыбыс пен әріптің өзгешелігі неде?2. Сөз неден тұрады? 3. Ал мәтін неден тұрады? ЖауабыДыбыс пен әріптің өзгешелігі мынада: дыбыс естіледі, айтылады, ал әріп жазылады.Сөз дыбыстан тұрады.Мәтін сөздерден, сөйлемнен, абзацтан тұрады. Шөп сарғайып,Өңі тайып,Дала сұры қашады.Бой жаза алмай,Ойнай алмай,Денең мұздап тоңады.Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады? Жұмбақ өлең КҮЗ МЕЗГІЛІНДЕ БОЛАДЫ КҮЗГІ СЕРУЕН Күз мезгілін ойша қалай елестетесіңдер? Жауабы Алтын күз Балалар мектепке барады Жапырақтар сарғаяды Суық түседі Егіс орағы басталады Жиі жаңбыр жауады Күз айлары Берілген суреттер арқылы күз айларының аттарын жазыңдар Күз айлары Жауабы Қыркүйек Қазан Қараша Мәтінмен жұмыс Қыркүйек – күздің бірінші айы.Бұл суық түсті, жайлаудан мал келді деген мағынада айтылады. Ауа салқындай бастайды. Шық түседі. Қайтқан құстардың тобы көбейеді. Шаруашылықтың жиын – теріні аяқталып, жұрт қыс қамына кіріседі. Жаздай демалған балалар мектебімен қауышады. Қыркүйектің жиырма екінші жұлдызында күн мен түннің ұзақтығы теңеледі.Қыркүйектегі шуақты күндерді «мизам шуақ» дейді. СөздікМизам –1.күздің бас кезінде өсімдіктің ұшып жүретін ақ ұлпасы2. Қыркүйектің ескі атыШуақ – күннің жылы сәулесі.Мизам шуақ – күздің жылы күндері. Түрі Неден тұрады Мазмұны Берілетін баға Мәтін Мәтін неден тұрады? Қыркүйек айының ерекшелігі Қыркүйек – күздің қандай айы?Қыркүйек айында адамдар не істейді? Сергіту сәті Тербеледі ағаштар,Алдымнан самал еседі. Кіп-кішкене ағаштар,Біп-биік болып өседі.Ағаштар тербеледі (екі қолды созып оңға, солға тербелу)Қаттырақ тербеледі (екі қолды жоғары созған қалпы қаттырақ оңға, солға тербелу)Кіп-кішкентай ағаштар (аяқтарын бүгіп, төмен отыру)Үлкен болып өседі (қолды кең жаяды)Биік болып өседі (қолды биікке (жоғары) көтереді). Фонетикалық талдау Ашық күн Ортақ қасиеттері Бұлтты күн Күз мезгілінің ортақ қасиеттері мен ашық және бұлтты күндегі аспанды салыстырайық Ашық күн:Аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза. Ортақ қасиеттері:1. Күн қысқа, түн ұзақ.2.Жаңбыр жиі жауады.3.Шөптер, жапырақтар сарғаяды.4.Астық жиналады.5.Балалар мектепке барады.6. Құстар жылы жаққа қарай ұшады.7. "Алтын күз" деп аталады. Бұлтты күн:1. Аспанда сұр бұлт қаптайды, не ала бұлтты болады.2.Ауа дымқылданып тұманданады.3. Суық жаңбыр сіркіреп, не нөсерлеп жауады. Қыркүйек қоңырауы.Алтын ______________ Қыркүйек. _________________ қара. Күн жылы.Жарқын ____________, қыркүйек.Жайнайды ________________ күні. Сырбай Мәуленов Керекті сөздер: күз Жер бұл күз "Ойлан, тап" ойыны Берекесін сыйлауға,Өлкемізге _____________________ келді.___________________________ жинауға,Шақырады біздерді. ___________________ қайтты ән салып,___________________ торлады аспанды.Қыс келеді жар салып,Күзгі суық басталды.Н.Әлімқұлов Керекті сөздер: күз Астықты Құстар Бұлт Тапсырма. Берілген сөздерде қанша әріп, қанша дыбыс бар? Асты сызылған сөздегі дыбыстарға мінездеме беріңіздер. Күзде, суық, құстар. Бүгін сабақта Нені еске түсірдім? Нені үйрендім? Бүгін сабақта Нені еске түсірдім? Нені үйрендім? Сөз дыбыстан тұрады.Тілдің дыбысынан, сөзінен мәтін шығады.Күз айларының ерекшелігі. Қыркүйек сөзінің мағынасы. (Суық түсті, жайлаудан мал келді).Мизам шуақ. (Қыркүйектегі шуақты күндер). Үй жұмысы«Күз мезгілі»тақырыбына жазбаша мәтін құр және мазмұнда. Сау болыңдар!