Та?ырыбы: Отбасым – мені? ба?ытым


Тақырыбы: «Отбасым – менің бақытым».
Мақсаты:
1)Білімділік: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2)Дамытушылық: Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3)Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы туралы нақыл сөздер, суреттер, карточкалар, слайд.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, пікір -
талас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім:
Мұғалім:
Психологиялық дайындық.Қане, қане, тұрайық,Үлкен шеңбер құрайық.Тұрсақ үлкен шеңбергеАлақанға ұрайық.-    Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір– бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды? «О» - әріпіне ұқсайды.«О» - әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Ана - отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-ананың тікелей міндеті болып табылады.
2) Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:
Бала,бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Әкем шытса қабағын,
«Байқа, балам» дегені
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен
3) Көрініс:
Әкесі ұлына: Балам, мына бір топ шыбықты сындырып көрші.
Оңай ма, әлде қиын ба екен бұл ісің?
Күштеріңді байқауды мен мақсат еттім.
Үлгі етуді өсиетті қалайды еркім.
Ұлы: Сындыра алмай, әуре болдық, әкешім
Қиын неткен құпиялы жұмбағын?
Өсиетің бізге әрдайым өнеге
Шырақ болар мына жалған дүниеде.
Әкесі: Шыбықтарды бір-бірлеп болады
Осылайша татулық көзден ұшады.
Араздаспай бірлікті мәңгі дос етсең
Топ шыбықтай мықты отбасы құрылады.
4) Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым» тақырыбындағы көрмемен таныстыру. 5) «Арқан тартыс» ойыны.
Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
Отбасының басшысы кім? ( Әке)
«Батыр ана» қалай түсінесіңдер? (Көп баланы дүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз).
Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
Әкелеріңнің анасы кім болады? (Әже)
Балдан тәтті не? (бала)
Әкеден балаға берілетін зат (мұра)
Тәрбие мен білімнің ордасы ? (мектеп)
18 жасқа толмаған адам? (бала)
Өзін – өзі тану пәнінің авторы кім? (Сара Назарбаева).
6) Карточкамен жұмыс «Құндылық құнын ұғындар». Мерейлі отбасына:
Отбасымда ең сыйлы Ең қымбаттыЕң ақылды Ең сүйкімді Берекелі отбасына:
Ең құрметті Ең құнды
Ең бағалы
Ең қажетті
7) Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:
Мерейлі отбасына: Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
Берекелі отбасына: Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 
8) «Мерейлі отбасымен» таныстыру.
Қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілегендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, біздің облыстан қатысқан ақтөбелік Нұсқабаевтар әулеті еліміздің үздік отбасы атанды. (видео).
- Отбасы дегеОтбасы қандай болу керек?
- «Батыр ана» атағын алған әже – аналарын барма?
9) «Отбасы-алтын діңгек» ағашы. Әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасы қалай құрметтейтіндіктерін бір – бір сөз жазып іледі.
10) Хор: Әрқашан күн сөнбесін.
Қорытынды: Мен бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жаңа ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе – ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пен күдіктің ортасында
Ата – ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата – ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Көріскенше күн жақсы! Аман – сау болыңыздар!