Мені? мемлекеттегі орным. 9-11 сынып


Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы
тәлімгер Шынар Сабирова Қайроллақызы
Тақырыбы: "Менің мемлекеттегі орным" әртүрлі мамандық иелерімен
"Сыр сұхбат" бағдарламасы
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына кәсіптер әлемі, өзіміздің аймақтардағы оқу орындары туралы ақпараттар беру, оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету, өздерінің өмірлік жоспарларын анықтау, жауапкершілікті сезіндіру мен іс-әрекеттер алгоритмін құруға көмектесу.
Түрі: сұхбат түрінде
Көрнекілігі: видеопроектор, шар,гүл
Барысы:
1-ж: Халық арасында мынандай жақсы сөз бар өмірде 2 нәрседен қателеспеу керек Ол біреуі жар таңдауда болса, екіншісі мамандық таңдауда екен.Ал, біз осының ішінде мамандық таңдай білеміз бе? қателесіп жүрген жоқпыз ба?
1-ж: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Жүргізуші мен Шынар Қайроллақызы және
2-ж: Нурия Амантайқызы.
Бірге: Бұл "Сыр сүұхбат!" бағдарламасы. Қош келдіңіздер!
2-ж: Әлемде 200 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-ы қайтадан жұмыс орнына қайтадан оралады екен.Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? осы және тағы басқа сұрақтар төңірегінде бүгінгі кешімізде жауаптарын тауып, шешімін аламыз деген ойдамыз. Олай болса, бүгінгі қозғалатын өзекті тақырыбымыз мамандық жайында болмақ.
1-ж: Ендеше, «Сәлем-сөздің анасы» дегендей бәріміз орнымыздан тұрып бір-бірімізге қарап басымызды иейік. Басымызды иіп болсақ, Шәкірт дегенде қолымызды алға созайық, студент дегенде жымиямыз, болашақ маман дегенде қол шапалақтайсыздар. Ендеше, бастайық.
2-ж:Рахмет. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман. Бүгінгі бағдарламамызға арнайы
шақырылған қонақтармен таныс болыңыздар!
Мамандармен таныстыру.
1ж: Қайда менің студентті к күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін.
Бақытты сәт,шалқып шығар күндерім-дегендей
күні кеше алтын ұя мектебімен қоштасып кеткен балаң шәкірт, бүгінде студент деген есімге ие болып ортамызға келіп отыр. Қош келдіңіздер!
2-ж: Ия, уақыт деген зымыран! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа »,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасына отырып, білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып, үлкен білім ордаларының студенттері болып ортамызда отырса, енді белгілі бір маман иесі атанып еліміздің дамуына үлес қосып жатыр. Бұл жастар- Көк байрағын желбіртеіп, әнұранын асқақтатақан егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.
1ж:Мамандармен сұхбат
2 жүргізуші:. Бүгінгі кешке жиналып отырған шәкірттеріміздің көкейінде жүрген сұрақтары бар. Осы кеш барысында сұрақтарына жауап беріп отырсаңыздар.
Сіздер болашақ мамандықтарыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыздар ма?
Қандай мамандықтар заман талабына сай деп ойлайсыз?
Мамандық таңдаған кезде кімнің пікіріне көптеп жүгіндіңіз?
Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не қалай ойлайсыздар?
Мамандық таңдаған кезде ата-анамен достарыңыздың пікірі бойынша таңдау керек деген ұғымға келісесіздер ме? Не үшін келісесіз? Не үшін келіспейсіз?
Ең бастысы адам өз маманығына келген кезде, ісіне сүйіспеншілікпен, өзімнің қызығушылығыммен таңдағаным дұрыс деген пікірге келісесіздер ме?
Қазіргі мына зам анда мамандық таңдаған кезде рухани байлығыңнан гөрі, материалдық жағың басым болу керек деп ойлаймын.Сіздің ойыңыз қандай?
Мамандық таңдау кезінде қателестім, басқа мамандық таңдағаным дұрыс болар еді деп өзіңізді кіналаған кездеріңіз болды ма?
Мектеп кезіндегі естеліктеріңіз
1ж:«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
«Мамандықтар презентациясы»
«Ең жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(бизнесмен).
Ән: Кім болам? Бисенғалиқызы Гүлсая
Қолтаңба қалдыру
2-ж: Сыйлық ұсыну
«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. «Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол» дейді дана бабаларымыз. Қазақ халқы қашанда даналығымен, қонақжайлылығымен ерекшеленетін халықтардың бірі ғой. Тағы бір осы салтымыздың дәстүрі қонақтарды құр жіберуге болмайды деген ниетте, мынау кішкене бүгінгі кештің естелігі ретінде сыйлығымыз киіз үй макеті қабыл алыңыздар.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.1-ж:Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып армандарыңызға жетіп, мамандық таңдауда қателеспеңіздер.
Айтуға оңай әрине.
Бірге: Сау саламатта болыңыздар!