Коучинг сессия Lesson study –зерттеу саба?ын ?алай ?ткізуге болады?


43180112395
Қызылорда облысы,
Қазалы қаласы, №16 орта
мектебінің география пәні
мұғалімі Өтепбергенов Рахымжан
Коучинг-сессия
Сабақтың тақырыбы: Lesson study –зерттеу сабағын қалай өткізуге болады?
Жалпы мақсаты: LessonStudy – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді;
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. 
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай  ынтымақтастық орнатуға болатынын анықтау; • Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді; мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; • Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Түйінді идеясы: - Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. - Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. -Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. 
Материалдар және құрал-жабдықтар Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларды орындау үшін қағаздар,көрсетілім, - «Lesson Study» презентациясы видеоролик. 
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, ауызша әңгімелесу, ойға шабуыл, сұрақ-жауап, ассоциация, мәтінмен жұмыс, , қорытынды рефлексия, формативтік бағалау.
Коучингтің барысы: Коучинг этаптары Уақыт Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері Амандасу 2 мин Коуч коучингтің тақырыбы және мақсатымен таныстырады «Қошемет» - тренинг 7мин Танысу,көңіл-күйлерін көтеру Сұрақтар: 1. Кімнің отбасында туған күн 31 желтоқсан немесе 1 қаңтарға сәйкес келеді? 2. Кімнің отбасында Жаңа жылға қалыптасқан дәстүр бар? 3. Кім «В лесу родилась елочка» өлеңін біледі? 4. Кім өз өмірінде Жаңа жылда аяз ата рөлінде немесе костюмін киді? 5. Ал ақша қар болған кім? т.б. ортаға шыққан мұғалімге қалған мұғалімдер алақан соғады. Топтарға бөліну 2 мин Ұлыбритания, АҚШ, Жапония елдерінің тулары арқылы тыңдаушылар топқа бөлінеді.
1 тапсырма: Топтарға бөлу.
Шарты: Мұғалімдер стикерлерге жапсырылыған әртүрлі суретін алу арқылы 3-4 адамнан топтарға бөлінеді (1 топ, 2 топ, зерттеуші топ)
Ескерту: Егерде мұғалімдер саны көп болса, бірнеше топтарға бөлінеді, ал мұғалімдер саны аз болса, екі топқа бөлінеді: «Lesson study –зерттеу сабағын қалай өткізуге болады» таныстырылымын көрсетіп мағлұмат беру. Ойларын тыңдау:
Lesson Studu тәсілі дегеніміз не? Lesson Study тарихы? Оны не үшін пайдалануға болады? Үдерістің кезеңдері қандай?
Қазақстандағы Lesson Study?
Lesson Study-қатысушылары? Lesson Study-ды пайдаланғаннан кейінгі нәтижелер? Деген сұрақтарға топтардың ойларын байқап көру 2 тапсырма: Бір топ Lesson Studу –ді қолдануға болады, екінші топ қолданып керегі жоқ дейді. Үшінші топ екі топтың дәлелдерін тыңдап, екі топтың біріне қосылады, 3 топ зерттеуші топ сарапқа салады.постерлер арқылы қорғау қорытынды жасайды.
2.Сергіту сәті: «Пандамен бірге жаттығу жасайық» бейнетаспа арқылы үдерістеу бойынша жаттығу жасау
Рефлексия:Бұл жаттығу сізге оңайға соқтыма? Не себепті?
3 тапсырма: Lesson study –зерттеу сабағын қалай өткізуге болады?
Мұғалім таңдау Сынып таңдау (Нашар),(жақсы) Сынып жетек
шісі Оқушыларды таңдау (А деңгейдегі), (В деңгейдегі), (С деңгейдегі)
Тәжірибелі Шығармашыл Жас маман Мұғалімдердің қызығушылығын, тартымдылығын,ойсыз қалмауын қадағалауымыз керек. Әр ой, әр пікір құнды.
4 тапсырма: «Рефлексия»
Шарты: «Блоб әдісі». Мұғалім суретте қай жерде тұрғанын айтып негіздеулері керек. Және де зерттеуге сабағына байланысты жұмыс қалай жақсартуға болатыны туралы ойларын айту. Қорытынды:......................................................................................... 
Сауалнамаға жауап алу1 Lesson Study үдерісі бойынша өткізілген сабақтын сіз үшін пайдасы болды ма? Иа жоқ Кейде 2 Сабақта қолданған қандай жаңа тәсілді тиімді деп ойлайсыз? Жеке жұппен топтық бағалау түрлері сізге ұнаған әдіс-тәсіл түрлері: 3 Зерттеу сабағы оқушы үшін маңызды деп ойлайсыз ба? Маңызды білмеймін Онша маңызды емес 4 Зерттеу сабағы мұғалім үшін маңызды деп ойлайсыз ба? Маңызды білмеймін Онша маңызды емес 5 Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер болды ма? Иа жок кейде 6 Сынып оқушыларының білім сапасына әсері бола ма? Иә орташа жоқ 7 Бақылаудағы оқушыларда ілгерлеушілік байқала ма? Иә көтерілді жоқ 8 Lesson Study үдерісін өткізу қажет деп ойлайсыз ба? Иә міндетті емес жоқ 9 Оқытудың қай бөлігі сіз үшін тиімді болады? үй тапсырмасы жаңа сабақ бекіту т.с.с. 10 Зерттеу сабағын жүргізудің басқаша қандай тәсілін ұсынар едіңіз?Мұғалімдердің пікірі:
Бағалау: ppt. «Бағалау критерийлері»
Шарты: Берілген тақырыпты қорыту бойынша топтарды бағалау, коучингті формативті бағалау.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топпен жұмыс істеу кезінде «ойлау ,пікір таластыру, оны қорғау арқылы адамның ойлау қабілетін қыры мен сырын таныту мақсатында бейімдей алдық.
Дереккөздер: МАН, Мұғалімдерге арналған бағдарлама, Веб сайттары