Lesson Study-саба?ты зерттеу ?дісі. коучинг


4.05.2015 жыл 3 апта Коуч Салахитденова Гульнура Талаповна Тақырыбы Lesson Study-сабақты зерттеу әдісі Жалпы мақсат: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсыну Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Үлестірмелі материалдар. Нәтиже Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру
құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай
ынтымақтастық орнатуға болатынын;
• Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді;
мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы
ойлануға мүмкіндік алады;
• Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Түйінді идеялар - Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
- Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
-Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. Топқа бөлу Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу «Бос ыдысты» толтыру тренингі
Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.
 Қорытынды да:
Ең алдымен, тас- өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;
Ұсақ тас-жеке басымызға байланысты;
Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;
Су-тіршілік көзі болғандықтан-ұзақ өмір;
Толық ыдыс мәнді де, сәнді де өміріміз. Бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын. Шапалақтау. «Миға шабуыл»
3мин «Lesson Study-дің тиімділігі» бейнефильмін тамашалауға шақыру, ойларын тыңдау.
  Бейнефильмді көреді , ой қорытады.
1 топ - «Lesson Study» дегеніміз не?
2 топ- «Lesson Study» - ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?
Мәтінмен танысады, топта талқылайды.
 
ІІ тапсырма
10 минут
 
Топпен жұмыс. Lesson Studu және ашық сабақ арасындағы айырмашылықты анықтап, кестені толтыру.
Lesson Studu Ашық сабақ


Lesson Studu Ашық сабақ арасындағы айырмашылықты анықтайды, флипчартқа түсіреді, постер қорғайды.
 ІІІ тапсырма
(10 минут) «Өз жағыңды таңда» («Метод углов»)
І топ Lesson Studu –ді қолдануға болады.
ІІ топ Қолданып керегі жоқ дейді.
. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Рефлексия Бүгінгі коучингтен алған әсерлерін стикерге жазу. Қорытынды жасайды.