Коучинг жоспарыО?у сапасын жа?сарту ма?сатында саба?та ??гімелесуді пайдалану ?дістемесі


ОҚО, Мақтарал ауданы №39 «Мырзашөл» ЖОМ КММ Шаншарова Шамшат
10 күн 2 сессия
2-сабақ: Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.
Іс-әрекет Тренердің әрекеті Тыңдаушының әрекеті
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу және сергіту сәті.
«Топта құрылған әңгіме»
10 минут Тренер әдіс -тәсілін түсіндіреді. Тыңдаушыларға А-4 қағазы таратылады,өз есімдерін бір шетіне жазып қояды. Әңгіменің басын өз парақщасына бір екі сөзбен жазып сол жағындағы көршісіне ұсынады, ары қарай толық топ мүшелері бір-бір сөзден жазып шеңбер бойымен өзіне парақ қайта келгенде ,өз әңгімесін оқып береді. Топтасып,тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.
Топқа бөлу.
Стикерлер арқылы
5 минут
Стикерлерге жазылған
1. түрткі болу
2. сынақтан өткізу
3. басқаға бағыттау
Таңдатып топтарға бөледі Стикерлер арқылы топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс жөніндегі нұсқаулық (2).pdf ресурспен жұмыс.
15 минут
Алдыңғы тапсырмада жасаған іс әрекеттерін қорытындылату.
Топтық жұмыстың түрлерін талқылай отырып оның тиімді жолдарын қарастыру.
Сіз топтарыңызға берілген тапсырманы қиындықсыз орындадыңыз ба?
Тапсырманы орындауда сіз топтың қойған мақсатына жете алды деп ойлайсызба?
Берілген тақырыптарыңыз толықтай ашылып маңызды , әрі құнды болғанына көзіңіз жетті ма?
Сіз осы топта жұмыс жасағанда оның қандай ерекшелік байқадыңыз?
Осы топтық жұмыс түрінің сіз қандай тиімділігін байқадыңыз?
Осы топтық жұмыс барысында диалог қанлай көрініс тапты?
Топтық жұмыс барысында диалогты оқытудың қандай тиімді, тиімсіз тұстарын байқадыңыз Топпен бірге нұсқаулықты зерттей отырып, топтық жұмыстардың мақсатына қарай топтастырудың жолдарын зерттейді. Осы тапсырмадан жассалған іс әрекеттерін еске түсіріп, яғни топтың түрлеріне қарай 5 топқа бөлініп тапсырмаларды орындау барасындағы тиімді жерлерін айтып өтеді. Сонымен қатар нұсқаулықта берілген тастырудың түрлі жолдары мен мысалдарын салыстырады. Топтық жұмыстың жалпы мақсатын ашады.
Әр топ жасаған жұмыстары бойынша қорғау жасап, басқа топтардан түскен сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіру.
Миға шабуыл.
Бейнежазба_Ашық сұрақтар.
15 минут Бейнежазбаны ұсынады,мұқият бақылау жасауларын ескертеді. Берілген видеороликті талқылай отырып диалогты оқытудың басты элементін айқындайды. Ролик бойынша мұғалімнің іс-әрекетінен ашық сұрақ қоюдың мақсатын көрсетеді. Видеороликті талқылайды. Өз ой пікірлерін айтады
Нұсқаулықпен жұмыс. Сұрақ қою. Сұрақтың түрлері.
15 минут
Видеороликті қайта талқылау.
15 минут Сіз роликтен қандай көріністі байқадыңыз?
Ондағы мұғалімнің қандай іс әрекетін байқадыңыз?
Оқыту үдерісінде сіз қандай диалогты байқадыңыз?
Оқушымен мұғалім қалай диалог орнаты?
Диалогты оқытудың мәні мен мағынасын сіз қалай түсіндіңіз?
Мұғалімнің оқушыға қалай? және неге? Олай сұрақтар қойды?
Диалогты оқыту үдерісінде қандай сұрақ түрлерін анықтай алдыңыз?
Қандай әңгіменің түрін байқадыңыз? Т.с.с. сұрақтар арқылы мұғалімдерді қайта бағыттау Нұсқаулықта берілген «Сұрақ қою» бөлімі бойынша топпен жұмыс жасайды. Сұрақтардың түрлерін анықтайды. Олардың ерекшеліктерін ажырата алады.
Сол бойынша видеороликті қайта талқылап сұрақтың қандай түрін көргендерін айтады.
Бірлескен жұмысқа негізделген тапсырма
10 минут Әр топ таңдаған пән бойынша сұрақ қою техникаларын қолданып , сабақ жоспарының бір кезеңін құрастырады.
Әр топ таңдаған пән бойынша сұрақ қою техникаларын қолданып , сабақ жоспарының кезеңін құрастырады, талқылайды, ортада ұсынып қорғайды.
Күн бойынша рефлексия
5 минут «Мен үшін бүгін ең құнды болған нәрсе - ..., себебі ...» Мұғалімдер өз ойларын айтады.