Квадратты? функция аны?тамасы у=ах2 + n ж?не у=а(х-m)2 функциялары (8 класс)


* Топ басшыларын сайлау үшін әр топқа бір-бір сұрақтан беріледіБөлшек рационал теңдеуді шешу алгоритмін ата?Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын айт.Биквадрат теңдеуді шешу алгоритмін ата Квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету * Үй жұмысын тексеру:Үй жұмысы есептер жинағынан 174, 175, 176 -есептер Квадрат теңдеу дегеніміз не?Квадрат теңдеудің неше түрі бар?Квадрат теңдеудің түбірлерін табу формуласын айтБиквадрат теңдеу дегеніміз не?Квадрат үшмүше дегеніміз не?Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамағатәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі.Тәуелсіз айнымалы. Квадраттық функцияның графигі. Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын әрпі.  Анықтама: у=ахІ +bх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайдыМұндағы a, b, c – нақты сандар және а≠0, х – тәуелсіз айнымалы. Квадраттық функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны. у=ахІ функциясының графигі парабола. Енді осы функцияның графигі арқылы у=ах2+n және у=а(х-m)2 функцияларының графиктерін салуды қарастырамыз * Алдымен квадраттық функцияның b=0 болғандағы дербес түрі у=ах2+n функциясының графигін салуды қарастырамыз.1-мысал. у=х2+2 функциясының графигін салайық. Шешуі. Берілген функцияның графигін салу үшін кесте құрамыз: х -3 -2 -1 0 1 2 3 у 11 6 3 2 3 6 11 * у=ах2+n функциясының графигі у=ах2 функциясның графигін ордината осінің бойымен n>0 болғанда n бірлікке жоғары немесе n<0 болғанда |n| бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған парабола n>0 n<0 Енді у=а(х-m)2 функциясының графигін салуды қарастырамыз.2-мысал. у=(х-3)2 функциясының графигін салайық. Шешуі. Берілген функцияның графигін салу үшін кесте құрамыз: х 0 1 2 3 4 5 6 у 1 4 * у=а(х-m)2  функциясының графигі у=ах2 функциясның графигін абсцисса осінің бойымен m>0 болғанда оңға қарай немесе m<0 болғанда солға қарай жылжыту арқылы алынған парабола m>0 m<0 Функциялардың графиктері бойынша формулаларын жазыңдар Оқулықпен жұмыс №245 (1,3); 246 (1); 247 (1,3) есептер Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады? 1) у=5х2-6 4) у=4х2 2) у=7х-1 5) у=x3+x+1 3) у=-3х2+х+7 6) у=9х2+4х ТЕСТ Т е с т Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -12. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер: А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д)жіктеуге болмайды.3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай алынады? А) 4 бірлік жоғары В) 4 бірлік төмен С) 4 бірлік оңға Д) 4 бірлік солға4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады? А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары5. y=x2+4 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?А) Ох осі бойымен 4 бірлік оңға В) Ох осі бойымен 4 бірлік солға С) Оу осі бойымен 4 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары Дұрыс жауаптар: 1.Д 2.А 3.В 4.В 5.Д “Мен бүгінгі сабақта не үйрендім” I топ : y=xІ функциясының графигін Ох осінің бойымен 2 бірлікке оңға; Оу осінің бойымен 5 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған функцияның графигін салып көрсет II топ y=xІ функциясының графигін Ох осінің бойымен 2 бірлікке солға; Оу осінің бойымен 3 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған функцияның графигін салып көрсет III топ y=xІ функциясының графигін Ох осінің бойымен 5 бірлікке оңға; Оу осінің бойымен 4 бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған функцияның графигін салып көрсет Үйге тапсырма №245 (2,4); 246 (2); 247 (2,4); 248 есептер