Ерлік пен же?іс т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Ерлік пен Жеңіс»
Мақсаты:
Білімділік:1941-1945 жылғы соғыста қазақстандықтырдың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру;
Тәрбиелік: Қазақстандық патриотизм сезіміне және патриоттық әнге қызықтыра отырып, тәрбиелеу;
Дамытушылық: Тарих туралы біліктерін жетілдіріп,көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.
Көрнекілігі: Слайдтар презентациясы,бейнетаспа соғыс туралы кітаптар көрмесі, шарлар.
Жұмыс түрі:Мерекелік кеш.
Барысы.
1-Жүргізуші: Армысыздар,қымбатты оқушылар, ұстаздар және ата- аналар!Бүгінгі іс- шара соғыс ардагерлеріне және өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға,қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға,ауылдың соғыс ардагерлеріне және тыл да еңбек еткендерге,Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналады.
2-Жүргізуші:Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұлы мен қызы.Совет Армиясы қатарында шайқасты.Республикада ондаған атқыштаржәне атты әскер дивизиялары мен бригадалары,авиация полктары мен арнаулы батальондар жасақталды.Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық пен табандылықтың үлгісін көрсеткен. Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық шайқасты.8гвардиялық атқыштар девизиясы құрамында панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таңғалдырған ерлік жасады.Қазақстандықтар София мен Варшаваны,Бухарест пен Белградты ,Будапешт пен Венаны, Праганы,жүздеген,мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты.
1-Жүргізуші:Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы,жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп,дұшпандарымызды күйіндірді,қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр,ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдей білді.Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де аз емес. Атап айтар болсақ.
1.Әлібаев Тілеу
2. Әлібаев Қалдықожа
3.Жұмабаев Ибраш Хамитұлы.
4.Толыбаев Дүйсенғали Талдықбайұлы.
5.Иманбаев Марғали
6.Төкенов Төлеубай
7.Алданаев Нұрмұқан
8.Жанайдаров Сағын
9.Баймағамбетов Сырбойлық
Бастау алып үлгермей тұрған дарын,
Кеткендерді жөн біліп тұрғандарың.
Отандастар,бір минут тоқтап үнсіз .
Еске алайық соғыстың құрбандарын-деп үнсіздік
жариялаймыз (бір минут үнсізідік).
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Жұмабаев Аманкелді Ыбырашұлына береміз.
Осы жасалған жұмыстарды сараптап бағалау үшін Әділқазыалқалары мен таныс болайық.
1.Садуов Болатжан Көшкінбайұлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2.Жауымбет Эльвира Темірханқызы 11-класс оқушысы.
3.Нұрсайынова Нұрбибі Нұрсайынқызы 11-класс оқушысы.
Бірінші бөлім.
Бұл іс шара екі бөлімнен тұрады.бірінші бөлім патриоттық сахналандырылған
ән сайысы.Екінші бөлім соғыс ардагерлерінің және тыл да жұмыс жасаған ардагерлердің ұрпақтарынан алынған сұхбат.Енді бірінші бөлімге тоқталайық.
5-класс оқушыларының орындауында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнін қабыл алыңыздар.
7-класс оқушыларын орындауында «Журавли»»әнімен сахна төріне шақырайық.
8-класс оқушыларының орындауында «Соғыстың соңғы көктемі»әні.
9-класс оқушыларының орындауында «Катюша»әні.
10-класс оқушыларының орындауында «Мәншүк»әні.
6-класс оқушыларын орындаунда «Соғыстан қайтқан солдаттар»әнін қабыл алайық.
Сағынбаева Гүлназ Мұратбекқызының орындауында «Ана туралы баллада»әні.
Екінші бөлім.
Енді ауыл ардагерліміз туралы қысқаша мәлімет берейік.
1.Иманбаев Марғали (1924-1985ж.ж)1941 жылы Ұлы Отан соғысына алынған. Иманбаев майданында болды.1945 жылы 9 мамырда елге оралды.Жоғарыдағы сурет Жеңіс күнінде түсірілген. 61 жасында дүниеден озды.
2.Жанайдаров Сағын (1916 -1991жж)1939 жылы әскер қатарына алынып,содан
1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысында болды.75 жасында дүниеден озды.
3.Төкенов Төлеубай (1908 -1990 жж)1941 жылы Ұлы Отан соғысына алынған.1943 жылдың аяғында жараланып,елге оралды.Отбасы Балдысай ауылында тұрады. 82 жасында қайтты.
4.Әлібаев Қалдығожа (1915-2003ж.ж)1939жылы Беларуссияның Гомель қаласында
борышын өтеді.1941 жылы Сталинград майданында болған.1939 ж Әскер қатарына алынып,содан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысында болды.
88 жасында қайтты.1941жылы Ұлы Отан соғысына алынған жылдың аяғында жараланып,елге оралды. Отбасы Балдысай аулында тұрады.
Келесі кезекті Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ұрпақтарынан алынған мұғалімдердің жұмыстарына тоқталайық. Бүгінгі кешіміз Ұлы Отан соғысының
ардагерлері жерлестерімізге арналады. Алдын –ала берілген тапсырма бойынша соғысқа қатысып,жерімізді,елімізді қорғаған аталарымыз туралы мәлімет жинақтап, жұртшылықты таныстыру еді.
I.Гүлшара Жұмабайқызы және Ильмира Мәлікқызының жұмыстары
Әлібаев Қалдығожа ата туралы мәлімет.(бейнетаспа көрсетіледі)
Олай болса,экранға назар аударайық .
1.Ұлы отан соғысының ардагері Әлібаев Қалдығожа атаның қызы Мутлапова Жаңыл Қалдығожақызымен сұхбат.
Әлібаев Қалдықожа 1915-2003 жылдары өмір сүрген.Қалдығожа ата 1939 жылы Белоруссияның Гоголь қаласында борышын өтеген.1941 жылы Сталинград шайқасында болған. 1946 жылдың қараша айында аман есен оралған. Біз Әлібаев Қалдықожа атамыздың қызы Мутлапова Жаңыл Қалдығожақызымен сұхбаттасуға келіп отырмыз.Құрметті Мутлапова Жаңыл Қалдығожақызы сізді келе жатқан Ұлы Отан соғысының 70 жылдығымен құттықтаймыз.Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, мол бақыт,ашық аспан ,еңбекте табыс тілейміз.
Бүгінгі сізге келуіміздің себебі мектебімізде «Ерлік пен Жеңіс» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған кеш өткелі жатыр.Сол себепті бүгінгі ұрпаққа атамыз туралы ақпараттар бергіміз келеді.Оқушылар майдангер аталарымыздың қайсарлығы,бастарынан өткерген кезеңдері туралы білуі керек.Сізге қояр алғашқы сұрағымыз Қалдығожа ата қай жылы,қай жерде,қандай әулетте дүниеге келген?
1.Әкеңіз сізге балалық шағы туралы айтты ма?
2.Сіздің әкеңіз соғыс кезіндегі қиыншылықтарды есіне алушы ма еді?
3.Әкеңіз ел алдындағы борышын қай жерде өтеп,қандай қызметтер атқарған?
4.Қалдығожа ата қандай наградалармен марапатталған?
5.Әкеңіз туралы қандай естеліктермен бөлісе аласыз?
II.Әлібаев Тілеу атаның ұлы Әлібаев Манас Тілеуұлымен сұхбат.
Сәндібек Аманбайұлы және Әсел Тәңірбергенқызының жұмыстары. (бейнетаспадан көрсетіледі)
Ұлы Отан соғысынан аман орлаған ақасақалдарымыздың қарасы уақыт өткен сайын азайып бара жатыр.Тіпті саусақпен санарлықтай әрине ол табиғи заңдылық. Дегенмен көненің көзі,көпті көрген соғыс ардагерлері туралы,олардың ерлігі мен бастан кешкен оқиғалары туралы,қағаз бетіне түсіріп,жеткеншік ұрпаққа қалдырмаса,өскелең ұрпақ ата- баба тарихын оқып біліп,көңілге тоқымаса, бойына ұлтжандылық,отаншылдық,бауырмашылдық қасиеттерді сіңірмесе өткен тарихтың терең белестеріне мәңгілік естелік ретінде қалдыру мүмкін емес! Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында « Ерлік пен Жеңіс» атты тақырыбы бойынша мектебімізде соғыс ардагерлері туралы мәлімет жинау жұмысы жүргізіліп жатыр.Осы мақсатта аталар ерлігін өзгелер білсін, өзгелерге үлгі болсын деген ниетпен сізден әкеңіз туралы сұхбат алуды жөн көрдік.
Ассалаумағалейкум Манас Тілеуұлы қалыңыз қалай? Бүгін міне, ат басын сіздің үйге бұрдық. Олай болса негізгі сұрақтарға көшейік.
1.Сіздің әкеңіз Тілеу ата неше жаста соғысқа аттанды?
2.Соғыстан кейін қандай қызметтер атқарды?
3.Әкеңіз ел алдындағы борышын қай жерде өтеп,қандай қызметтер атқарған?
4.Қандай марапаттаулары бар ?
5.Өскелең ұрпаққа тілегіңіз?
III. Айнагүл Шәлиқызы,Қалболат Тастанбайұлы,Гүлмира ӘлібекқызыныңИбраш Хамитұлымен сұхбат жұмыстары (бейнетаспадан көрсетіледі)
3.Жумабаев Ибраш Хамитұлы туралы мәлімет.
(9-класс оқушылары таныстырады.)
Жумабаев Ибраш Хамитұлы 1918 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Тайкеткен мекенінде шаруа отбасында дүниеге келген.Жастайынан анасынан айырылған ол әжесінің қолында тәрбие алып өскен.13-жасында ағайындары келіп Ибрашты Қарақамыс қаласына (қазіргі Темір)мектепке орналастырған.Мектеп бітірісімен сол қарамыстағы педтехникумға түсіп,математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан 1938 жылы әскер қатарына шақырылып Ленинград аймағында азаматтық борышын өтеген.Еліне кейін оралып келе жатқан жерінен Ұлы Отан соғысы басталып, майданға аттанған.Сұрапыл соғыс жылдары Ленинград майданында ерлікпен шайқасып,осы Ленинград қоршауында қалған ол Ленинградтықтармен бірге қиын-қыстау кездерін басынан кешті.Жауды жерімізден босату мен қатар неміс жерлерінде де фашистерді жоюға өз үлесін қосқан жауынгер Ұлы жеңістен кейін 1945 жылы өз еліне аман-есен оралған.
1948 жылы Сапина Хадиша әжеймен отбасын құрып,ұзақ жылдар бойыҚонжар,Молотов мекенінде (қазіргі Кеңесту ауылы)білім саласында қызмет атқарған.1962 жылы Жамбыл елді мекені сегіз жылдық мектебіне директор қызметіне тағайындалып,1979 жылға дейін осы қызметте абыройлы жұмыс жасап,әрі қарай 1989 жылға дейін мұғалім болып оқушыларға білім берген.1993 жылы 75 жасында дүниеден озды.Қазіргі таңда Жамбыл ауылында Жұмабаев Ибраш Хамитұлының шаңырағында баласы Жумабаев Аманкелді Ибрашұлы отбасымен тұрып жатыр.
Енді Жұмабаев Аманкелді Ибрашұлының әкесі туралы сұхбат алған болатынбыз сол сұхбатты тыңдау үшін,экранға назар аударайық.
Жұмабаев Ибраш Хамитұлының ұлы Жұмабаев Аманкелді Ибрашұлымен сұхбат.
АманкелдіИбрашұлы,Сізді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтай отырып, жұмысыңызда шығармашылық табыс тілейміз.Мектебімізде «Ерлік пен Жеңіс»
тақырыбында еліміздің бақытты өмірі үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан ардагер- жерлесітеріміз туралы іс- шаралар ұйымдастырылуда.Осыған орай сіздің әкеңіз Жұмабаев Ибраш Хамитұлы сол соғыста болып, елге аман-есен оралып, ауылымызда көп жылдар бойы еңбек еткенін білеміз.Әкеңіз туралы сұхбат
берсеңіз.(бейнетаспадан көрсетіледі)
Әріптесі әрішәкірті Әлібаева Жаңыл Қалдығожақызы.
(Жумабаев Ибраш Хамитұлы туралы баяндайды)
-Сізге әкеңіз соғыс туралы әңгімелер айтатын ба еді?
-Соғысқа қатысқан адам ретінде сізге қаталдық танытқан сәттері болды ма?
-Әкеңіздің қандай ақылы немесе өсиеті үнемі есіңіз де?
-Өскелең ұрпаққа қандай тілегіңіз бар?
Жаңыл Қалдығожақызымен сұхбат.
Сізді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтай отырып, жұмысыңызда шығармашылық табыс тілейміз. Өміріңіз қуанышқа толсын.Біздің мектебімізде
«Ерлік пен Жеңіс» тақырыбында еліміздің бақытты өмірі үшін Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан ардагер- жерлесітеріміз туралы іс- шаралар өткелі тұр.Сол себепті сізден ауылымыздың ардагері Жұмабаев Ибраш Хамитұлы сіздің әрі ұстазыңыз әрі -әріптесіңіз ұзақ жылдары болғаны бізе мәлім.Сол шәкірт және әріптес ретінде әңгіме қозғасақ.
-Жұмыс барысында сол кісімен есіңізде қалған қызықты сәттер болды ма? әріптестеріңізге тілек.
1.Жұмабаев Ибраш Хамитұлымен қай жылдан қай жылға дейін сізбен бірге қызметтес болды?
2.Ибраш Хамитұлының өмірде, ұжымда қандай қызықты сәттері есіңіз де сол
жайында айтып берсеңіз?
3.Ол кісінің бойында қандай жақсы қасиеттер болды?
4.Болашақ жастарымызға және халқымызға Отанымызға қандай тілегіңіз бар?
Келесі Ибраш Хамитұлының шәкірті Темір қаласының тұрғыны
Әкімхан Сағиұлымен сұхбат.
1.Әкімхан Сағиұлы Ибраш Хамитұлы туралы айтсаңыз?
2.Қызықты сәттері есіңзде ме?
3.Жастарға, өскелең ұрпақтарға айтар тілегіңіз?
Тыл ардагерлері туралы.
IV.Гауһар Жайлауқызы,Жансая Сапарбайқызы, Шолпан Жұмабайқызының
Қамбат әжемен сұхбат жұмыстары (бейнетаспадан көрсетіледі.)
Саламатсыздар ма? Қымбат әжейденсаулығыңыз қалай қуаттысыз ба?
1.Әже –өзіңіздің отбасыңыз туралы қысқаша -мәлімет берсеңіз?
2.Тыл да еңбек еткен кезде жасыңыз нешеде?
3.Сіздің балалық шағыңыз қалай өтті?
4.Осы тылдағы еңбегіңізбен үкімет тарапынан қандай марапаттарға ие болдыңыз?
5. Өскелең ұрпақтарға айтар тілегіңіз ?
V.Шара Байдосқызы, ГүлназМұратбекқызы, жұмыстары
Қансұлу әжеймен сұхбаты.(бейнетаспадан көрсетіледі.)
1.Ұлы Отан соғысы кезінде тылда қандай қызмет атқардыңыз?
2.Жолдасыңыз туралы не айтасыз?
3.Келешек ұрпаққа айтар тілегіңіз қандай?
VI.Әсия Ғизатқызы,Кенжегүл Жолдығалиқызы жұмыстары.
Сұлушаш әжеймен сұхбаты.
1.Тыл да жұмыс жасаған кезде нешежаста болдыңыз?
2.Қандай жұмыстар атқардыңыз?
3.Қазіргі таңда қанша немереңіз бар?
Қорытынды.Біз соғысты көрген жоқпыз.Бірақ ата -әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін түйсініп жанымыз түршігеді.Болашақ өмір,ұрпақ үшін жанын қиған ата -бабамыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды.Соғыс ұлы сын мектебі,ерліктің,батырлықтың мектебі болды,соғысқандар үшін ғана емес,соңғы келер буындар үшін де мектеп.Соғыс кезіндегі совет адамдарының сан қилы ерліктер –жас жүректерді шыңдайтын қызулы көрік.Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын.Сау болыңыздар.Ән: «Елім менің»(хор).
Жамбыл мектеп - балабақшасы
Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс –шаражоспары.
Күні:5.04.15.
Тақырыбы: «Ерлік пен Жеңіс»
Ұйымдастырушы: Абдирахманов Кабулат Тастанбайұлы.
2014-2015 оқу жылы.