К?ш. Ньютонны? екінші за?ы. Масса. та?ырыбында физика п?нінен саба? жоспары


Физика 9 сыныпМерзмі
Сабақтың тақырыбы Күш.Ньютонның екінші заңы.Масса.
Сабақтың мақсаты Ньютонның екінші заңының тұжырымдамасы, дененің массасы, денелердің инерттілігі, бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуі жайлы түсінік қалыптастыру. Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау,
бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын дамыту,тез ойлап дәл жауап беруге , өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жұмыс нәтижесі Дененің массасы, денелердің инерттілік қасиетіні жайлы білді.
Ньютонның екінші заңын тұжырымдады
Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей емес екенін білді.
Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін формула бойынша таба біледі.
сілтемеР.Башарұлы,Д.Қазақбаева,У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар.
Әдістер мен тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс;
Дерек көздері Мұғалімге арналған нұсқаулық,АКТ,электрондық оқулық, дидактикалық таратпа материалдар, интерактивті тақта.
Сабақ жоспарыҰйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойыншаҮйге тапсырма Рефлексия
Ойлауды Блум Бойынша жіктеуМұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау
БілуҮй тапсырмасыA)теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. (сұрақтар қою)
1.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
2.Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық санақ жүйеге жата ма?
3.Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
4.Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобиль горизонталь жолмен түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл Ньютонның бірінші заңына қайшы келмей ме? Сабақта білімін көрсетеді.
Оқыған материалды есте сақтайды, еске түсіреді, қайталайды. Бағалау парағы
тест
Түсіну Жаңа тақырып бойынша электрондық оқулықтан оқушыларға қосымша түсініктемелер беріледі.
Күш,күштердің түрлері: ауырлық күші; серпімділік күші; үйкеліс күші; тіректің реакция күші.
Күш:
А) Неден туындайды?
Ә) Қалай азайтуға болады?
Б) Бақылау
В) Мынаны жасап көрейік!
Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?
Дененің массасы дегеніміз не?
Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?
Бірнеше күш әрекет еткенде дененің үдеуін қалай табуға болады? Түсіндіреді, жазады, айтады,көрсетеді Кластер құру,қорғау.
Бағалау парағы
қолдану Ньютонның екіінші заңының формуласына есептер шығату.
масса үдеу күш
150кг ? 300 Н
200 г 1,5 м/с² ?
? 0,5м/с² 500 Н
Оқыған материалды нақты жаңа жағдайда пайдаланады,талқылайды,
талдайды,шешеді Бағалау парағы
ТалдауАлған білімді саралау, тәжірибеден өткізу  Есептің шығарылу жолын сатылап талдату.
1. Бір денеге 8 Н және 6 Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің теңәрекетті күші неге тең?
2. Дене үш күштің әрекетінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6 Н-ға тең бір күш шығысқа, 3 Н-ға тең екінші күш солтүстік шығысқа қарай 600 бұрыш жасай әрекет етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты қандай? Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстырады, талдау жасайдыБағалау парағы
Ой сергітуМақал – мәтелдерді
жалғастыру Қандай күшке байланысты айтылған:
1.Білекті бірді жығар, _____________________
2.Бірлік береке __________________________
3.Саусақ бірікпей –_________________________
4.Бірлік жоқ жерде - _______________________
5.Алған бағыттан алаңдамай еңбек етсең _______ Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстырды, талдау жасайды
Бағалау парағы
Жинақтау 1.Денелердіің Жердің центріне тартылу күші _________________деп аталады.
2.Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалы________________ _ _____ деп атайды.
3. _____________ деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
4.Тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін __________________________ деп атайды.
5. ______________________ деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама қарсы жаққа қарай бағытталады.
6.Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін ____________________ деп атайды.
7.Ньютонның екінші заңы: денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке______________ ,ал массасына ________________________ . Жаңа білімді қолданады Жағдаяттан шыға білу құзыреті Бағалау парағы
бағалау Медициналық термометрді сілкігенде, сынап бағанының төмендеуін қалай түсіндіруге болады?
Кері байланыс орнатады.Талқылайды,ойланып шешім қабылдайды Бағалау парағы
Үйге тапсырма§11,12 9-жаттығу (3,4)
Интернеттен ақпаратты табу.
Биофизика “Күштер” АКТ қолданады
Рефлексия
Сабақ соңында: Топ мүшелері өздеріне 2 жұлдыз 1 тілек айтады.
Рефлексия
не ұнады: не ұнамады: Смайликтер арқылы.