§28. Денелерді? электрленуі. Электр заряды. Электр зарядыны? са?талу за?ы. §29. Электроскоп. Электр?ткізгіштер ж?не диэлектриктер.


Қалпиева Ақерке Панабекқызы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы.
№111 орта мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §28. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының
сақталу заңы.
§29. Электроскоп. Электрөткізгіштер және диэлектриктер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: денелердің злектрлену құбылысын түсіндіру, денелермен материя  бөлшектерінің  ерекше  қасиеті ретінде электр зарядына анықтама беру, электр зарядының сақталу заңының тұжырымдамасын беру,  қарапайым электроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы  әңгімелеу, зарядталған денелердің электр өрісі арқылы  әсерлесуі жөнінде түсіндіру.
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,тест, бес жолды өлең, тәжірибе
Сабаққа керек құрал-жабдықтар: АКТ, шыны, пластмасса, эбонит таяқшалар, шар,
электроскоп
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Жылу машиналары»тарауы бойынша тест тапсырмаларын алу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі,
сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Мысалдар:

Денелердің электрлік өзара әрекеттесу қасиетін сипаттайтын физикалық шама электр
заряды деп аталады.
Көрсетілетін тәжірибелер:

Электр зарядының сақталу заңы: тұйық жүйеде денелердің электрлену
құбылыстарының барлығында да электр зарядтарының қосындысы сақталады.
q1+q2+...+qn=const
Денелердің электрленгенін білуге арналған құрал – электроскоп., электрометр.

Бос электр зарядтары қозғала алатын заттарды өткізгіштер деп атайды.
Жартылай өткізгіштерге: германий, кремний, селен т.б. жатады.
Электр зарядтары еркін қозғала алмайтын заттарды оқшаулағыштар немесе
диэлектриктер деп атайды. Оларға: шыны, фарфор, кварц, плексиглас, резеңке,
дистильденген су, керосин, әр түрлі майлар, газдар жатады.
Электрондық оқулық арқылы денелердің электрленуі туралы тәжірибелер көрсету.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
А) «Қарапайым тәжірибе – білім негізі»
1.      «Жабысқыш шар»
Қажетті жабдықтар: шар, жүн, жиде
Тәжірибе барысы: 1. Шарды үрлеп, оны өзіңнің жейдеңе 10 рет үйке.
Шарды жейдеңе тигізіп ұстап, біразден соң қоя бер. Не байқалады? Себебін түсіндір.
2. «Секірмелі қағаздар»
  Қажетті жабдықтар: қатты қағаз, қағаз қиындылары, шыны, жібек шүберек.
  Тәжірибе барысы: қатты қағаздың үстіне кішкене қағаз қиындыларын салыңдар.
Шыныны жібек шүберекпен сүртіп, оны қатты қағаздың үстіне абайлап қойыңдар. Не байқалады? Неліктен?
3. «Жүзгіш мата»
Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, мақта, жүн ,мата
 Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты электрлеңдер. Оның үстіне жақсы түтілген бір шымшым мақтаны қойып, ұшырып жіберіңдер де, сызғышты оның астына әкеліңдер. Егер сызғыш жақсы зарядталған болса, онда мақта үстінде «жүзіп» жүреді. Осы құбылысты түсіндір. 
Ә) Сергіту.
Б). «Иә немесе жоқ»
№ Жауаптары Иә немесе жоқ
1 Тартады Иә /жоқ
2 Тебеді Иә /жоқ
3 Өзгермейді Иә /жоқ
Аттас зарядтар бірін - бірі тартады
Жауабы: жоқ/иә/жоқ
2) Денелер үйкеліс арқылы электрленеді
№ Жауаптары Иә немесе жоқ
1 Электрленбейді Иә /жоқ
2 Электрленеді Иә /жоқ
3 Өзгермейді Иә /жоқ
Жауабы:жоқ/иә/жоқ3)Әр аттас зарядтар бірін - бірі тартады
№ Жауаптары Иә немесе жоқ
1 Тартады Иә /жоқ
2 Тебеді Иә /жоқ
3 Өзгермейді Иә /жоқ
Жауабы:иә/жоқ/жоқ
4) Электр сөзі қай елдің «Янтарь» сөзінен шыққан
№ Жауаптары Иә немесе жоқ
1 Латынның Иә /жоқ
2 Гректің Иә /жоқ
3 Орыстың Иә /жоқ
Жауабы:жоқ/иә/жоқ
В) «Электр» сөзіне бес жолды өлең
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §28. § 29. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр
зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Электрөткізгіштер және диэлектриктер. №5 –
эксперименттік тапсырма. «Денелердің электрленуі» тақырыбында эссе жазу.


lefttop