Атом ядросыны? ??рамы. Ядролы? ?рекеттесу. Ядролы? к?ш. Физикалы? шамаларды? ядролы? физикада?ы ?лшем бірліктері. (9 сынып)


Өткен тақырыпты қайталау126543 Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын фотоэффект деп айтамыз 1.Фотоэффект дегеніміз не?
Е=hv 2.Планк формуласы қандай?
Өзіне түскен әр түрлі жиіліктегі сәулелерді толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды. 3.Абсолют қара дене деп қандай денені айтамыз?
hv=Ашығу+𝑚𝜗22 4. Эйнштейн формуласы қандай?
Ет=𝜎𝑇4 5. Стефан-Больцман заңы қалай өрнектеледі?
1911ж. Э.Резерфорд6.Атомның планетарлық моделін кім және қашан ашты?
Атом ядросының құрамы. Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. 1911ж. Резерфорд Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін ұсынды. Энергия мен импульстің сақталу заңына сүйеніп, 1932 жылы Резерфордтың шәкірті Д.Чэдвик ядро құрамына кіретін жаңа бөлшек – нейтронды ашты. Кез-келген химиялық элементтiң атомының ядросы оң зарядталған протоннан және заряды жоқ нейтроннан тұрады. Оларды жалпылап нуклондар деп атайды, ал тұтас ядро нуклид дейді. Атом ядросының құрылысыКөміртек атомы Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А әрпімен белгілейді. А санын массалық сан деп атайды.Протонның массасы мен заряды: m p=1836me≈1,67.10-27 кг, e0=1,6.10-19 Кл.Нейтронның массасы: m n=1839me. Нақты бір элементтің ядроларындағы протондар саны (Z) өзгермейді, нейтрондар саны әр түрлі болып кездеседі. Осыған сәйкес химиялық элементтің ядролардағы нуклондар саны (А) өзгеріп отырады. Мысалы, сутек ядросы 𝑍𝐴𝐻 таңбасымен белгілейді. Z саны – элементтің реттік нөмірі, сол элемент атомының ядросындағы протондардың санына тең. Ол арқылы ядроның заряды анықталады.𝑞я=+𝑧∗𝑒 Сондықтан, Z санын заряд саны деп атайды. Мысалы, гелий атомы ядросының 24𝐻𝑒  заряды 𝑞я=+2𝑒, ал заряд саны 𝑍𝐻𝑒=2.  А массалық санмен Z заряд санын біле отырып, ядродағы N нейтрондар санын таба аламыз:N=A - Z Бір-бірінен тек нейтрондар санына қарай ажыратылатын бір элементтің әр түрлі ядроларын изотоптар деп атайды. Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күшті ядролық күш деп атайды. Ядролық күш күшті өзара әсерлесулерге жатады. Ядролық күштің қасиеттері:1. Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер. Оның әсер ету ара-қашықтығы шамамен~10-15 м. 2. Ядролық күштер қаныққыш күштер. Яғни әрбір нуклондар тек көршілес белгілі нуклондармен әсерлесе алады.3. Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз. Ядролық күш зарядтардың бар- жоғына, олардың таңбаларына тәуелді емес. Атом ядросының құрылысын, қасиеттерін және түрленуін зерттейтін физиканың бөлімін ядролық физика деп атайды. Атом ядросы нейтрондар мен протондардан тұрады. Ядролық физикада, бірліктердің халықаралық жүйесімен қоса, арнайы бірліктер де қолданылады. Оларға ұзындық, масса және энергия бірліктері жатады.1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады: 1 фм=10−15 м. Бұл бірлік Италия физигі Э.Фермидің құрметіне ферми деп те аталады.2.Атомдық және ядфролық физикада бөлшектердің массасын анықтағанда массаның атомдық бірлігі деп аталатын шама қолданылады. 1 м.а.б. = 1,66.10-27кг3.Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады.1эВ = 1,6∙10−19Кл∙1В=1,6∙10−19Дж1кэВ = 103эВ=1,6∙10−16Дж1МэВ =106эВ=1,6∙10−13Дж1ГэВ =109эВ=1,6∙10−10Дж  Есеп шығару.42 жаттығу, №1Есептер жинағынан:16-16; 16-17; 16-18. Бекіту сұрақтары:1.Нейтронды кім және қашан ашты? 2.Нуклондар деп нені айтамыз?3.Ядролық күштер дегеніміз? 4.Фемтометр ненің бірлігі ретінде алынды?5.Массаның атомдық бірлігі нешеге тең? Үйге тапсырма § 55-56(1) 42 жаттығу, №2



style.rotation

ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y