?аза? ?дебиетінен саба? ?лгісі С?рат?ан хан а?ыма? па, с?ра?ан сен а?ыма? па (5 сынып)


Сынып: 5 «А»
Пән: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Топпен жұмыс негізінде Жиренше бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелік:көркем жазу мен көркем оқу шығармашылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге , пікірлерін айта білуге баулу, шығарманың құрылысын талдауға үйрету .
Сабақ түрі: талдау
Сабақ әдісі:Сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиясы.
Көрнекілігі: үнтаспа,нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, жоқ оқушыларды белгілеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ой шақыру.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?Өткен тақырыбымыз не?Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?2. Категориялы топтастыру.1-топ. Жиренше – Ол кім? – Ол не істеді? Хан – Ол кім? – Ол не істеді?2-топ. Қарашаш – Ол кім? – Ол не істеді? Ханның қылығын қалай бағалайсың? Жиреншенің орнында болсаң не істер едің?(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыстар:
Сабақ мақсаты айтылады.
Үнтаспадан әңгіме толық тыңдалады.
Мағынасын ашу мақсатында сұрақтар қойылады:
1.Әңгіме кімдер туралы?
2.Кейіпкерлер әрекетін айтыңыз.
3.Қандай тапқырлық сөздер кездесіп тұр?
4.Әңгімеге жоспар құр және тәрбиелік мәнін ашу.
«Топтастыру» стратегиясыЖИРЕНШЕ ХАН
Мағынаны тану
Үш қатарға жекелей тапсырмалар беріледі.
1-қатар «Ғылыми талдау» стратегиясыЖиренше бойындағы адами қасиеттерді ашу.
2-қатар: «Тумалы бейне» стратегиясыӨткен тақырыптар бойынша Жиреншеге ұқсас бейнелерді табу.
3-қатар: «Түйінді сөздер» стратегиясы
Әңгіме желісімен Жиреншенің тапқырлық, ұшқыр ойларын теріп жазу.
Кейіпкерлерге сипаттама бер
Жиренше Хан Қаңбақ
ІҮ. Бекіту:
Кейіпкерлердің мінез құлықтарына талдау жасау:кластерді толтырып байланыстыр.
ІІІ. Толғаныс. І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуішындық па, әлде...ІІ топ: - “Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?” деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?ІІІ топ. – Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?
Ү. Қорытынды:
Лексикалық жұмыс:
мысалдар синонимдер антонимдер Сөз тіркесі
Шешен кедей мысалдар синонимдер антонимдер Сөз тіркесі
ақылды ақымақ ҮІ. Үй тапсырмасы: «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» аңыз-әңгімесін оқу.