КМЖ.Тіршілік ортасы ж?не тіршілік ету ортасы.7 сынып


7 сынып биология күні:02.12.2016жыл Нургуджаева А.Т

Сабақтың тақырыбы Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Мақсаты Өзен шаянының тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы туралы түсінік беру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа баулу.
Жұмыс нәтижесі Өзен шаянының тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы туралы мәлімет алады.
Сілтеме Оқулық: Биология Алматы, «Мектеп», 2012ж Авторы: Қ Қайым,Р.Сәтімбеков,Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Ғаламтор мәліметтері.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Ресурстар Оқулық,дәптер,қалам, стикер,флипчарт,түрлі- түсті қағаздар.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу (Түрлі-түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: топтық тапсырмалар
Рефлексия
Үйге тапсырма

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Ыстық алақан тренингін өткіземіз. Шаттық шеңберін құрады.
Оқушыларды топтастыру жүргізіледі.

Блум таксономиясы
Білу:
1.Тип неліктен буынаяқтылар деп аталған?
2. Хитин дегеніміз не?
3. Буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы.
Түсіну:
Жаңа тақырып:
Сабақтың мақсатын қою Өзен шаянының тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы туралы түсінік беру.
Нені оқимыз және үйренеміз? Суда тіршілік етеді. Денесінің бас пен көкірек бөлігі тұтасқан. Баскөкірек және құрсақ бөліктерінен тұрады. Жүрегі және қантамырлары қанды дене қуысына айдайды. Зәршығару жүйесі бездер арқылы жүзеге асады. Ол дененің бас бөлігінде орналасады. Жүйке жүйесі шұбалшаңға өте ұқсас, бірақ күрделірек құрылысты. Көру, иіс сезу, сипап сезу және тепе-теңдік сақтау мүшелері едәуір дамыған. Жабыны өте қалың.
Топпен жұмыс:
Диалогтік оқыту Өзен шаяны тақырыбына топтық тапсырмалар. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын қорғап шығады.
Қолдану :
Өзен шаянының сыртқы құрылысын зерттеу.
Түсінгендерін тексеру:
Талдау:
1.Өзен шаяны қайда тіршілік етеді?
2. Өзен шаянының сыртқы құрылысына сипаттама беріңдер.
3. Зәршығаруы қалай жүзеге асады?

144907071755 Өзен шаяны
00 Өзен шаяны
Жинақтау: Топтастыру стратегиясы

Қорытындылау:
Бағалау:
Өз пікірлерін айтады.
Жаңа материалдың құндылықтарын пайымдайды.
Келесі тапсырма: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Келесі оқылым: Құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі.
Бағалау: Оқыту үшін бағалау, өзін-өзі бағалау /жұптық жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
Рефлексия: Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізеді. Рефлексия алынды.