География п?нінен: Карточкамен ж?мыс тапсырмалары


География пәнінен Карточкамен жұмыс тапсырмалары 7 сыныпКарточка №1Африканың кескін картасы (мұғалімнің таңдауы бойынша)• Берілген цифрлар бойынша анықтау, кескін картаға түсіру: а – аралдары;б – түбектері;в – шығанақтары;г – бұғаздары;д – бұғаздары;е – теңіздері;ж – өзендері; Карточка №2 Африканың табиғат зоналарының өсімдік түрлер бойынша бейнеленген («баобаб, саяхатшылар ағашы») Ескерту: слайд ретінде көрсетуге болады. Сұрақ: мына өсімдіктер қандай табиғат зонасында өседі және шаруашылықта пайдалануы Карточка №3 Африканың жануарлар әлемі: Жануарлардың суреттерін таратып (керік, арыстан, африка пілі, горилла) жануарларды атау қажет, олардың қайда мекендейтінін айтуКарточка №4 Бірнеше ауыл шаруашылық дақылдары (күріш, мақта, банан, финик пальмасы) Африканың осы өнімдер өсірілетін елдері немесе аудандарды атау.Карточка №5 Африканың кескін картасына елдердің территорияларын цифрмен белгілеп қойып берілген бірнеше елді атау (Египет, Конго, Алжир, ОАР, Ангола, Мозамбик) Карточка № 6 Интерактивті тақтамен немесе жеке таратып беруге боладыӘр түрлі материктер және табиғат зоналарының: Жануарлардың суреттері берілген (носорог, тигр, солтүстік бұғы, үйрек тұмсық) Өсімдіктер: емен, эвкалипт, кокос пальмасы, бамбук, секвойяПайдалы қазбалары шартты белгілері суреті: алтын, темір рудасы, алмаз, тас көмір, қалайы. Оқушылар суретте не бейнеленгенін айтып беру керек. 
Карточка №7 Астық тұқымдас өсімдіктер бейнеленген: (бидай, сұлы тары, күріш, жүгері, қарақұмық)Олар қайда өсіріледі шаруашылықтағы маңызын атау Карточка №8 Географиялық обьект бейнеленген (мысалы, Малайя архипелагы) Сұрақ: Бұл территория дүниенің қай бөлігінде орналасқаны және оның физико- географиялық сипаттамасын құру