Ата За?ым арда?ым т?рбие са?аты


Тақырыбы: Ата Заңым ардағым
Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындыққабілеттілігін қалыптастыру.ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы менміндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілменшешуге үйрету.б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланыңқұқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.Тәрбиеші: Қастерлемес даңқын кімҚадірлемес салтын кімӘнұраны елімніңҮні, тілі халқымның(ҚР әнұраны орындалады)Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?- Конституция, Ата Заң-30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға 15 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.Ата Заңымыз туралы, қазір Дильназ, Жібек, Ислам, Алуа , Әйгерім, тақпақтарын арнасынЖансая:
Шалдықпадым талмадымАрманды алға жалғадымКонституция қорғанымАтасы ол бар заңныңІнжу:
Ғұрпымыз бар ел сенгенДәстүрлері –ең ізгіӘділдікпен өлшенгенЗаңымыз бар негізгіӘйерім:
Бас иетін бар адамӘрбір сөзі салмақтыҚорғар бәле –жаладанАта Заң бұл ардақтыАруна:
Алтын заңым қорғайдыБар адамның теңдігінӘділетті қолдайдыАрқа тұтып, ел бүгінЖүрг: Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.- Президентіміз кім, ел басқарып отырған?- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?- Қазақстан Республикасы деп аталады.- Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?Құмар:
Отанды біз атамекенТуған жер деп сүйемізӨйткені, онда бәріміздеТуып –өмір сүремізКәусәр:
Біз тілейміз бар бөбекБақытты өмір сүргенінТуған елге еркелепҚуанғанын күлгенінАқерке:
Алтын дәнді даласы барАқ күмістей қаласы барНеткен көркем, неткен сұлуОсы менің туған өлкем!Аруна:
Отан туған елімізОтан туған жерімізТек қана, осы ОтанғаАрналады әнімізӘн: «Туған жер»Би: «Қазақ биі»Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?- Әнұран, елтаңба, туымыз бар.- Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.- Ендеше, балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік.Қайсар:
Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қоядыОспанәлі:
Көк аспанда жас қыранКөк аспанда қызыл қыранЕстілгендей біздің үнСол ғарыштың астынанМөлдір:
Отан –деген атамекенОтан –деген туған жерОтан ана, Отан панаҚазақстан туған ел!Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.Біз жас ұлан Отан ана өркеніҮміт артқан болашағы ертеңіЕліміздің даңқын көкке өрлетіпГүлге бөлеп жайнатамыз өлкені –еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!- Ендеше, қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.Бекнұр: Аспанымыз ашық болсын!Кенжегүл: Жеріміз гүлге толсын!Мейрбек:
Елбасымыз аман болсын!Дария: Заманымыз тыныш болсын!Арай: Балабақша гүлдене берсін!Ануар: Біз сіздерге сәттілік тілейміз!- Өте жақсы тілектер екен, балалар! Ән: «Біз бақытты баламыз