Энергия. Денені? потенциалды? ж?не кинетикалы? энергиясы 7 сынып


Тексерілді: Р.Сүйінбай
Күні: 03.04.2017 ж
Сыныбы: 7
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: §53 Энергия. Дененің потенциадық және кинетиалық энергиясы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже Оқушыларға энергия, жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия түрлері, бірліктері туралы түсінік береді.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландырады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс -әрекеті Қолданылатын ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі:
(3мин) Оқушылармен салемдесемін.
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының реттілігін тексеру Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын реттейді Оқулық, оқу құралдары
Топқа бөлу
(2 мин) Оқушыларды бір екі саны бойынша үш топқа бөлемін. Оқушылар топқа бөлінеді:
I топ
II топ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) Топтық жұмысты сабақ барысында тиімді пайдаланамын. Оқушы сұрақтарға жауап береді. Белсене жауап берген оқушыларға смайликтер беріп, мадақтаймын. Смайлик
Жаңа сабақ
(23 мин)
Сығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.

Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.

Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
Топқа тақырып беріледі. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды, берілген тапсырмаларды орындайды. Тақта, постер, маркер, оқулық, парақшалар
Бағалау (3 мин) Оқушыларға сабақ барысында жинаған смайликтеріне қарап жиынтық баға шығарамын. Оқыту үшін бағалаудан жиынтық бағаға көшемін. Оқушылар өздерінің неше смайлик жинағанын есептеп өзін өзі бағалайды. Смайликтер
Рефлекция «Инсерт» әдісін пайдалану арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерін қай деңгейде түсінгендігін қызыл, сары, жасыл түсті қима қағаздарын таңдату арқылы білемін Оқушылар бүгінгі сабақты қай деңгейде түсінгендігін берілген түсті карточкалар арқылы көрсетеді. Үйге тапсырма
(2 мин) §53 Энергия. Дененің потенциадық және кинетиалық энергиясы Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Пән мұғалімі: Алтаева Ұ