?аза? тілі п?нінен ашы? саба? Бастауыш-с?йлемні? т?рлаулы м?шесі (3-сынып)


Қазақ тілі
Тақырыбы: Бастауыш
Мақсаты: білімдік:оқушыларға сөйлем мүшелерін сұрақ қою арқылы табуды меңгерту;
Дамытушылық: сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту;
Тәрбиелік: балаларды топта жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ,cуреттер, мақал-мәтелдер, сызба-нұсқалар, кеспелер.
Әдісі: топқа бөлу, сұрақ жауап, ойын әдісі.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. сыныпты 3 топқа бөлу.
1-топ «Алға», 2-топ «Самға» , 3- топ «Қалма»
ІІ. Ойашар.
Бүгін қай күн? Қарашадан бұрын қай ай өтті?
Аптаның қай күні? Қарашадан соң қай ай келеді?
Қазір қай мезгіл? Желтоқсанда қандай мереке бар?
Қай ай өтіп жатыр? Еліміз нені атап өтпекші?
Ойын. «Сұрақ –жауап». Әр топ мүшелері келесі топ мүшесіне өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
1-топ2-топ 3-топ
Сөз дегеніміз не? Зат есім деген не? Сан есім деген не?
Сөйлем дегеніміз не? Мәтін түрлерін атаңдар сын есім деген не?
Сөйлем түрлерін атаңдар? Дауыссыз дыбыс түрлері жалқы есім деген не
Мәтін деген не? Етістік деген не? Сөз құрамы деген не?
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Семантикалық картаны толтыру.
3 топқа үш карта беріледі , тақтада сөйлем мүшелерін сұрақтарға қарай белгіле
Семантикалық карта
Кім? Не істейді? Қандай? Кімнен?
Үлгілі шәкірт озар ұстаздан ІV. Жаңа сабақ
1«Бастауыш» сөзжұмбағын шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын
таныстыру.
2 . Бастауыш тақырыбының мағынасын түсіну үшін, 3 топ мүшелері 22,23,24-жаттығуларды орындайды .Әр топ мүшесі бір сөйлемнен орындап, қимыл иесі болатын сөздердің астын сызу,
22-жаттығу.
Жел соқты.Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды.
23-жаттығу.
Мұғалім түсіндірді.Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты.
24-жаттығу.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады. Тауға тұңғыш қар жауды
.3. Мағыныны таныту.
Сызбалар арқылы тақтада «Бастауыш» туралы түсіндіру.
Не?
Нелер?
Қимыл іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер?не?нелер?кімі? несі? Деген сұрақтарға жауап береді.
Кім?

Бастауыш

Кімі?
Кімдер?

4.Суретті кеспелер бойынша Глоссарий ойынын ойнату

Арыстан боздайды
Түйе суреті мөңірейді
Жылқы суреті ақырады
Қой суреті кісінейді.
Сиыр суреті маңырайды
Ит суреті үреді

5.Оқулықпен жұмыс
27-жаттығу. Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап беру.
Жерді немен жыртады? Дән сепкіш
Дәнді немен себеді? Комбайн
Егінді немен жинайды? Соқа
6.Шығармашылық тапсырма. Сурет бойынша әр топ әңгіме құрайды.

7.Мақал- мәтелдермен жұмыс.Бастауыш болатын сөздерді мақалдарға жазу
VПысықтау
Қандай тақырыппен таныстық?Бастауыш дегеніміз не
Қандай сұрақтарға жауап береді?
VІ.Үйге тапсырма
25-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Әр сөйлемдегі бастауышты тауып , астын сызу.
VІІ. Қорытынды . әр топ ұпайларын санау, жеңімпаздарды анықтау
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазығұрт ауданы.
Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Малтаева Ләззат Арапбайқызы