?аза? тілі Сан есім


Қазақ тілі 2 «з» сынып Сан есім Сабақ тақырыбы: Білімділік: Сан есім туралы түсінік беру. Сан есімді таба білуге үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.   Мақсаты Психологиялық дайындық Біздің ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу».Мақсатымыз: “Еңбектену, 4 – 5-ке қол жеткізу”. Үй тапсырмасын тексеру Керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыр. Үй тапсырмасын тексеру Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Үй тапсырмасын тексеру Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?Зат есімнің көптік жалғауларын ата?Етістік дегеніміз не? Сұрақтары қандай?Дара және күрделі етістік дегеніміз не?Сын есім дегеніміз деген не? Оның сұрақтары қандай? Сөзжұмбақты шешу Апта күніБалалар ойнайтын зат.Қасиетті тағам.Үй жануары.Уақытты көрсететін зат.Сүттен жасалған тағам.Білім беретін орын. Сан есім Жаңа сабақ Сәуірдің он бесіСынып жұмысыСан есім Дәптермен жұмыс Көркем жазу Үш гүл. Бір доп. Алты қалам. Оқулықпен жұмыс498-жаттығу Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. (Қадыр Мырза Әли) Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?Ол сөздер нені білдіреді? Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? Деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы. Сан есімнің ережесі Оқулықпен жұмыс 499-жаттығу Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Тоғыз белбеу, қос жібек,Екі мұрын, бір шүмек. Сан есімдердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Шығармашылық тапсырма. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлемдер құра. 501-жаттығу. Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде. Бес, тоғыз, жетінші, отызыншы. Бұл – сан есім, өйткені . . . . . . 502-жаттығу. Тірек сөздер бойынша “Серуенде” тақырыбына әңгіме құра. Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық. Серуенге он екі оқушы шықты. Олар бір құстың балапанын ұстап алды. Серуен қызықты өтті. Кәне, қанат жазайық,Қарлығаш боп ұшайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық. 503-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдерді тап. Саны бар атаулар 1+лік 2+жүздік к+3+ік 4+тік 5+ік 6+бақан 7+м 8+аяқ 9+құмалақ Қасиетті сандар туралы не білеміз? 7 3 4 5 Үш жүз . Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді: 1)Ұлы жүз, 2)Орта жүз, 3)Кіші жүз.Үш жұрт. Жігіттің үш жұрты бар: 1)өз жұрты, 2)қайын жұрты, 3)нағашы жұрты. Үш қуат: 1) Ақыл қуат, 2) Жүрек қуат, 3) Тіл қуат. 3 Дүниенің төрт бұрышы: 1) Оңтүстік 2) Солтүстік 3) Шығыс 4) БатысТөрт тұлға: 1) От 2) Су 3) Жер 4) ЖелТөрт маусым: 1) Көктем 2) Жаз 3) Күз 4) Қыс 4 Бес қару: 1) Садақ 2) Мылтық 3) Найза 4) Қылыш 5) АйбалтаБес жаратылыс: 1) Күн 2) Ай 3) Жұлдыз 4) Күндіз 5) ТүнБес қатар: 1) От 2) Жау 3) Борыш 4) Ауру 5) Сөз 5 7 Жеті ата: 1) Ата 2) Әке 3) Бала 4) Немере 5) Шөбере 6) Шөпшек 7) НеменеЖеті қазына: 1) Ер жігіт 2) Сұлу әйел 3) Ақыл, білім 4) Жүйрік ат 5) Қыран бүркіт 6) Берен мылтық 7) Жүйрік тазы Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Сан есімнен алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық. 504-жаттығу. бағалау 504-жаттығу Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сонда оларға қандай сұрақ қойылады? Үш күн, екі ай, алты бала, жеті ата, тоғыз пәтер. Үлгі: үш күн – үшінші күн, . . . Сан есімдерді салыстыр. «Сөз құра» ойыныа) а, н, ш, я ә) я, т, қ, и, аб) а, з, я