Ашы? саба? та?ырыбы: Лл дыбысы мен ?рпі мектепалды даярлы? сынып


Мектепалды даярлық сыныбында сауат ашу пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары
Мұғалім: Маукишева Р.О.
Күні: Пәні :сауат ашу Сынып: 0 «А»
Тақырыбы: Лл дыбысы мен әрпі Мақсаты
Оқушыларға Л дыбысы мен әрпін таныту және жазылуын меңгерту. Дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету. Күтілетін нәтиже Оқушыларды оқуға жаттықтыру, сауатты және әдемі жазуға машықтандыру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыта отырып, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру. көрнекілігі суреттер,слайд Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Кіріспе
«Көңілді күн» жаттығуы
(интерактивті тақтамен жұмыс)
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз. Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды.
Тұсау кесер
Топқа бөліну. Кәмпит қағазының түстерін пайдалана отырып 2 топқа бөлінеді Қызыл, сары кәмпит қағазына қарап топтарға бөлінеді.
Ой қозғау Өтілген дыбыстарды еске түсіру. Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!» А – ата, апа, алма, алмұрт... Т – тауық, тарақ, Н – нан, ана, П – парта, апа, піл... Р – радио , ара, зымыран... Ғ – ғарыш, ғарышкер, таға Слайд бойынша ж ұмыс жасайды
Топпен жұмыс
ІІІ. Мағынаны тану.
«2 топ пазл жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады)
Жұмбақ жасыру.
Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
«Мә-мә»деген әні бар
    Секірер ор, жары бар
    Селтеңдейді құлағы
    Секіргіш бір жануар
    Ол не екен балалар?
- Лимон,лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л)
-Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
-Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-Л дыбысы қандай дыбыс,дауысты ма,әлде дауыссыз ба? 1-топ: лақ бейнесін
2-топ: лимонды құрастыру
(Лимон)
Лақ
Лл
-Дауыссыз дыбыс
Бейнефильм көру «Әріптер мен дыбыстар әлемі» Лл дыбысымен танысу Интерактивті тақтамен жұмыс,қайталап отыру
Тіл ұстарту жаттығулары:
1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала,
Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.
2.Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала жаттау
Дәптермен жұмыс Л, л әрпінің баспа және жазбаша түрлерімен таныстыру.
Л дыбысын ауада жазу
Жазып өшіретін тақтаға жазу
Л дыбысын көркем жазу Сергіту сәті Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарай қарады,
Солға қарай қарады
Үлкен тау деп ойлады Қимыл-қозғалыспен көрсетеді
«Ойлан тап!» ойыны
Мына суреттерге қарап,оларды атап,буынға бөлу
- Ли-мон, гүл, түл-кі, ле-ген, а-лау. Шапалақ соғу арқылы буынға бөледі.
Рефлексия
Позитивті доп»
Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
Әріп туралы не білдіңдер?
Бүгінгі сабақта не туралы оқыдық?
Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
Сабақтан сендерге не ұнады, немесе ұнаған жоқ?
Келесі сабаққа ұсыныстарың бар ма? Сабаққа жақсы қатысқан балаларға смайликтер беру,мадақтау