О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдері: Диалогтік о?ыту.


А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына Үшінші деңгей бағдарламасының
бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы есеп
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері: Диалогтік оқыту

Мектептегі іс – тәжірибеге келген сәтімде бір ай алған білімімді толықтырып, көрген білгенімді негізге ала отырып өз тәжірибемде кеңінен қолдана білуге алдыма үлкен мақсат қоя білдім. Мақсатым – заман талабына сай, ертеңгі күні яғни болашақта дүниеге кірпіш болып қаланатындай саналы да, білімді азаматтарды тәрбиелеу үйренген жаңа әдіс - тәсілдерімді өз сабақтарымда ашық түрінде қолдана білуге ұмтылу. Мақсатқа жету барысында талмай еңбек ете білуге дайынмын, бар күш жігерімді арнаймын деп ойлаймын. Өйткені курстан алған білімімді болашақта кеңінен қолдану. Сондықтан бетпе - бет кезеңінің бірінші айын аяқтаған соң әрқайсымыз өз мектептерімізге тәжірибе алуға оралдық. Тәжірибе барысында түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабағымда қолдану. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Математика пәнінен оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді ескере отырып диалогтік оқытуға ерекше тоқталдым. Александырдың айтуы бойынша (2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаған. Диалог барысында оқушылар сонымен қатар олардың мұғалімдері де келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу барысында оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. (1)
Әр сабақ барысында берілген жеті модульді де қолдана алдым. Мектеп әкімшілігі мен әріптестермен келісе отырып таңдағаным бесінші сынып. Осы сыныпты таңдаған себебім олардың математикадан үлгерімдері төмен болғандықтан, есептерді шығаруға қабілеттерін арттыру мақсатында алдым. Сыныпта 15 оқушы бар. Оқу үлгерімдері жоғары, өте жақсы оқитыны – екеу, жақсы-бесеу, қалғандары орташа оқитын оқушылар. Келген күннен бастап оқушыларды өткізілетін сабақ барыстарынан хабардар ете отырып, тапсырмалармен таныстырып үлгердім. Математикада жеті модульді пайдалану барысында, оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз алдыма мақсат етіп алдым. Атап айтсақ оқу бар да, оқуды үйрету бар. Мұғалім өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы керек. Мұғалім оқыту ортасын осы мақсатта құруы керек, сонда оқушылар ақпараттарды енжар қабылдамай оқу барысында белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Енді өзімнің өткізген сабақтарыма тоқталатын болсам, біріншіден алдыма қойған мақсатым оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, терең ойлай білуге дағдыландыру, қабілеттерін жетілдіру. Тізбектелген төрт сабағымның тақырыбы «Натурал сандарды бөлу және көбейту», «Натурал сандарды бөлу және көбейту тақырыбын пысықтау», «Натурал сандарды бөлу және көбейту тақырыбына арналған есептер», «Натурал сандарды бөлу және көбейту тақырыбына арналған есептер». Ең бірінші мен сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырдым оқушылар шаттық шеңберге тұрып бір – біріне сәттілік тіледі. Тақырып бойынша біріншіден сыныпта диалог арқылы пікір алмастым. Өткен сыныптағы білімдерін қайталау арқылы еске түсірдім. Мерсер мен Литлтон (2007) білім деңгейінің өсуіне үлес қосатын сабақтарда, оқушылардың өз еңбектерінде диалогты қолдана алатындығын атап көрсеткен. Оқушылардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететін ол зерттеулер ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен жолдастарымен бірігіп жүргізілген жұмыстары үлкен нәтиже беретіні атап көрсетілген. Оқушыларды геометриялық фигуралар (үшбүрыш, төртбұрыш, шеңбер) арқылы үш топқа бөлдім. Оқушылар бір-бірінің үй жұмысын тексере отырып үлестірілген бағалау парақтарына өз жұптарына балдар қойып отырды. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыра отырып оқушылардың өздеріне мысалдарды қарастыруға тапсырма берілді.
Сыни тұрғыдан ойлау барысында көп таңбалы сандарға, екі таңбалы санды бөлуге арналған тапсырмаларды үш топ үш мысалды талдады, және кезек -кезек әр топқа «ЖИГСО» әдісі арқылы түсіндірді. Бірінші топтан Қ. А екінші топтан Т.А, үшінші топтан Ж. түсіндірген мысалдарымен оқушылардың келісетін, не келіспейтіні туралы сұрақ қойылды. Оқушылар толығымен толық келісетіндерін атап өтті. Натурал сандарды бөлу және көбейтуді пысықтауға арналған есептер беру арқылы шешімдерін табатынын атап көрсеткен әр топ оқушылары келесі тапсырманы орындауға үлкен қызығушылықпен кірісті. Дәстүрлі сабақтарға қарағанда, сыныптағы атмосфера қаншалықты өзгерісте екендігі көзге айқын көрініп тұрды. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларға арналған тест тапсырмаларын орындай отырып, дұрыс жауаптарды интербелсенді тақта арқылы тексере білді. Топ басшысы әр жұмыстары бойынша бағалау парақтарына балдық жүйеде баға қойып отырды, мен смайликтер арқылы оқушыларымды ынталандырып отырдым. Дарынды және талантты балаларға арналған «Құпия сөзді тауып сөйлемді шығару» тапсырмасында оқушылардың барлығы үлкен қызығушылық танытты. Жас ерекшеліктеріне қарай оқулық бойынша тапсырма бере отырып оқушылармен кері байланыс орната білдім. Берілген №111 есепте оқушылар үлестірілген флипчарттарға сурет сала отырып, натурал сандарды қосу жане азайту арқылы есептерді шешу жолдарын табу үшін үш топ жарысқа түсті. Әр топ есептердің жауабын нақты әрі дұрыс құрастыра отырып шешімін таба білді. Қарап отырған бала жоқ. Әркім өз үлесін қоса отырып қызығады. Сабақ соңында оқушылар әр тапсырмаларда алған бағалау парағында балдық жүйе бойынша әр топ өздерін бағалады. Әрине мен өз тарапымнан оқушыларды әр тапсырма бойынша ынталандырып, мадақтап отырдым. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орната алдық. Сабақ соңында оқушылар стикерлерге өз ойларын сабақтың ұнағанын, алда тағы да осындай сабақтар жүргізілуін өтініп жазу арқылы смайликте белгілеп көрсетті. Әрине мен мүмкіндігінше осындай сабақтарды жүргіземін. Бірінші сабақ бойынша оқушылардың шапшаңдығының болмауы ма, әлде көп ақпараттар болды ма уақытымды жеткізе алмадым. Екінші сабақта уақытқа ерекше назар аударамын деп түйдім.
Екінші сабағым «Натурал сандарды бөлу және көбейтуді пысықтау». Оқушылармен сәлемдесе отырып, бүгінгі сабақта оқушылар «Броуындық қозғалыс» тренингі арқылы үш топқа бөлініп отырды. Сыни тұрғыдан ойлау барысында үй жұмыстарын тексере отырып, миға шабуыл жаттығуын орындаттым. Көбейту кестесі арқылы. АКТ-ны қолдану арқылы сабақ тақырыбын мақсатын слайд арқылы көрсетілді.Натурал сандарды бөлу және көбейту тақырыптарын талқылап отырып үш топ бір-біріне сұрақтар қоя білді.
Мысалы. Көп таңбалы сандарды қосынды түрінде жаз. 5274=5000+200+70+4. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында тест жұмысы жүргізілсе, С деңгейлі оқушыға логикалық тапсырма болды. Мысалы: Аулада қой мен қаз жүр. Олардың бастарының саны тоғыз, аяқтарының саны жиырма сегіз. Аулада барлығы неше? қой неше қаз бар? Оқушылар ойлана отырып, С деңгейдегі Р оқушым бес қой, төрт қаз бар екенін айтты. Жауабын түсіндіре келгенде қойдың төрт аяғы бар, қаздын екі аяғы бар екенін түсіндірді. Тапқырлығын, сыни ойлауын байқадым. Ешкім де қарап отырмай әр түрлі пікірлерін қоса отырып топта диалог құра білді. Екі сабақ барысында да оқушылармен ынталандыру арқылы кері байланыс орнатылды. Сергіту сәті әр сабақ барысындағы оқушылардың шаршағандарын ұмытып, тынығып алуларына үлкен көмек беретіні оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл сабақ барысында оқушылар өздерінің сынып бойынша «Арива» билерін сергіту сәті ретінде көрсете білді. Оқушылардың көңіл күйлері көтеріліп, шаршағандарын басып, сабаққа бейімделе бастады.Үш топқа бөлінген тақырып оқушылар сабағымызда да постер салу арқылы топта диалог құра отырып жұмыс жасауына мүмкіндіктерін арттырды. Оқушылар мынандай ашық сұрақтарға жауап бере отырып постерлерін қорғады. Онда:
Натурал сандарды қалай баған түрінде қалай қосып, азайтамыз? (баған түрінде жазу) дәләлдеу.
- Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің анықтамасын айт. қалай түсінесіңдер? Формуласын жаз.
- Белгісіз көбейткішті табу үшін қандай амал қолданылады?(дәлелде)
- Белгісіз бөлгішті қалай табуға болады? Формуласын жаз.
Сабағымыздың соңында үш топ жинаған баллдары бойынша бір-бірін бағалады, және барлық оқушылар бұл бағалаулармен келісті. Мен өз тарапымнан оқушылардың жиынтық бағаларын қоя білдім. Сабақты қорыта келе оқушыларға жеке парақшалар таратып «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Не үйрендім?», өз ойларын жазады. Бұл сабақ бойынша қорытындылағаным сабақты слайд арқылы дайындап келгендіктен уақыттан ұтылмадым. Әр тапсырма слайд бойынша жасалған болса, ұстаздың өзіне де жұмысы жеңілірек болатынын байқадым. Келесі сабағым «Натурал сандарды бөлу және көбейтуге арналған есептер». Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөлдім. Мұндағы мақсатым оқушыларды математика тілінде сөйлеуге ықпал жасау. Сабақ үй жұмысын тексеру, миға шабуылдан басталды. Сыни тұрғыдан ойлана отырып оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбын аша білді. Сабақ тақырыбымен таныса отырып, оқушылардың өздеріне оқып шығуға тапсырма берілді. Кітаптан өткен тақырыптын ережелерін оқып, еске түсіріп дайындалуға екі минут. Алдын-ала дайындалған ашық сұрақтар барысында сабаққа қатысты «Тілші» ойыны ойнатылды. Әр топта бес бала болғандықтан оқушылардың бірі «Тілші», екіншісі «Сұхбат беруші», үшіншісі «Эксперт» болып рөльдерді бөліп алды.. Бұл тренинг сабақтың мақсатына жетуге үлкен көмегін тигізді. Атап айтсам екінші топта А оқушы тілші қызметін атқаруға кіріссе, Қ. А оқушым сұхбат беруші де, ал Б оқушым эксперт болып сұрақ жауаптарды жазуға кірісті. Бұл топтың басқа топтардан ерекшеленіп көзге түскен көрінісі, тапсырма берілісімен бұлар өздерінің рөльдеріне сай бейджиктерді жасап сол жақ төстеріне орналастырды. Оқушылар өзін-өзі реттей алды, және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылығы пайда болды. Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік берілді. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып А деңгейлік оқушыларға белсенді тақтадан өзіңді тексер есептері берілсе, В деңгейлік оқушыларға ребусты шешу, С деңгейге көбейту кестесі берілді. Қарап қалған балалар саны жоқ. Сабақта байқап қалған С деңгейдегі Н деген оқушым сабаққа қатысып оз ойын айта біді. Осы сабақ барысында М. деген оқушы сабаққа жақсы қатыса отырып ұстаз тарапынан мадақтаулар алды. Сабақ соңында оқушылар бір-бірін сағат тілі бағытымен бағалай отырып стикерге сабақ қызықты өткені жайында өз ойларын жазды. С деңгейлі Т оқушым бүгінгі сабақ ұнады, әсіресе сергіту сәті, «Тілші» ойыны қызықты болды деп өз пікірін жазыпты. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысуы керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер түзеп оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады». (3)
Соңғы сабағым «Натурал сандарға бөлу көбейтуге арналған есептер». Оқушыларға берілген сұрақтар бойынша «Бұл сабақ не туралы?», «нені білуіміз керек?», «не туралы ойлануымыз керек?» ой бағдар ретінде ұсына отырып, сабақтың сипатын ашуға, түсінуге, өзіндік ойлауы мен түсінігінің артуына жол сілтедім. Оқушылар оз ойларын толық жеткізе білді.
Жасырын сөзді табу тапсырмасын орындауда Ж. деген оқушым «Математика-ғылымдардың патшасы»сөзін құрастыра отырып оның авторы кім екенін атап өтті. Оқулық бойынша №361 жаттығуды орындау барысында тренинг «Кім бірінші» ойыны ойнатылды. Жалаудың басына кім бірінші жетсе сол топ «Супер машина» жүлдесінің иелері болатыны ескертілді. Жаттығуды орындау барысында Ж, Ф, С. өз топтары үшін бар күштерін салды. Ауыстырымдылық,терімділік қасиеттерін қолдана отырып тұжырымдарды дәлелдей алды. Натурал сандарды көбейту, бөлу тақырыбы бойынша алған білімдерін постерге сала отырып әр топ жұмыстарын қорғады. Тақырып бойынша сабағымызды қорытындылауда математика диктант болды. үш топ бір-бірімен жұптық жұмыс жасайды. Өз қателерін тауып бір-біріне түсіндірді. сұрақтар қою арқылы жауаптар алынды. Тест тапсырмалары мен логикалық тапсырмалар да сабақ барысында өз шешімдерін тапты. Оқушылар бір-бірін ынталандыра отырып жинаған балдары арқылы үш топ бір-бірін бағалады. Сабақты қорытындылай отырып сабақ ұнағанын, алда тағы осындай сабақтар күтетіндерін жаза отырып бағалаған.
Жүргізілген төрт сабақ бойынша мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді басты назарда ұстадым. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеументігімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. (4)
Әр сабақ барысында «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» әдістері бойынша оқушылар мен мұғалім арасында кері байланыс орната отырып, оқу барысында оқушылардың метатанымдық қабілеттерін арттырып, оларға білім алуына еркіндік бердім. Соның салдарынан олар түсіну, есте сақтау ұғымдарының әр-түрлі әдістері бар екенін мойындады. Себебі алғашқыда олар мұғалімнен көмек сұраумен болды. Кейін олар қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін түсінді. Оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесі мұғалімдермен тең әрекеттеседі, ақыр соңында мұғалімнің қызметін өздері атқара алса, бұл метатану әдістерін игерген оқушылар. Өздерін-өздері басқара отырып метакогнитивтік қабілеттері әр сабақ барысында дамып отырды. Бір-біріне түсіндіре отырып сұрақ жауаптар қоя білді, өз араларында қызу пікірталастар жүргізе білді. Үлгерімі төмен оқушылардың өзі топпен жұмыста өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Сабақтар барысында оқушылардың бастапқы білімдері басты назарда болды. Проблемаларды шешу барысында оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндіктер берілді. Берілген материалдар көлемі уақытқа сай болды, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, талдауға көмектесе отырып бағалау барысында ынталандыру арқылы кері байланыс орнатылды.Оқушылар бірінші сабаққа қарағанда үшінші, төртінші сабақ барысында математика тілде сөйлей отырып шапшаңдылықтарын арттыра білді. Өткізілген сабақтар барысында өз тарапымнан қателіктер де болды. Алғашқы сабақта материалдың көптігінен сабақ уақытқа сыймай қалды. Келесі сабақта осы қателікті ескере отырып, әр тапсырмаларды кезең-кезеңімен минуттарға бөліп қарастырдым. Сонымен, сабағымды аяқтап, оқушылармен жүргізілген жұмыстарымды қорытындылай келе, өз мақсатыма жеттім деп те айта алмаймын әлі де ізденіс керек екенін байқадым. Алға қойған барлық ойларым іске асты деп ойлаймын. Дегенмен, жағымды жағы да, жағымсыз жағы да болды. Бірі дұрыс болса, енді бірі бұрыс болып келді. Ойлаған тапсырмам өз деңгейінде өткені де бар, өтпегені де бар. Ендігі сабақтарда бұл қателіктер қайталанбайды деп сенемін. Осы жеті модульдің оқушылардың әлі де ізденуіне, ары қарай, шеберлігін шыңдауға үлкен үлес қосады деп болашақта ойлаймын . Мұғалімдер үшін де,оқушылар үшін де көп пайдасы бар екендігіне көзім жетті. Болашақта ұрпаққа саналы да, сапалы да тәрбие беру біздің міндетіміз. Осы бойынша болашаққа жетістіктерге жету үшін мен жалпы қорытынды шығара отырып, мен мынадай жоспар құрдым.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты тапсырмалар әзірлеймін.
Әр сабағымда жеті модульді кіріктіремін.
Оқушылардың сабаққа берген кері байланыстарын ескере отырып,сабағымды құрамын.
Әр сабағымда пайдаланған әдіс-тәсілдерді жүйелеп қорытынды жасаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 10бет
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41бет
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 30бет
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 53бет