Шылаулар мен шылау т?л?алас ?осымшаларды? жазылуы


Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы Сабақтың мақсаты:а\шылаулар туралы түсініктерін жете қалыптастыруә\шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажырата білуге үйретуб\білімдерін жетілдіру Дамытушылығы:қосымша тапсырмалар орындату арқылы ойлау, түсіну қабілеттерін дамытуКоррекциялық мақсаты: сөздік қорларын молайту, зейінділікке баулуТәрбиелілігі:адамгершілікке,ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: топшамалар, слайд Сабақтың барысы:ІҰйымдастыру бөлімі:Психологиялық дайындық:Қуанамын мен де,Қуанасың сен де.Қуанайық достарым,Арайлап атқан күнге.-Сәлеметсіздер ме балалар?-Отыра қойыңыздар.Бүгін сабағымызда шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы туралы оқып үйренетін боламыз. Ой қозғау:Сабағымызды бастамас бұрын менің сендерге бір-екі сұрақ қойғым келіп тұр.1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?2.Үстеу дегеніміз не?3.Шылау дегеніміз не?Мына сөздердің ішінен шылауларды тапЖеті,мен,туралы,кеше, үшін,әкел,дейін. Жарайсыңдар балалар!Олай болса бүгінгі тақырыбымызға көшейік.41-жаттығу.Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыр.Сөйлем мүшелеріне талда.Менде кітап бар. Мен де оқымын. Суыр тауда, далада мекендейді. Суыр тауда да, далада да мекен-Динада жақсы кітап бар. дейді. Дина да жақсы оқиды. Сәуле Сарамен бірге оқиды. Сәуле мен Сара бір сыныпта оқиды. Ереже: Да(де), та(те) шылау болса, атау септіктегі сөзбен байланысады да, бөлек жазылады: Күн де жылынды, көк те шықты. Да(де), та(те) жатыс септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады: Мал қорада тұр. Мен(бен,пен) шылау болса, бөлек жазылады: Қағаз бен қалам алды. Мен(бен,пен) көмектес септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады:Мен әкеммен сөйлестім. 42-жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз.Шылауларды және шылау тұлғалас қосымшасы бар сөзді тап. Шекпен Шекпен – тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім. Шекпеннен су да, жел де өтпейді.Су тигенде жүні ширығып, тығыздана түседі.Сондай-ақ ол өте берік болады. 43-жаттығу.Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.Шылау мен шылау тұлғалас қосымшаны тап.Қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуында қандай өзгешелік бар? Шын жүйрік торы ала ма, қара ала ма? Қара аланы босқа сен қаралама! Бермеймін қара аланы торы алаңа. Торы алаң оған таяу бара ала ма? Қара аланы босқа сен қаралама! Сергіту сәті: 44-жаттығу.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.Өрісте жаю – өріс те кеңейді, ауылда жүру- ауыл да өзгерді, күнде бару – күн де жылынды. «Кім шапшаң» ойыныЕкі әріп тастай отырып оқып, мақал құрастырып көр.Шыққан мақалда шылау кездесті ме? тыдудіғаңашаниужпаеаср Үйге тапсырма:46-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.Мәтіннен шылауы бар сөйлемдерді теріп жаз.Абай, Ыбырай,Әбіш туралы білетініңді әңгімеле. Бағалау:Оқушылар өздерін-өздері бағалайды.