Атмосфера,оны? ??рылысы,ауаны? ??рамы та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар


География
Сабақ № 39
Тақырыбы:
Атмосфера,оның құрылысы,ауаның құрамы Мектеп
«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар» орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні: 26.01.2017 Мұғалім есімі Нурабаева Наргиза Оралбековна
Сынып: 6 а,ә Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Оқушыларға атмосфера құрамын таныстыра отырып,атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін және маңыздылығын түсінуге ықпал жасау
Оқу нәтижелері Барлық оқушылар:
Атмосфераның құрамы және қабаттары, олардың бір-бірінен айырмашылығы және ерекшеліктері туралы біледі.Өз білімін өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана біледі,түсінеді,ажыратады.
Алдыңғы оқу Гидросфера
Жоспар АКТ,Сын тұрғысынан ойлау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Жоспарланған
Уақыт (45 мин) Жоспарланған тапсырмалар Ресурстар
Басталуы
10 мин 1.Жағымды психологиялық ахуал тудыру. Смайликтер салу арқылы бүгінгі көңіл күйлерін білдіреді.
2.Ауаның газ құрамы және атмосфераның қабаттары арқылы топқа бөлінеді.
Азот
Оттегі
Көмірқышқыл газы
Тропосфера
Стратосфера
Озон
3.Қызығушылықты ояту
Жұмбақтың шешімін табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Жерді тұтас көмкеретін,көрпе бар ма балалар?
Барлық жерді ораса да,өзі көрінбей қалар.
Бүктелмейді,оралмайды,ұсталмайды,көрінбейді,
Жауынды да,жарықты да өткізеді,бар екені білінбейді. (Ауа)
Оқулық, постер,
слайдтар,
суреттер,
«БББ» кесетсі,
стикерлер,
маркерлер.
Ортасы
25 мин
Мағынаны тану.
1 тапсырма: Атмосфера жайлы не білесіңдер?
Атмосфера жайлы нені білгілерің келеді?
«БББ» кестесін толтыру.
Білемін Білгім келеді Білдім

2 тапсырма. §26.78-79 бет. Мәтіннің 1-ші бөлімі «атмосфераның құрамы» бөлімін оқып шығады.
3 тапсырма.
58 сурет бойынша атмосфера қабаттарын атап шығады. «Моделдеу» әдісі арқылы әр топ атмосфера қабаттарына жеке – жеке сипаттама береді.Тақтаға шығып қорғайды.

1,2-топ: тропосфера;
3,4-топ: стратосфера;
5,6-топ: атмосфераның жоғарғы қабаты.
3 тапсырма. «Сандар сөйлейді».
- 55º С Тропосфераның жоғары шегіндегі температура
50-55 км Стратосфераның биіктігі
78 % Ауадағы азоттың мөлшері
1% Көмірқышқыл және басқа газдар
21% Оттегі
1000-2000º С Атмосфераның үстіңгі бөлігіндегі температура
0,03% Көмірқышқыл газы
11 км Трапосфера қалыңдығы
80% Ауаның құрамындағы трпопсфераның үлесі.
4 тапсырма. Тест сұрақтар арқылы алған білімдерін тексеру.
1. Атмосфера дегеніміз....... .
а) жердің тас қабаты
б) жердің су қабаты
с) жердің ауа қабаты.
2.Ауа көлемінің 78 % -ын .... алып жатыр.
а) азот б) көмірқышқыл газы с) оттегі
3. Тіршілік үшін ең маңыздысы
а) азот б) көмірқышқыл газы с) оттегі
4. Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы
а) азот б) көмірқышқыл газы с) оттегі
5.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты-
а)тропосфера б) стратосфера с)атомосфераның жоғарғы қабаты
6.Тропосфераның қалыңдығы орта есеппен қанша км.
а)12 км б) 13 км с) 11 км
7.Тіршілік үшін ерекше мәні бар озон қабаты атмосфераның қай қабатында орналасқан?
а)тропосфера б) стратосфера с)атомосфераның жоғарғы қабаты
8.Стратосфера қабаты қанша км биіктікке дейін барады?
а)50-55 км б) 60-65 км с)55-60 км
9.Атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы қанша градусқа дейін көтеріледі?
а)2000-2500 б) 1000-2000 с) 3000-3500
10.Күннен таралатын электр зарядтары атомосфераның биік қабаттарында қандай табиғи құбылысты тудырады?
а) жауын-шашын б) бұршақ с) поляр шұғыласы.
Жауаптары: 1 С, 2 А, 3 С, 4 Б, 5 А, 6 С, 7 Б, 8 А, 9 Б, 10 С. Аяқталуы
10 мин Рефлексия.
«БББ» кестесіне бүгінгі сабақта нені білгендерін жазу.
Үйге тапсырма: §26 Оқу,мазмұндау.Қазақстанның қай аймақатырының атмосферасы тым ластанған? Оған өзің жауап іздеп көр.
Бағалау.
Тексерілді: