Презентация Жа?сылы? жасай білейік


Жақсылық жасай білейік Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.Міндеттері: 1.Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасау туралы білімдерін толықтыру.2.Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;3.Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу Нұрға бөленуСабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті Үй тапсырмасын тексеру№16 «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу, мазмұнын айту. 79 бетЕртегі не туралы?Жақсы қасиет дегенімізді қалай түсінесіңдер?Жаман қасиет дегенімізді қалай түсінесіңдер? Ертегіден адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалай көреміз?Өз өмірлерінде осындай жағдайлар кездесті ме? Дәйексөз.«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Халық мақалы(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4 рет айтып шығады)Балалар, жақсылық жасау деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Жақсылық жасау деген не?Жалпы адамның бойында қандай қасиеттер болады?Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгiмелеу “Бұлақ сылдыры” М.Көккөзов 1. Әңгіме не жайында айтылған?2.Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?3. Сендер солай жасар ма едіңдер?4.Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?5. Бүгінгі күнде бізде осындай жағдайларды кездестіреміз бе? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-ші топқа «Жақсылық тамшысы»  Оқушылар тамшыға өздері жасаған жақсы істері туралы жазады. Оны тақтаға іледі. Оның үстіне дария суреті бар плакат ілінеді. 2-ші топ. Қарлығаш пен дәуіт Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ... Топпен ән айту.Ертегілер әлемі  Айгерім Қалаубаева Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін, Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, Нұрына шомылдым бүгін. Жұлдыз, айы көркем, Әдемі еді неткен, Құстары сөйлейді, Бұлттары тербейді, Мен оянып кеттім, әттең! Қ/сы: Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Гүл тердім бұлттардан, Әр гүлде бір арман, Таусылмайтын тәтті, Сыя келіп жатты Жан біткеннің бәрі маған.  Үй тапсырмасы.№17 Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 83 бет. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады