Открытый урок Жа?сылы? жасай білейік



Сабақтың мақсаты :Балаларды өздерін емін-еркін ұстауға ,өз ойларын ашып айта білуге , бір-бірімен жақсы қарым -қатынас жасауға, сыпайылыққа тәрбилеу. Барлық адамгершілік қасиеттерді бала бойына сіңіру.Алған әсерлерін бөлісе білуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі :
Психолог: Кәне балалар бәріміз шеңбер бөлып тұрамыз.Шаттық шеңберін құрмыз.
Қуан шаттан , қүан шаттан .
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн досым
Ендіше балалар жұп болып жұптасып тұрамыз. Балалар бір –бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайміз.
Бәріміз алақанымызбен сәлемдесеміз, иықтармызбен ,арқамызбен сәлемдесеміз .Аяқ-аяққа ,құлақ-құлаққа,мұрын-мұрынға.Енді бәріміз бір-бірімізді құшағымызға басамыз.
Балалар көңіл күйлерің көтеріліп қалған шығар.
Жақсы балалар .Балалар бізде көптеген қонақтар бар кәне бәріміз қонақтармен сәлемдесейік.
----Сәлеметсіздерме.
Ал енді балалар сендерді қалаған түстеріңді таңдаңдап ,яғни қызыл түсті таңдағандар қамқорлық тобына, сары түсті таңдағандар кішіпейілділік тобына жайғасып отырыңдар .
Жақсы балалар .Балалар бәріміз орындарымызға жайғасып отырамыз.
Балалар өзімізді еркін ұстаймыз . Бір сәт тыныштықта отырып , одан кейін қиялға шомамыз.
Балалар сендер өздеріңді үлкен бұлыттың ішінде өмір сүретін тамшылармыз деп елестетіңдер .Бұл кішкентай тамшылар өте көңілді ,әрі қуанышты . Барлығына жақсылық жасайтын су тамшысы болған қандай жақсы . Сендердің әр қайсыларың кішкентай сиқырлы тамшылардан жаны жақсылыққа толы балаларға айналып өз топтарыңа оралдыңдар .Жайлап көздеріңді ашыңдар балалар . Балалар сендер не елестеттіңдер, не көрдіңдер .
Балалар жауабы .
Мен тамшы болып өзендерді , көлдерді суға толтырдым т.б.
Ендіше балалар седер « жақсылық жасай білейік» дегенде нені түсінесіңдер .
Үлкендерге көмектесіп , кішкентайларға ізет көрсетуді .Қарияларға көмектесуді .
Кішкентайларды қорғап қамқорлық көрсету .
Сен жақсылық жасағаннан кейін жақсылығыңның ақысын сұрама , ол саған бір күні қайтып келеді .
Жарайсыңдар балалар сендер жақсылық жайлы көптеген нәрселер біледі екенсіңдер .
Жақсылық жасау дегеніміз өздерң айтқандай теққана адамдарға ғана емес қөршаған ортаға , айналамыздағы барлығына қамқорлық көрсету , қайрымды болу .
Адамдар бір біріне тез-тез жақсылық жасай білсе, онда адамдар бір –бірімен дос ,бауыр болады бірін –бірі сыйлап жүреді .
Балалар жақсылықты риясыз жасауымыз керек .Істеген ісімізге ақы сұрауымыз керекпе ?
--Жоқ.
Әріне жоқ балалар, Істеген жақсылық еш қашанда зая кетпейді . Істеген ісіміз түбінде біздің алдымыздан шығады екен сондықтан еш қашанда қолдарыңнан келген жақсылықтарыңды сатпаңдар, қодарыңнан келгенше жақсылық жасап , көмектесуге тырысып жүріңдер .
Қәзір сендердің алдарыңда тамшылар жатыр . Жаңа ғана біз сендермен сыйқырлы тамшыларға айналып өз топтарымызға оралдық, сол тамшыларды көз алдымызға елестетіп , алдарыңда түрған тамшыларды алып істеген жақсы істеріңді айтып тақтаға келіп тамшыларды өз орындарына ілеміз .
Балалар жауабы.
Өте жақсы балалар .
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиет болу керек .
Балалар қазір біз сендермен мынандай шығармашылық жұмыс жасаймыз .
Бірінші топ сендер жақсылық үйін құрастырасыңдар .Ол үйге жақсылық жасайтын адамдардың бойындағы қасиеттерді айтып өз орнына ілесіңдер .
Ал екінші топ жақсылық гүлін құрастырасыңдар .Ендіше балалар барлықтарыңа іске сәт.
Біздің жақсылықүйіміз дайын екен .
Топтың атынан бір баланы тақтаға шақырамыз , келеғой .
Біз жақсылық үйін құрастырдық бұл жақслық үйінде :Мейрімді , көпшіл, іззетті , мәдениетті бауырмал , тату адамдардың тұрғанын қалаймыз .
Балалар жақсылық үйінде қандай адамдар орналасты .
Балалар жауабы .
Балалар әр біреулерің үйіңе осындай жақсылықтарды тілеймін , үйлерің толған қуаныш болсын .
Келесі топ жақсылық гүлін құрастырыпты.
Топтың атынан бір бала тақтаға келеғой .Бәрекелді .
Бұл жақсылық гүлі жақсы адамның қолында өседі. Бұл гүлдің бойында адамдарды қайрымдылыққа , бауырмалдыққа , еңбексүйгіштікке , адалдыққа шарлайтын қасиеттер мол .
Осындай жақсылық гүлдері осы жерімізде, балабқшамызда , отанымызда шайқалып өсе берсін деп тілейміз.
Жақсы адамның қолында өсген гүл әр қашан құлпырып ,жайнап жан-жағына шуағын шашып ,қуаныш сыйлайды .
Жарайсың балапаным жақсылық гүлін ілеғой .
Барлық жақсылық айналаңдағы адамдарға мейірімді болудан басталады . Ал бұл ретте әр - бала жүрегіндегі ақ ниетімен жылы лебізімен бөлісуі оның көңілінің тазалығының көрсеткіші екені анық .
Ендіше балалар мен сендерді жүректен -жүреке шейін шеңберіне шақырамын.
Мен осы бала бақшамыздың алдынғы қатардан көріне беруін тілеймін.
Достарымыз көп болсын .
Жер анада бибітшілік орнай берсін .
Аспанымыз ашық болсын
Әр қашан да жақсылық біздің жолдасымыз болсын (балалар хормен).
Балалар осы айтқан тілектерің қабыл болсын . Жүрегіміз текқана жақсылыққа толы болсын деп тілеймін .
Балалар бүгінгі біздің тілегіміз қабыл болды деп ойлаймын.
Бір-бірлеріңе жақсылық жасаудан жалықпасаңдар өмірде сыйластық , бибітшілік болады . Ал қоғамда қамқорлық, сүйіспеншілік қасиеттері қалыптасады екен .
Балалар барлығымыз орындарымызға жайғасып отырамыз. Балалар мен сендердің бүгінгі ашық-іс әрекете көңіл –күйлерің қандай болғанын көңіл-күй бейнелері арқылы белгіліп көрсетсеңдер .
Ендіші бәріміз белгіленген суретті жоғары көтереміз . Бәрімізде көтеріңкі көңіл күй екен. Балалар осы көтеріңкі көңіл күйменен , жақсылық қасиеттерін сыйлап жүрулеріңе тілектеспін.

Бекітемін:
«Шапағат» балабақшасының
меңгерушісі : Татишбаева Ж
Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан Облысы Сайрам ауданы әкімдігінің Сайрам аудандық білім беру бөлімінің «Шапағат» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектеп алды даярлық «Қарлығаш»тобы
Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Психолог : Рустемова Н
2013-2014ж