Сыныптан тыс ашы? саба? ?дептілік-отбасынын басталады(2класс)


Сабақ жоспары:
Сыныбы: 2ә
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-отбасынан басталады
Сабақтың мақсаты:
Ата-анамен тілдесіп оларды ынталандыру,ортақ шешімді анықтау.Ата-аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алмасу.
Бала тәрбиесінің алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың басты ұстазы екенін түсіндіру. Ата-ана, ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланысты қалыптастыру.
Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ата- анасын қадірлей, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер. «Таяқтау оңай,тәрбиелеу қиын» , «Бала нені білсе жастан,ұядан-өле өлгенше соны таныр қиядан»
Сабақтың құрылымы:
I.Кіріспе
II. Видео көрініс
III. Ата –аналар пікір алысу бөлімі
IV. Әдеби монтаж
V.Концерттік бағдарлама
VI. Қорытынды
Сабақ барысы:
Жарқын:
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз

Осынау іс-шараға келіпсіздер жиналып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне
Ұлың өсіп келеді, ата- ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.
Бақтияр:
Қыз бой жетіп келеді шуақ шашып әр үйге
Гүлдей болып өссінші сыйлы болып бәріне.
Ата- ананың жүрегі «бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады
Мұғалім:
Баланың бас ұстазы ата –ана. Ұлтымызда « Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. « Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке -отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп оларды бақытқа бөлейді. Ата- анаға баладан артық ештеме жоқ. Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко т. б. Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?
-Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.
Ой қозғау-Бала деген кім?Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады.
Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. Қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата -ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек Гүл теруге шығайық!(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.Сұрақтар:1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? т. б «Танып ата»? ойыны.Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата - аналар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады. -Кезекті оқушылар пікіріне берейік:
Сабағымызды жағдаяттардан шығумен жалғастырамыз.
1) Оқушылар үшін: Мектепке келер жатыр едің сабақ басталуға 1 минут қалды байқамай балшыққа жығылып қалдың. Сенің іс- әрекетің.
2) Бірге оқитын ең жақын досың мектептің пердесін үзіп тастады, сен көрдің мұғалім бәріңнен сұрап жатыр ешкім үндемейді. Сенің іс-әрекетің.
3) Бірге оқитын ең жақын досың мектептің пердесін үзіп тастады, сен көрдің мұғалім бәріңнен сұрап жатыр ешкім үндемейді. Сенің іс-әрекетің.
4) Сен жақсы оқисың. Бір күні сабақтан 2- деген баға алып қалдың.
Ата –анаң қол қоятын күн. Сенің іс- әрекетің.
Мұғалім:
Бала тәрбиесіндегі мына қателіктерге жол бермеу.
1. Баланы орынсыз еркелету.
2. « Не істесең оны істе. Маған бәрібір»- деп айту.
3. Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек өйткені мен сенің ата- анаңмын» - деп айту.
4. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін»- деп айту.
5. « Саған қарауға уақытым жоқ» - деп айту.
6. Балаңыздың ісіне көңіл- күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл – күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.
«Жазалау» ойыны (4 ата-аналарға сұрақ)
1. Балаңыз мектепке сіздің көзіңізше мұғаліммен дауыс көтеріп айқайласты. Іс- әрекетіңіз.
2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты. Оны көршіңіз сізге келіп айтты. Іс-әрекетіңіз.
3.Жасы кіші балалардан ақша сұрап алады екен.
Оны сізге ол балалар айтты. Іс- әрекетіңіз.
4 Бүгін ата- аналар жиналысы. Сіз бара алмай қалдыңыз. Балаңыз үйге келген сон келмегеніңізге ренжіді. Іс- әрекетіңіз.
Әке ол-ұлына мақтаныш, ананың аялы алақаны- қызына сағыныш» дегендей, бала болашағына көз жүгіртсек.
IV. Әдеби монтаж.
Шолпан: Алдымен сүй, ардақта ата- анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғұлама
Мейіріммен ата- ананың жасалады
Сая: Ата-анасын сағынар жырақ жүрген баласы,
Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен.
Екеуінің қуанышы, тілегі,
Әр қашанда бір арнадан табылған.
Жарқын: Арманым едің аңсаған
Әкелсем бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуанышы,әке, сен маған
Сержан: Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты боп жүр әке
Ұзақ болсын ғұмырың
Аршын: Ақ жаулығын қымбат маған анашым
Тірегімсің, сүйенішім, анамсың
Шапағатың сәуле болып төгілген
Ақылы мол мейірімді данасың
Жанна: Аналарды құрметтейміз, елейміз
Аспандағы ай мен күнге теңейміз
О аналар, сіздерді үлгі тұтып
Бақыт пен денсаулықты тілейміз
Бақтияр: Ата- анам, бақытымсың, барымсың
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың
Жалғасындай ата- ананың балалар
Жақсы атымен бар әлемге танылсын
Балым: Ұлың өсті ержетті жігіт болып,
Қызың өсті бой жетті үміт болып
Мың алғыс ата – анаға біз арнаймыз
Өнерлі болып өсеміз ақыл толып
Гүлсезім: Бақытты отбасы- келешек кепілі
Тәрбие- бұл жұмбақ шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету
Әрқашан да үлкендердің міндеті
Еркебұлан: Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып қайғыңа кұйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын
Перизат: Бойға қуат береді
« Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді
Томирис: Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын бәріңді.
Айбек: Ойнаймыз, күлеміз
Жарқырап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
Жанерке: Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе
Көркем: Аңсаймын жылы сөзіңді
Ақылшым болған кезіңді
Есімде әке сақтаймын
Асқар биік сөзімді
Дидар: Анам маған- Үлкенді сыйла, -деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем
Әлихан: Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда жан әке,
Өзіңмен бірге жүремін.
Әли: Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата- анаң айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.

Шаттық шеңбер: Жүректен- жүрекке ата-анаға арнаған ыстық сезімдерін,тілектерін балалар жүрек бейнесіндегі суретке жапсырады.
Концерттік бағдарлама: Кезекті ән- шашуымызды қабыл алыңыздар
Ән: «Біз әдепті баламыз»
Би: Айгөлек –Нұрәлім Томирис, Тұрғанбай Сая.
Қорытынды:
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Бүгінгі сабағымызға қатысып, ой бөліскен барлық ата- аналарға алғысымызды айтамыз.