Біз ?депті баламыз (Мектепалды даярлы? тобы)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі:Әдептілік әлемі
Тақырып : «Біз әдепті баламыз»
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Балабақша : «Таңшолпан» балабақшасы» Күні:
Тәрбиеші: ________________________ тобы:« » тобы
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеттері
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді тыңдасаҮлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де. Балалар бірге қайталап отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Дәйек сөз
Мәтінмен жұмыс
Әңгімелесу
Сергіту жұмысы
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.«Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан.Сен де бір кірпіш дүниегеКетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалар туралы тақпақтар біледі:
1-бала
Сыйла үлкен кісініҚамқорлыққа ал кішіні.Сақтап көше тәртібін,Бағдаршамның ал тілін.Әдет қыл бұл ісіңді,Тазалап жүр тісіңді.
2-бала
Атам маған қашан да,Кішіпейіл бол деген.Ата сөзі санамда,Мақтанбауды жөн көрем.
3-бала
Өзгелерден өзімді,Санамаймын жоғары.Артық айтып сөзімді,Желпінгенім жоқ әлі.
«Жалғастыр» ойыны:«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.1. Үлкендердің алдын -2. Кішкене баланы -3. Құстарды -4. Қыз баланы - Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар әдептілік туралы тақпақ айтады
Ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті-түзерушілік
Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек. Күтілетін нәтиже: Әртүрлі жұмбақтарды тез шешу арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін түсінді.