Т?рбиелік шара: Т?уелсіздік ел тілегі


Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
00Тәрбиелік шараның тақырыбы:
Тәрбиелік шараның тақырыбы:

-38220028998«Тәуелсіздік- ел тілегі»
0«Тәуелсіздік- ел тілегі»


2016-2017 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Ақпараттық: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірі, ерлігі туралы айтып, ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы меңгерту
Ә) Коммуникативтік: Елін, жерін, тілін құрметтейтін өз отанын сүйе білетін азамат қалыптастыру, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлігіне мәңгі құрмет көрсетуге баулу, оқушылардың сқйлеу мәдениетән, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Б) Проблеманы шешу: Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу, Желтоқсан окиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге уйрету, достыққа, ұйымшылдыққа дағдыландыру.
І- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ауылдастар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің «Тәуелсіздік- ел тілегі» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
І жүргізуші: Жылдар бойы бостандыққа шөлдегенХалқым менің не қасірет көрмеген.
Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,
«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.
ІІ жүргізуші: Елім менің сонда қорқып ықпаған,
Намыс туын құлатпаған, жықпаған.
Үш биі мен батырлары қазақтыңЕліміздің іргетасын нықтаған.
І жүргізуші: Алашқа арнап мақсаты мен арманынҚазақ үшін қиды қыршын жандарын.
Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, ӘлиханТеңдік үшін қиып қасық қандарын.
ІІ жүргізуші: Қаһарманын ұмытпайды халықтарӨткен күнді тарихымыз анықтар.
Ерлігіңе тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
Көрініс: «Жастардың алаңға шығуы»
І жүргізуші: 1986 жыл 16 жетоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
ІІ жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
І жүргізуші: Қайрат сынды қазағымның ұлдары,-
Ләззәт сынды нәзік жанды қыздары.
Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай
Басын қорғап бұқпантайлап тұрмады.
ІІ жүргізуші: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Ән: «Бұлқынды жүрек, бұлқынды» Роза Нағымқызы, Айнаш Төлеуқайырқызы
Қобыз: «Жезкиік» Сейтонова Ақбота
І жүргізуші: Қазақстан ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жарқырап тұр. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылған қазақ даласында ынтымақтастық атты туды биікке көтеріп өзге ұлт өкілдері де мекендейді.
Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Туған жеріміз Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.
ІІ жүргізуші: Қазақтың арайланып азат таңы,
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үкілеумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарды.
І жүргізуші: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан - алтын бесік Отаным,
Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.
Қадырбеков Нұрбек пен Нұртаза «Ассалаумагалейкум»
Көрініс: «Ұлттар достығы»
Ән: «Қазақтай ел қайда» Ибраев Назбек
Би: Үнді биі 9 сынып оқушылары
ІІ жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге самғады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
І жүргізуші: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!
Күй: « » Қадырбеков Нұрбек пен Уахитов Марғұлан
Би: Қазақ биі Жақан Әзиза мен Сариева Айя
І жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім. 
ІІ жүргізуші: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 
«Айта берсін» токшоуы
Қазақ биі 9-11 сынып қыздары
І жүргізуші: Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып
Ызғар ұрып жанбай қалған шығары
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік! Берекенің біл басы
Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы
Қазақстан, сен бір елсің жаһанға
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы
Арнау өлеңдер
Хор: Жас Ұландар
І жүргізуші: Ертеңіне бұрғанда бетінді
Ұлы ерлікке буған белің бекінді
Тәуелсіздік хабаршысы Желтоқсан
Тарихыңның жаңа беті секілді.
ІІ жүргізуші: Таңғажайып атың да дәл табылды
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі, көкке жетті көк туың
Сен – тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Би «Смуглянка»
Әскери ойын
І жүргізуші: Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.
ІІ жүргізуші: Енді міне қазағымның таңы атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
І жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!
Хор: Көк тудың желбірегені
Бірге: Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!