Математика Екі ?рнекті? ?осындысы мен айырмасыны? квадраты


Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің қосындысымен айырмасының квадраты»
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік:Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару , білік дағдыларын қалыптастыру , есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.
ІІ.Дамытушылық:Өз бетіне білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызыығушылығын арттыру.
ІІІ.Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып,оларды шыдамдылыққа, дәлдікке,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабаққа қолданған әдістер: топтық, проблемалық ситуацияны шешу.
Сабақтың типі:Интегралдық
Пәнаралық байланыс:экология, информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, белсенді тақта, активоид, компьютер.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ. 1 Ой қозғау сұрақтары
2 Проблеммалық ситуация
3 Формуланы пайдалану
IV.Жаңа сабақты бекіту.
1.Тест жұмысы
2.Математикалық лото ойыны
3.Үлестірме карточкалар «Бос орынды толтыр»
V.Қорытындылау: \Рефлексия\
VI.Үйге тапсырма
VII.Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту мақсатында логикалық есептерді интерактивті тақта арқылы көрсетіп жауап берулерін сұраймын.Сұрақтар
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Қайталау сұрақтары,үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріледі.
ІІІ.Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау сұрақтары Слайд
a22ax (a+c)2Д 72(4x)2
O c22cd (c-2)2Ә0,32(3a2)3
0,62 3ab a2-c2Р0,13(0,3x5)2
Қ (7x)2 4xy 0,52-b2Е(1\2)3(2x3)4
m2 ac x2-36 ЖЫ n36ak a3+c3Е
23 Л
32 Е
2.Проблемалық ситуация арқылы жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа да төмендегідей тапсырмалар беремін.Әр қатарды бір топ деп тақтаға берілген тапсырманы орындауын сұраймын.
І.топ:(m+n)(m+n) ІІ.топ:(x-y)(x-y) ІІІ.топ: (c+d)(c+d)
Нәтижесін талдап,қорытынды жасаймыз.
Қорытынды: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты...қорытынды оқушылар өздері жасауы тиіс.
3.Формуланы пайдалану.
Жақшаны ашу мен көбейткіштерге жіктеу және теңбе-тең формулалар туралы айтып,
Мысалмен формуланың қолданылуы көрсетіледі
Қысқаша көбейту формулаларыҚысқаша көбейту формулалары Теңбе-тең
Жақшаны ашу Көбейткіштерге жіктеу формулалар
(a-b)(a+b)=a2-b2 a2-b2=(a-b)(a+b) (a-b)2=(b-a)2
(a+b)2=a2+2ab+b2 a2+2ab+b2=(a+b)2 (-a+b)2=(b-a)2
(a-b)2=a2-2ab+b2 a2-2ab+b2=(a-b)2 (-a-b)2=(a+b)2
Жаңа сабақты бекіту.
Тест жұмысы активоид құрылғысы арқылы орындалады.
1.25a2-20ab+16a2 өрнегін жікте:
a) (5a-4b)2б (25a-16b) (25a+16b) в(5a+4b)2
2.(2x-4)2 жақшаны аш
А)2x2-4y2 б)4x2-16y в)4 (x2-4x+4)
3.Жұлдызшының орнына *-2a2b2+*тиісті мәнін қой
А)(a)(b) б) (2a)(b) в)(a)(2b)
4.Өрнекті ықшамда: (x-y)2-(x+y)2
a)-4xy б)2x2y2 в)-4x2y2
5.Теңдеуді шеш:x2-225=0
а) X1=25 X2=-25 б ) X1=15 X2=-15 в)X1=35 X2=-35
Математикалық лото ойыны
Әр топқа сурет бөліктерімен кесте беріледі.Бөліктің артына жазылған есепті шығарып оны кестедегі өз орнына өойады.Құрастырылған сурет бойынша ортақ тақырыпты айтады.
І.топ Әлемде,ІІ.топ Қазақстанда,ІІІ.топ.Алматы облысында болған экологиялық апаттар туралы айтады.
2.Тапсырмалар
І-топ (X-3)2
(2y+1)2 (a+0,2)2
(0,1x-3)2 (a-1\3)2
(y+2\5)2
ІІ-топ (x+3)2
(2y-1)2 (a-0,2)2
(0,2y+3)2 (a-1\2)2
(y-2\3)2
ІІІ-топ (y+5)2
(2-3y)2 (а+0,4)2
(0,5-x)2 (a+1\3)2
(y-2\5)2
Үлестірме карточкалар «Бос орынды толтыр».Әр топқа үш тапсырмадан беріледі.Жауаптары тақта арқылы тексеріледі
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
?+?+16=(3+?)2 (?-7)2=a2-?+? 992=1000-?+1
342-152=(?-15)(34+?) 862-2*36*86+362=(?-?)2 (a+?)2=?+?+4b2
(?-2)(?+2)=a2-4 a2-?=(?-5)(?+5) 2500+?+1=512
V.Қорытындылау
-Енді «табыс ағашын отырғызайық». \Тақтада ағаштың суреті\
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген формулалар,жасыл желек-экология,ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз.Оқушылар алдын ала қағаздан үш түсті алма жасап әкеледі.
Жасыл алма:Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім
Сары алма:Тақырыпты түсіндім,бірақ есептеген кезде қиналамын
Қызыл алма:Сабақ маған түсініксіз.
VI.Үйге тапсырма:
1.178есеп жұп нөмірлер,179тақ нөмірлер
2.5-ке аяқталатын екі таңбалы сандардың квадратын тауып жазу және ортақ заңдылықты анықтау.
3.Оза шығаратын оқушыларға тапсырма 168есеп
VII.Бағалау